Материалдар / «Дос-достыққа» атты тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дос-достыққа» атты тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі, Қосымша білім беру педаготары мен, тәлімгерлерге арналған материалдар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
518
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрметті әріптестер! Бүгінгі «Дос-достыққа» атты тренинг сабағыма қош келдіңіздер!

Тренингтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.

Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. «Мен өткен өмірімде Қазақстанға, туған жеріме қандай игі іс істедім»,- деп өзінің істеген ісіне баға беретін кез келді. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Замана сынына сүрінбей озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз қажет.

Білімді, көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет.

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым - әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл - мағынасы өте терең сөздер. Бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», - деп түсіндірді Мемлекет басшысы.

Бес - қолыңда бес саусақ,
Іске даяр тұр самсап.
Тас қамалды бұзамыз,
Жұдырықтай бір болсақ.

Тренинг: Дос-достыққа

Қазір сіздер өте бір қызық ойынды ойнайсыздар. Ол үшін жасалатын қимылды тез-тез жасау керек. 5 секундтың ішінде өзіңізге серіктес тауып алыңыз да тез-тез онымен қол алысыңыз. Ал енді бір-бірімізбен «сәлемдесеміз»:

Оң қол оң қолмен!

Бір-біріңмен арқаларымызды айқастырамыз!

«Дос достыққа» деген бұйрықты естігенде жұптарыңызды айырбастайсыздар.

Бүгін біз ой, сезім және мінез-құлық бір-бірімен қалай байланысты екендігін білеміз. Адамдар бір – бірімізге деген сүйіспеншілігімізді артырып, жақсы көз қарас пен қарауымыз қажет.















ТЕСТ

«Сіз көшбасшысыз ба?»

Сұрақтарын мұқиятоқып шығып, «а», «б», «в» нұсқаларының біреуін тандап, белгілеңіз.

Енді «а», «б», «в» әріптерінің санын санаңыз.

«а»- 7 немесе оданда көп болса, жақсы көшбасшы болу үшін сізге өз-өзіңізге сенімділігіңізді арттыру қажет.

«б»- 7 немесе оданда көп болса,сізге басқа адамдарға сенім артуға үйрену қажет.

«в»- 7 немесе оданда көп болса, басқаларға және өзіңізге дұрыс көз-қарастасыз. Сіздің басқалаға және өзіңізге деген қарым –қатынасыңыз жақсы лидер болып шығуға септігін тигізеді.

Егерде сіздің нәтижеңіз өзіңіз ойлағандай шықпаса, онда оның себептерін анықтауға тырысып көріңіз.

Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.





























Жәнібек аудандық Мектептен тыс жұмыстар орталығы









Тақырыбы:



Рухани жаңғырудың жарқын жолы







Орындаған: М.Шамгонова











Жәнібек, 2018 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!