400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дос болуды үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәннің аты:

Өзін-өзі тану

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Дос болуды үйренеміз

Мақсаты


оқушыларға достық ұғымы туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға достық түсінігіндегі адалдық, қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерінің маңыздылығын ұғындыру.

  2. Оқушылардың бойындағы адалдық қасиетін дамыту

  3. Оқушыларды жауапкершілікке, достықты бағалай білуге тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

Достық,сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашады

Тыныштық сәті

5минут

Ұйымдастыру кезеңі.

(Оқушылардың көңіл-күйін айқындау)

Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңынды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата-анаңызға,туысқандарыңызға,, достарыңызға, осында отырған ұстаздарға бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: ... Мен Нұрмын». Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, 

мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Үй тапсырмасын тексеру.

3минут

Тақырыбы


Жанры


Авторы


Кейіпкері


Оқиға қай жерде болды?


Не түйдің?


«Әңгіме кестесі» әдісі


Қызығушылықты ояту

3минут

Жаңа тақырыпқа ой ашу

Өсиет- әңгіме

Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.

Жігіт келген соң,қарт:

-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.

-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:

-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.

-"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер?

•      (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

•      Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Біз бүгінгі сабақта адал достық туралы әңгімелесеміз.

Тапсырма.Оқушылар суреттегі алма ағашында көрсетілген өзін-өзі танудан үйренген құндылықтары туралы түсініктерін айтып береді.Олар  әдептілік,білім,қайырымдылық т.б.


Пікірлесу.Оқушылармен әңгіме.

-Сенің досың бар ма?

-Адал достық дегенді қалай түсінесің?

-Кімдермен достасқыларың келеді?

-Достықтың қандай түрі бар?

Жаңа сабақ

7минут

Мұғалім сыйы. «Құм мен тас» (видео)

Мәтінмен жұмыс
• Қандай ой түйдіңдер?

Жігіт неліктен ренішін құмға жазды?

Жақсылықтытасқа жазуының себебі неде?
• Өзің достарыңмен қарым-қатынаста өкпе-ренішті қалай жеңесің?

Достық ережесін құру.

Әрқашан әділ бол

Бірлесе көтерген жүк жеңіл

Досыңа күлме

Досыңды үнемі мақта

Досыңмен сырлас

Кешірімді бол

Досыңды қолда

Достаса біл

Қиын сәтте көмектес

Досыңа адал бол

Дәйексөз: Достықты достық шақырады

2минут

Жағдаят талдау

Айдос пен Қанат екінші сыныпта оқиды.Екеуі бала кезден дос. Айдос сабақтан келген соң,түскі тамағын ішіп,үйдегі жұмыстарын бітіріп,ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Қанат та ойнап жүр екен.Олар ұзақ футбол ойнап,үйге кеш қайтты. Қанат:

-Мен ертең сабаққа бармаймын,үй тапсырмасын орындамадым.Мені апайға ауырып қалды дей салшы,-деді.

Айдос егер адал дос болса,қалай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

5минут

Электронды оқулықпен жұмыс

Тапсырма:

-Досыңа қандай тілек айтар едің?

-Мына заттардың қайсысымен досыңмен бөлісуге болады?

Сергіту сәті

5минут

Ойын «Қадам жаса» әдісі

«Достық неден басталады,достыққа не жарасады»?

Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер алға қарай бір қадам,егер келіспесеңдер артқа қарай бір қадам жасаңдар.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

-Достық бірліктен бастала ма?
Балаларға шеңбер жасайды. Бір - біріне тілектерін айтады. Өз достарының қандай екенін айтып шығады.
Менің досым батыр болса деймін.
Менің досым әдемі өтірік айтпаса екен деймін.
Менің досым әдемі қыз болсын.
Менің досым шыншыл болса екен деймін.
Менің досым мұғалім болғысы келеді.

Топтық жұмыс

7минут

Шығармашылық жұмыс

І топ: Бес жолды өлең

ІІ топ: Достық деген не?       .   

2минут

Топпен ән айту: «Әрқашан біз біргеміз»

Ой толғаныс

-Бүгінгі сабақтан не алдың?

Кері байланыс

1минут

Соңғы тыныштық сәті:

—          Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Досқа тілек

Демек,адал дос дегеніміз-өтірік айтпайтын,қандай жағдайда болмасын досының жанынан табылатын нағыз жолдас.Адалдық деген-адамгершілік құнды қасиеттердің бірі.Мына гүл күлтешелеріне досыңа деген ізгі тілектеріңді жазыңдар.

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі