Дос іздеген Бота

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дос іздеген Бота

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлең, ертегі мәтінін есте сақтауда түрлі интонацияларды, кідірістерді, логикалық екпіндерді дұрыс қолдану. Тыңдалған шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтып беру, тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға үйрету. Шығарманың мазмұнын дұрыс қабылдау, қоршаған әлемге кейіпкерлерге жанашырлық таныту сезіміне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ертегіні қойған тәрбиешілермен таныстыру бейнебаяны

Музыка №1

автор аудио

Ботаның анасы:

- Боташым, мен саған жақсы достан басқаның

бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап.

Доссыз өмір қызық емес.

Бота:

-жақсы, анашым!

Музыка №2


Бө-бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.


Музыка №5

Бұзау:

Мө-мө
Мен бұзаумынбұзаумын.

Тілмен мұрынымды жалаймын.

Тазалықты қалаймын.

Кел екеуміз дос болайық.
Музыка екеуі секіріп билейді

Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.

Музыка №3

Құлыншақ:

Иго-го

Мен көңілді құлыншақпын,

Өзім асау ұрыншақпын

Кел екеуміз дос болайық


Ән: «Тұлпарым» 0 «Ә» -сынып

екеуі секіріп билейді.


Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.


Бота: 0020

Бө-бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.


Қошақан:

Мә-мә

Мен қозымын, қозымын
Момақанның өзімін.
Кел екеуміз дос болайық.

Музыка екеуі секіріп билейді


Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.

Бота:

Бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.


Музыка №6

Күшік:

- Аф, аф,
Атым менің Саққұлақ,
Жүремін ылғи шапқылап.
Кел екеуміз дос болайық.
:

Музыка екеуі секіріп билейді

Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.


Бота:

Бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.


Музыка №7

Марғау:

- Мяу - мяу, мияулаған мысықпын,
Өзім тым пысықпын,
Кел екеуміз дос болайық.
Музыка екеуі секіріп билейді

Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.


Бота:

Бө-бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.

Музыка №8

Әтеш:

- Ку - ка - ре - ку,
Алқызыл менің айдарым
Таңмен ерте тұрамын,
Кел екеуміз дос болайық.


Музыка екеуі секіріп билейді


Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.

Бота:

Бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.


Музыка

Бақа:

- Бақылдаған бақамын,
Қызыққа күнде батамын.

Кел екеуміз дос болайық.


Музыка екеуі секіріп билейді


Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.

Бота:

Бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.


Қарға:

Мен қарғамын қап-қара,

Мендей қара тақта да.

Кел екеуміз дос болайық.


Музыка екеуі секіріп билейді


Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.

Бота:

Бө

Бота, бота, ботамын,
Ақылды боп атандым
Тостақандай көзім
Әдемімін өзім.

Аралар биі 0 «Д» орыс сыныбы

Ара:

- З - з - з, кел екеуміз дос болайық,
Гүл терейік, бал жинайық.

Бота:

-Жоқ - жоқ сен сияқты дос емес.


Ара ботаны қуады

Музыка №12

Анасы:

Дос таптың ба, ботам?

Бота:

- Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз.

Көшіп жатқан бұлттан сұраңыз.

Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
Анасы:
- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным,

. Досың өзің сияқты мейірімді, кішіпейіл болу керек.

Бота:Рақмет, анашым.

Анашым, анам.

Ризамын саған!

Тіліңді аламын,

Ақылды боламын!

Әнімізді аналарға арнаймыз!!!

Ән: «Ана» 0 «А»-сынып

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі