Материалдар / Дос болам десең, досымды сыйла қымбаттым!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дос болам десең, досымды сыйла қымбаттым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға, адал дос болуға баулу, коммуникативтілікті дамыту. Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы оқушылардың достық қасиеттерін ұштастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
89
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақтың тақырыбы: «Дос болам десең, досынды сыйла, қымбаттым!» Сыныбы: «5Ә»

Мақсаты: Оқушылардың арасындағы жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға, адал дос болуға  баулу, коммуникативтілікті дамыту. Достықтың адам өміріндегі өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру арқылы оқушылардың достық қасиеттерін ұштастыру. Көрнекілігі: интерактивті  тақта, слайд, нақыл сөздер, шарлар


Мұғалім: Жалпы дос дегеніміз кім, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. Ал, ежелгі грек философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай деген екен: «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес».
-Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды білейік. Сендер қалай ойлайсыңдар?

Дос деген кім?

Дос қандай болу керек?

Шын дос болу үшін адамда қандай қасиет болу керек?


Д – дүниедегі
О – озық ойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас.

Мұғалім: Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен:
-Достық нешеу?-деп сұрапты.
Әйтімбет:
-Достықтың 2 түрі болады. Бірі-адал достық, екіншісі-амал достық, -дейді.
-Дұрыс – ақ енді оларды қалай ажырата аламыз?
Шешен:
- Адал достық-өмірлік нұсқа,амал достықтың өрісі қысқа-деп жауап беріпті.
Осыны қалай түсінесіңдер?

Топтық жұмыс: Ал енді достықты бір нәрсеге теңеп көрейікші. Теңеген затымыздың суретін салайық. Сосын сол бойынша түсіндірейік. Мысалы: күн, қазына, кітап, жүрек, гүл.





Мақалды жалғастыр.

https://wordwall.net/ru/resource/67620777

  1. Аққуды атпа, ...

  2. Дос жылатып айтады, ...

  3. Досы көпті жау алмайды, ...

  4. Күлме досыңа, ...

  5. Ағаш тамырымен, ...

  6. Досы көппен сыйлас, ...

  7. Есептескен дос ...

  8. Айырылмастай досына, ...

  9. Дос басқа қарайды, ...

  10. Жүз теңген болғанша, ...


Жауаптары:

  1. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

  2. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.

  3. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

  4. Күлме досыңа, келер басыңа.

  5. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

  6. Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас.

  7. Есептескен дос болмас.

  8. Айырылмастай досына, қайырылмастай сөз айтпа.

  9. Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

  10. Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын.


Сәйкестендіру: Оқушылар шынайы достық бойында болуы керек және болмауы керек қасиеттерін ажыратып, сәйкестендірулері керек.

https://wordwall.net/ru/resource/67620505

Ән: Айбек Қайбулла - «Менің досым» әнін оқушылармен орындау.

Мұғалім: Бұл әннен қандай қорытынды шығарар едіңіздер?

Керек  кеңес: *Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. *Досыңды алдамай, оған адал бол. *Досыңды қорлама. *Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. *Досыңды барда да сына, жоқта да сына. *Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қорытынды: Айнымас досы бар адам ең бақытты адам. Досы уәдесіне берік болса, қолынан келген көмегін аямаса, жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да мүмкін емес.

М.Мақатаев «Дос болам десең» өлеңі. Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Рефлексия: «Досыма хат» әдісі арқылы оқушылар досына жылы лебіз тілегін жазады.



Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі











Тәрбие сағаты

Тақырыбы:«Дос болам десең, досынды сыйла, қымбаттым!»



























2023-2024 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!