400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дос болам десең, Досынды сыйла, қымбаттым!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға дос туралы түсінік бере білу. Сыйластық пен әдептілікке бір қадам жақын тарту. Шынайы достық пен жалған достыққы ажырата білуге үйрету. Адал дос болудағы қасиеттер қандай?
Материалдың қысқаша нұсқасы




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшісі: Ұлпан Жұмағалиевна



Тәрбие сағатының жоспары




Тақырыбы: “Дос болам десең, Досынды сыйла, қымбаттым! ”

Өтетін орны: «№8 Көркем-эстетикалық білім беру және тәрбиелеу ЖОББМ» КММ

Сынып: 5 «Б»

Мерзімі: 12.10.202

Тобы: 24

Машықкер: Серғазина Алуа Мұратқызы

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)








Семей 2021ж.

Тәрбие сағатының мақсаты: Достық сезімді бойларына сіңіріп, достық қарым қатынастарын, бір-біріне деген сыйластығын, сүйіспеншілігін арттыру.


Тәрбие сағатының міндеті: Досқа деген адалдық сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

Жалпы достық туралы түсінік қалыптастырып, өз ойын еркін жеткізе алу.








Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: топтық жұмыс, ой толғау.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап,

Көрнекілік: суреттер, стикерлер, түрлі түсті қарындаштар, фломастерлер, А3 форматы


Тәрбие сағатының құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі 1-3 минут

- «танысу» тренингі» (алғашқы рет, басқа сағаттарда ауыстыру) 3-5 минут

ІІ. Негізгі кезең (сынып жетекші белгілеп берген уақытты пайдалану) 10 - 20 минут

-

-

-

ІІІ. Қорытынды кезең 1-3 минут

  • Рефлексия 1-3 минут


Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз қалай? Мен Семей қаласы М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Шетел тілі пәнінің мұғалімі» мамандығы 24 топ студенті Серғазина Алуа Мұратқызымын. Сіздермен тәрбие сағаттарын өткіземін. Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы “Дос болам десең, Досынды сыйла, қымбаттым!”.


ІІ. Негізгі кезең

Берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салады.

1. Дос деп кімді айтамыз?    

 2. Оқушылар арасындағы достықты қалай түсінесіңдер?    

  3. Кек сақтамайтын дос қандай дос?

 

Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін. (Омар Хайям)    



Ойын. Оқушыларды 3-топқа бөлу арқылы әрбір топқа пазл суреттер таратылады, сол суреттерді балалар тауып, не бейнеленіп тұрғанын айтады.


- Ой қозғау


Жағдаяттан шығу.
1-топ.

Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің?


2-топ.

Досың екеуіңнің араларыңа 3-адам килікті және енді досың көбірек сонымен бірге болып, бірге жүретін болды. 

Бірақ 3-адам саған ұнамайды. Бұл жағдаяттан қалай жол табуға болады?


3-топ.

 Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгіме-дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның “тез қайт”- деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?


Қорытынды

Дос болам десең ...




Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып
сонда тұрмақпын.

М.Мақатаев


 

Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.



  • Рефлексия

  • Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, “Достық шаңырағына” жабыстырады.

Сонымен балалар бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті. Сендерге сабақ ұнады деген үміттемін. Әрқашан адал достықты бағалайтын, өздерің адал дос бола алатын мықты азамат,азаматша болуларыңа тілектеспін. Сау болыңдар!





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.10.2021
1403
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі