400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Дос болуды үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар қауымына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп№49 Мерзімі:07.02.2019жыл №21 -сабақ

Тақырыбы: Дос болуды үйренеміз

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: адалдық, сенімділік, ,қамқорлық

Сыныбы:2 «А»

Мұғалімі:Султанова О

Мақсаты: : «дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-«дос», «достық» ұғымдарының мәнін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып ұғындыру;
-адалдық, сенім, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттерін дамыту;
-айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілік пен қамқорлық қасиеттеріне тәрбиелеу

Ресурстар:

оқулық,дәптер,

үнтаспа,интер

белсенді тақта,

плакат,суреттер,мақал-мәтел

дер,достық қадамдар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу:  Алтын балық.Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін . 


2. Үйге тапсырманы тексеру ,

1. Дос туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

2. Келесі сабақ. №21, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқып келу. ,

Сұрақтар:

  1. Аю неліктен әлсiз, ауру адамға тимеді?
    2. Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма?
    3. Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?
    4.Қалай балалар әңгіме сіздерге ұнадыма?

Біздің бұл ертегіден ұққанымыз досыңды қиын қыстау уакытта ешқашан қалдыруға болмайды.Сондықтан бір – біріңе адал дос болыңдар.

«Шынжыр әдісімен» үй тапсырмасын сұрау




Мұғалім қорытынды

жасау

3. Сабақтың дәйексөзі: Достықты достық шақырады.
Абай Құнанбаев-ақын,жазушы,аудармашы,лирик ақын,дана кісі.

(Оқушыларға 2 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Сұрақтар:

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Балалар достар қандай болу керек?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы). Өсиет- әңгіме 

Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:-Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті.Қарт жігітке:-Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,-депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:-Шырағым,жаман жігіт емессің,-депті.-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.

-"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер?•     

 (оқушылардың жауаптары тыңдалады)•     

 Қорытынды:Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады,бойына сіңіреді,олар бір-біріне өте жақын,бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі-адалдық.Дос екі түрге бөлінеді.Адал,амал.

Пікірлесу.Оқушылармен әңгіме.-Сенің досың бар ма?-Адал достық дегенді қалай түсінесің?-Кімдермен достасқыларың келеді?Достықтың қандай түрі бар?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.Тапсырмалар:

1 – топ: Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.

2 – топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.
Адам – адамға..., жолдас, ... .
Досы жақсының, ... де жақсы.
Көп ақшаң болғанша, көп... болсын.
Дос – досқа ... .
Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың.

6.Ойын:«Достасу қадамдары» әдісі..Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер, алға қарай бір қадам,егер келіспесеңдер артқа қарай бір қадам жасаңдар.

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа татулық жараса ма?


7.Жаттығу: «Жіп орамасы»

Шарты:Жіпті қолға орай отырып , әрқайсысы өзінің досы жайлы сыр шертеді.

Менің досым шыншыл,адал, батыл,ұшқыш болғысы келеді.Менің досым әрқашан қасымнан табылады.Менің досым өте ақылды.


8. Топпен ән айту. «Біз -өмірдің гүліміз» әні Сөзі:Ә.Дүйсенбиев,Әні:Б.Ғизатов


9. Үй тапсырмасы.

1. №21 – сабақ. Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар.
Достық ережесі
Жолдастарыңа көмектес. Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет.
Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бӛліс.
Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс
еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір.
Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату бол,мақтанып кетпе.
Жолдасыңның жетістігіне қуан.

2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу.


10. Сабақтың қорытынды сәті. «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық.




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
464
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі