Материалдар / «Дос болу, үйлесімді өмір сүру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дос болу, үйлесімді өмір сүру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға достық туралы түсіндіру. Достық қарым-қатынас орнатуларына ықпал ету. Өмірде адал,шыншылдос таба білуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
464
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шаншарова Күләш Аблаққызы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,

Бозой жалпы орта білім беретін

мектебінің әлеуметтік педагог

және өзін-өзі тану мұғалімі

«Дос болу, үйлесімді өмір сүру»


Мақсаты:

Оқушыларға достық туралы түсіндіру. Достық қарым-қатынас орнатуларына ықпал ету. Өмірде адал,шыншылдос таба білуге баулу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар айналасындағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас жасау,өздерінің жағымсыз мінездерін анықтай отырып,тәртіп нормасын сақтау, жолдастық пен түсінушіліктің дамуына жауапкершілікпен қарау.

Түйінді идеялар:

«Досы көпті жау алмас» деген мақал-мәтелді басшылыққа ала отырып, жағымды қарым –қатынасқа тәрбиелеу, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Ұйымдастыру

7 мин

«Мен кіммін» тренингі

Мақсаты: оқушылардың бір-бірін жақсы біліп, үйлесімді қарым-қатынаста болуына бағытталады.

Ойын барысы: 1-ден 10-ға дейін сандарға «Мен кіммін ?» деген сұраққа жауап жазады.Осы қағазды арқаларына жапсырып, шеңбер болып жүреді. Жүргізуші қатысушының атын айтпай, әр қағаздағы мінез-бітістерін оқиды, сол бойынша кімге арналғанын тауып алу керек.

Талдау: *Сіздің сыртыңыздағы мінез өзіңіз қалап тұрсыз ба ?

*Осы мінез өзіңе ұнай ма?

Қорытынды: бір-бірімізге ерекше мән бере отырып, достығымызды бағалайық, бәріміздің де мінез-бітістеріміз әдемі жанға жайлы деп бір-бірімізді құрметтейік.

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қатысушының іс-әрекеті

Ой қозғау

«Жаңа ақпарат»

Оқушыларды топқа бөлу.

1.Оқушыларға алдын- ала дайындалған «Көлеңкелі өмір» атты әңгімені оқытып, өмірмен салыстыру

2. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі»


Топтар өз ойларымен бөліседі, талдау жасайды.

Жаңа сабақ

Тапсырма№1

10 минут



І топ «Досы көпті жау алмас»

ІІ топ «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам»

ІІІ топ «Жігітті жолдасына қарап бағала»

Топпен талданады Жұмыспен таныстыру және қорғау

Тапсырма №2

Жағдаятты шешу.

1-жағдаят. Сіздер 3 дос бірге жүресіңдер. Сенің жаңа досың бұрынғы досыңды тастап, екеуміз дос болайық дейді. Сен не істейсің?

2-жағдаят. Досың саған қонаққа келді. Оған сенің ертегі кітаптарың ұнайды. Ол сенен сол кітапты сұрады. Сенің пікірің?

3- жағдаят. Жақсы досың сенің ең жақсы көретін көйлегіңді күйдіріп қойды. Сенің іс – әрекетің?

Топпен жұмыс


Рефлексия

5 минут

Адал дос болу жолындағы жауапкершілік

Түйінді ойлар айтылды.

Қорытындылау

3 минут

Мұғалім алдын – ала достыққа тән қасиеттерді қағаздарға жазып дайындалған қиындыларды стол үстіне қояды. «ДОС» деп жазылған плакатты тақтаға іліп, адал достыққа тән қасиеттерді айттыру нәтижесінде олардың жауабын толықтырып, қағазға жазылған қасиеттерді «ДОС» жазуының айналасына ілу.

Топтарды ауызбіршілігі мен жақсы қарым-қатынастары үшін бағалау, мақтан тұту.













2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!