Материалдар / Дос болуды үйренеміз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дос болуды үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары Мектеп: №5 Мерзiм: 07.02.2019 №: 18 тақырып Тақырып: Дос болуды үйренеміз Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Адалдық, сенім, өзара жауапкершілік Мұғалiм: Мухамеджанова Гүлшат Сынып: 2 «А»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2021
405
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін

О.М: Ермекова Сара


Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақ жоспары


Мектеп: №5 Мерзiм: 07.02.2019 №: 18 тақырып

Тақырып: Дос болуды үйренеміз

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Адалдық, сенім, өзара жауапкершілік

Мұғалiм: Мухамеджанова Гүлшат

Сынып: 2 «А»


Сабақ мақсаты:

«Дос», «достық» ұғымдары туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

  • Достықтың адам өміріндегі маңызы туралы айта отырып адалдық қасиетінің мәнін ашу;

  • Достар арасындағы сенім қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды адалдыққа, сенімділікке, өзара жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, дереккөздер)

Кітап, дәптер, жайлы әуен, ақ қағаздар, нақыл сөздер, тапсырмалар, интерактивті тақта.

С абақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.


Сәлемдесу, балалар үш тілде амандасады. оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру. Оқушылар орындарына отырмастан бұрын түрлі түстегі (қызыл, сары, көк) сыйлық қорабын тарата отырып 3 топқа бөліп алу.

5 Т ережесін қайталау. Талап, тәртіп, тазалық, тыныштық, татулық.

2.Тыныштық сәтi.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  • Оқушылар алған әсерлерімен бөліседі.

  • Оқушылар мен сендерге таяқшалар беру арқылы топқа бөлген болатынмын. Топ атауларына мән берейік.

Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге «Жаман жолдас» мәтінін сахналап келу тапсырылды. Оқушылар сахналап шығады.

  • Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз «Дос болуды үйренеміз». Бүгін мен сіздерді 3 топқа бөлдім, бірақ атауы жоқ ендеше «Достар» сөзін 3 тілде айтайықшы 1топ: Достар 2топ: Друзья 3топ: Friends

Сабақ барысын талқылау:

Оқушылардың емін – еркін дұрыс отыруын қадағалау

  1. Д әйексөз.

«Достықты достық шақырады»

Абай Құнанбаев


Балаларды сабақтың дәдәйексөзімен таныстырамын, дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады. балалар барлығы бірге дәйексөзді айтып шығады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Оқушылардың ойларын қортындылау.

Достықты жақсы дос бола білген адам шақырады. Яғни біз айналамыздағы қарым-қатынас жасайтын адамдардың барлығын бірдей досым дей бермейміз. Өзіміздің жақсы тіл табысатын адамымызды жақын тартып дос боламыз.



Дәйексөздің мағынасын түсіндіру

  1. Ә ңгiмелеу (сұхбат).

  • Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Достың қанша түрі бар?

  • Амал дос деген қандай дос?

  • Сен қандай доссың?

Мұғалімнің сыйы

Бейнебаян «Сіз кіммен доссыз?» туралы

Сұрақтар:

  • Жақсы дос қандай болады екен?

  • Дос түрлерін ажырата білдік пе?

  • Өздерің достың қай түрімен доспын деп ойлайсыз?

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

  • Оқушылар достың екі түрі болады адал дос және амал дос. Осы екі досқа тән қасиеттерді жазып шығайықшы.

(Тақтаға адал дос, амал дос деп жазылып тұрады оқушылар әрқайсысына тән қасиеттерді жазып шығады)

Оқушыларға төмендегідей әңгімелесу сұрақтарын ұсынамын.

Оқулықтағы мәтінді оқушыларға айтып беремін, мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Мұғалімнің сыйы (бейнебаян көрсету)

Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі.

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 – топ: Достық туралы мақал-мәтелдер жазып шығады.

2-топ: Досының суретін салады.

3-топ: Дос не үшін керек?

Дәптермен жұмыс

- Дәптердегі суреттерді бояңдар. Ондағы балалардың іс-әрекеттеріне сәйкес адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелеп айтыңдар.

Сергіту сәті. Оқушылар өз досының қолынан ұстап бір-біріне қарама-қарсы тұрып іс-қимылдар жасайды.

Бум-бум-бум

Ашылды альбом

Оның ішінен

Шықты менің досым.

Досым менің қалайсың?

Бар жақсыға балайсың.

Менің досым ақылды

Үлкендерді сыйлайды.

Оның шашы ұзын,

Өлшеймін бойын.

Көздері оның үлкен

Осындай дос бар ма екен?

Жүрегі оның мейірімді,

Достарым менің көңілді.


Оқушылардың дәптерде тапсырманың орындауын қадағалау

  1. Топпен ән айту.

«Достар»

Топпен ән айту.

Оқушылар музыка ырғағымен ән айтады.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!