Материалдар / Дос болуды үйренеміз.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дос болуды үйренеміз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану. 2 сынып Мақсаты: Оқушылар дос болудың маңызын түсінеді. Қалай адал дос бола білуді үйренеді. Дұрыс әрекет құндылығының мәнін анықтайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ: 21

Сабақтың тақырыбы: Дос болуды үйренеміз

Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Адалдық, татулық, қамқорлық


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 

Сыныбы: 2 А


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Оқушылар дос болудың маңызын түсінеді.

Қалай адал дос бола білуді үйренеді. Дұрыс әрекет құндылығының мәнін анықтайды.

Сабақ мақсаты


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

Оқушылар достықтың маңызын түсінеді.

Достарымен дос бола білуді үйренеді. Дұрыс әрекет құндылығының мәнін анықтайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:

Адамдармен дос бола білудің маңызын түсіндіреді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

адал дос құндылығының мәніне дәлелдер келтіреді.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Достық туралы анықтай алады;

Дұрыс әрекет құндылығының мәнін түсіндіре алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған жасы қасиеттер жазылған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Қ.Б.Бас бармақ әдісі. Қ.Б.Ынталандырушы сөздер.

Бәрекелді!Жарайсың!Тамаша!Талабыңа нұр жаусын!

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, әдебиет

Жоспарлан

ған

уақыт

40 мин

Сабақтың барысы:



Басталуы

5 минут








Бастапқы білім










Әңгіме мазмұнын біледі







Ойлау дағдылары

ның деңгейі.

(Білу түсіну,

қолдану).

7 мин
























Негізгі

бөлім

10 минут


Тілдік мақсат:

-Екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын доспен дос болма!

Ашық сұрақтар

Қалай ойлайсың бұлар адал дос па?

Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсың?

Нағыз дос қандай болу керек?

Досың осындай қиын жағдайға тап болса не істер едің?

Жазылым

Топтық жұмысты жазып орындайды.





















Құндылық

тарды дарыту

Адалдық құндылығын дұрыс қалыптастыру







1. Ұйымдастыру кезеңі.

Қонақтармен амандасу


«5 Т» – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.

- Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену

  • Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!



Үй тапсырмасы. «Жаман жолдас» әңгімесі бойынша сұрақтар.

Сұрақ-жауап:

  • Қалай ойлайсың бұлар адал дос па?

  • Қай жігіттің ісін дұрыс деп ойлайсыңдар?

  • Нағыз дос қандай болу керек?-

  • Досың осындай қиын жағдайға тап болса не істер едің?

Рахмет, балалар !

Қ.Б. Жарайсыңдар!


Мұғалім:

Бүгінгі біздің тақырыбымыз дос болуды үйренеміз деп атала

Жаңа сабақ

Мұғалім сыйы

Дәйексөз Достықты достық шақырады.

Абай Құнанбаев


Хормен айтады. Ұлдар айтады,қыздар айтады.

Осы сөзді қалай түсінесіңдер?

Мұғалім қорытынды : Доспен адал дос бола білген адам ары қарай да, дос бола біледі екен..


Мұғалім сыйы. «Құм мен тас»

Талдау.

Мұғалім: Сендерде досқа адал болып дұрыс әрекет көрсете біліңдер демекпін!

Жинақтау Шығармашылық тапсырма.

Т.Ж. Тапсырма арқылы саралау

Адалдық тобы: Достық туралы мақалдар жазу. Мағынасын түсіндіру

Қамқорлық тобы: 

Достық ережесін құру.

Татулық тобы: Кеспе қағаздардан достық сарайын құру.

Қ.Б. «Үш рет шапалақ»

Ойын: Достық неден басталады, достыққа не жарасады?

Шарты:Егер мен айтқан оймен келіссеңдер алға қарай бір қадам, егер келіспесеңдер, артқа қарай бір қадам жасаңдар

1. Достық танысудан басталады.

2. Достыққа қамқорлық жарасады ма?

3.Достық төбелестен басталады.

4.Достыққа мейірімділік жараса ма?

5.Достық ренжісуден бастала ма?

6.Достыққа адалдық жараса ма?

Достық ұжымшылдықтан басталама?

Достық бірліктен бастала ма?

- Жарайсыңдар! Ұтымды жауаптарың үшін көп рақмет!

6. Топпен ән айту кезеңі: «Ағайынбыз бәріміз»

Әнін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев

Сөзін жазған: Малғаждар Әубәкіров

Сабақты қорыту: Стикерге досының қандай болғанын қалайтынын жазып тақтаға іледі.

7.Үйге тапсырма: «Құм мен тас» өсиет әңгімесін түсініп оқып, мазмұндау және 70 - беттегі № 2 тапсырманы орындау.

Қ.Б. Смайлк


Топ аттары

жазыл

ған сөздер.


Адалдық

Қамқорлық

Татулық


Топ аты анықталады.




.

«Ыстық орындық»

Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.







Суреттер


Дәйек сөз





Акт

Видео

«Сіз білесіз бе?»























Әр топқа

тапсырма













.














Қадам жаса

әдісі




















Топпен

өлең айту





Стикерге

жазып іледі





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!