Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Досбоlike тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында жүргізілетін Досболlike сынып сағатынын жоспары. Ресурстар бөлімінде презентацияға сілтеме берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазан - тәуелсіздік және отаншылдық айы

Бағдарлама:

«Досбоlike»


Мектеп:

Шығанақ орта мектебі


Мұғалім:

Муса С.Т.


Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Ұжымның күші: Басқаларды түсіну қабілеті


Сабақтың мақсаты:

Оқушылар арасында достық туралы ұғымды кеңейту, достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлеуге, бір-біріне көмектесуге және қамқор болуға үйрету. Сонымен қатар, әдеп нормаларын ұстануды, өз отбасында, сыныпта, мектепте және қоғамда Отанның бір мүшесі екендігін сезінуді дамыту.


Сабақтың барысы:



Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Сабақтың басы (7 мин)



































Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.


«Сәлеметсіздер, құрметті оқушылар. Біздің кел, дос болайық тақырыбындағы сабағымызға қош келдіңіздер! Сабағымыздың мақсаты : сіздердің достық жайлы түсініктеріңізбен танысып, сол түсініктеріңізді кеңейту. Қамқорлыққа шақырып, әдеп нормаларын қарастырып, сіздердің Отанның, мектептін, үйіңіздің, ауылыңыздың бір мүшесі ретінде жауапкершіліктеріңізді және құқықтарыңызды толық түсінулеріңізге үлес қосу болмақ.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың ерекшелігі - бағалау. Сабағымыздың соңында керекті сөз тіркесті жинаған оқушыларға сый - электронды кітаптар жиыны. »


Психологиялық ахуал:

Айна әдісі

Қорабшаның ішіне айна салынады. Әр оқушы қорабшаны ашып, өзіне өзі 1-2 сын есімнен айтып шығады. Ең бірінші мұғалім бастайды. Мұғалімнің бастауы оқушыларға ойын білдіруде жеңілдік береді


Мақсаты: оқушылардың сенімділіктерін арттыру, өзі жайлы көпшілік алдында сөйлеу қабілетін күшейту.


«Балалар, қазір әрқайсысыңызға менің қолымдағы қорабшаны беремін. Ішіндегі көрген нәрсеңізге 1-2 сын есімнен атып шығасыздар. Бірақ ішіндегі не екенін айтпау керексіздер. Өзіне толық әрі сенімді сын айта білген оқушыларға -1 ші әріп беріледі»


Мұғаліммен амандасады. Сабақ мақсатымен танысады.

















Айнаны көріп, өздері жайлы сын есімдеп айтады.










Әр оқушы қорабшаны ашып, өзіне өзі 1-2 сын есімнен айтып шығады


Әр тапсырмада оқушыларға «Дос болайық» тіркесінің 1 әрібінен беріліп отырады
























Бұл жерде өзіне сын есім айта алған оқушыға Д әріпі беріледі



Презентация/ проектор


https://www.canva.com/design/DAGVkqFzNu4/76hqnC5H74hKmkZ0HbBPSw/edit


Дос болайық тіркесінің әріптері

















Қорабша, айна, “Д” әріпі


















Ортасы (33 мин)







Сабақта оқушыларда дамытатын құндылық : бірлік және ынтымақ


Сабақ бойына кіріктірілген ойынмен таныстырады: “Досың жайлы сөйле”


Мақсаты: сабақ бойы оқушылардың арасындағы қарым қатынасты ұстап тұру, бір біріне жылы сөйлеу әдетін қалыптастыру.



“Құрметті балалар, айтып өткенімдей бүгінгі сабағымыз басқалардан еекше болмақ. Бүгін сіздер кез
-келген сұраққа жауап бергенде немесе кез келген тапсырманы орындағанда арнайы Рандомайзер бағдарламамен анықталатын сыныптасыңыздыңды не үшін сыйлайтындығыңыз жайлы айтуыңыз керек. Ал ол сыныптасыңыз сізге де жауап қайтарады. Егер екеуіңіздің біреуіңіз сыйластық себебін айта алмаған болсаңыз, орындаған тапсырмаңыз үшін әріп ала алмайтын боласыздар”



Ойынның 1ші жұбын рандомайзер арқылы анықтап, ол жұп жауаптарын берген соң есімдері тізімнен алынып тасталынады.


Әрі қарай оқушыларға булинг жайлы ақпарат беріледі

1. Буллинг дегеніміз не?

Буллинг — бұл бір адам немесе адамдар тобының басқа адамға ұзақ уақыт бойы әдейі көрсететін агрессиялы және қорлаушы әрекеттері. Буллинг жиі мектептерде кездеседі, бірақ ол кез келген ортада болуы мүмкін. Буллингтің негізгі мақсаты – басқа адамды психологиялық немесе физикалық түрде төмендету.



Оқушылардан буллингтің қандай түрлері бар екені сұралады:

2. Буллингтің түрлері арнайы презентацияда көрсетіледі

Физикалық буллинг: ұрып-соғу, итеру, мүлкін тартып алу немесе зиян келтіру. Бұл ең айқын түрі.

Сөздік буллинг: қорлау, келемеждеу, ұрысу, ат қою және жағымсыз лақап аттар тағу.

Әлеуметтік буллинг: адамдар арасындағы қарым-қатынастарды бұзу, әдейі басқа адамды топтан шеттету, оны қоғамдық орындарда жаман көрсету.

Кибербуллинг: әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, интернет арқылы басқа адамды қорлау немесе жала жабу. Бұл қазіргі уақытта жиі кездесетін түрлердің бірі.

3. Буллингтің зардаптары

Буллингтің адамға психологиялық және эмоционалды әсері өте ауыр болуы мүмкін:

Қорқыныш пен үрей: Буллингке ұшыраған адам мектепке немесе қоғамдық орындарға барудан қорқуы мүмкін.

Өзін-өзі бағалаудың төмендеуі: Қорлау мен агрессия адамның өзін-өзі төмен бағалауына және өзіне сенімсіздік сезіміне әкеледі.

Депрессия және стресс: Буллингтің созылмалы әсері депрессия мен созылмалы стресс жағдайына жеткізуі мүмкін.

Оқудан және жұмыстан қол үзу: Көптеген балалар буллингтен қорқып, мектепке барудан бас тартуы мүмкін, нәтижесінде олардың үлгерімі де төмендейді.


Буллингке қалай қарсы тұруға болады?

Топтық жұмыс: оқушыларды отырғаны бойынша 2 топқа бөліп, екі топқа екі түрлі жағдай беріледі. Оқушылар өздеріне берілген жағдады және оның шешу жолдарын тақтаға шығып көрсетеді

Тапсырмаға қосымша ақпарат:

  • Өзіне сенімділік таныту: Буллингке қарсы тұрудың бір жолы – өзін сенімді ұстау және қорқытуларға мән бермеу.

  • Сенімді адамдармен сөйлесу: Буллинг туралы ата-аналарға, мұғалімдерге, мектеп психологтарына немесе достарына айту маңызды. Адамдар көмекке келуге дайын.

  • Әлеуметтік қолдау: Достар мен отбасы буллингті жеңуге көмектесетін негізгі қолдау көзі болуы мүмкін.

  • Кибербуллингке қарсы әдістер: Әлеуметтік желілерде буллингке ұшыраған жағдайда, агрессорды бұғаттау және әлеуметтік желінің модераторларына хабарлау маңызды.

  • Басқаларға қолдау көрсету: Егер басқа біреудің буллингке ұшырағанын байқасаңыз, оған қолдау көрсетіп, қорлау әрекетіне қарсы тұруға шақырыңыз.

Тапсырма мақсаты: Проблеманың барын және себебін көрсетіп қана қоймай, оқушыларды шынайы өмірде мәселені шешуге , дұрыс қабылдай білуге дайындау.

5. Қызықты деректер мен статистика

  • Жасөспірімдердің 25%-ы өздерінің мектепте немесе интернетте буллингке ұшырағанын айтады.

  • Кибербуллинг 21-ғасырда ең жиі кездесетін түрлердің бірі болды, себебі көп адамдар әлеуметтік желілерде көп уақыт өткізеді.

  • Буллингке ұшыраған балалардың 60%-ы эмоционалды және психологиялық қолдауды қажет етеді.

СЕРГІТУ СӘТІ Тейлор Свифтің әніне видео қосылады. Оқушылар видеодағы биді қайталайды.

Осы әнді барлығымыз жақсы білеміз, иә балалар? Ал енді осы әннің орындаушысын кім біледі? Сол оқушыға бір әріп беріледі”

  1. Танымал адамдардың буллингке ұшыраған оқиғалары

Көріп отырғандарыңыздай, буллингке ұшырау - өмірдің соңы емес. Мысалы:

  • Тейлор Свифт пен Эминем сияқты танымал адамдар да буллингке ұшыраған және оны шығармашылық арқылы жеңген.

Оқушыларға «Өнердің, әсіресе музыка мен шығармашылықтың, сезімдерді жеткізуде қандай пайдасы бар?» деген сұрақ қойылады.

Өз тәжірибесімен бөлісу: Оқушылардан «Өзіңде сондай сәттер болды ма? Сол кезде сезімдеріңді қалай жеткіздің немесе қандай жолдармен бөлістің?» деп сұрау. Бұл сабақ олардың ішкі сезімдерімен жұмыс жасауға көмектеседі және сыныптастарының да ұқсас сезімдерді басынан кешіргенін көріп, қолдау сезімін арттырады.

Мақсаты: Бұл талқылау арқылы оқушылар өнердің жанды емдейтін, сезімдерді сыртқа шығаруға мүмкіндік беретін қуаты туралы түсінік алады. Тейлордың мысалы арқылы әрқайсысы қиындықтарды жеке тұлға ретінде шығармашылық жолмен жеңе алатынын түсінеді

  1. Буллинг туралы пайдалы ресурстар

Мұғалімнен оқушыларға келесідей кеңестер беріледі

  • Мектеп психологының көмегі және кеңесі.

  • Жергілікті және халықаралық ұйымдар, мысалы, StopBullying.gov және UNICEF, буллингке қарсы кеңестер мен ресурстар ұсынады.

  • Кітаптар мен фильмдер, мысалы, "Хорошие ребята" (Wonder), "Целитель" (Healer) буллинг пен оны жеңу туралы маңызды сабақтар береді.

Оқушылар болашақта қай ресурсты пайдалануды жөн көреді?

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)




Досыңа жылы сөйле ойынының шартымен таныс болады



























Бірінші түскен жұп сұраққа жауап береді











Булинг ұғымына толық анықтама бере алады

Жауап берген оқушы рандомайзерден сыныптасымен жылы сөз алмасады.









Буллингтің білетін түрлерін атап өтеді. Әр атап өткен оқушы рандомайзер таңдаған сыныптасымен жылы сөз алмасады.
















Булинг зардаптары жайлы тыңдап, қалай қарсы тұруға болатыны жайлы ой қозғайды.





















Буллингке қарсы тұру әрекеттерін тақтаға келіп көрсетеді. Рандомайзер ойынына қатыспаған оқушы қатысып отырады.




























































Қызықты деректерге құлақ салып тыңдайды.























Оқушылар видеодағы биді қайталайды.





Әннің орындаушысын табады




















Талқылау барысында оқушылар:

  • Өнердің адамның көңіл-күйін жеңілдетуге, ішкі сезімдерін ашуға қалай көмектесетіні туралы пікірлерімен бөліседі.

  • Қиындықтарды шығармашылық арқылы жеңуге болатын жолдар туралы ойларын ортаға салады.


Оқушылар өз тәжербиесімен бөліседі. Егер де ол оқушы рандомайзер ойынына қатысып қойған болса, жәй ғана көршісімен құшақтасады











Ресурстармен танысып, қайсысы өзіне ыңғайлы көрінетіндігімен бөліседі.

































О” әріпі беріледі











Толық ұғым берген оқушыға келесі әріп беріледі











Булинг түрлерін дұрыс атаған оқушыға келесі әріп беріледі.









































Әр оқушыға бір әріптен беріледі


































































Әр қимылды дұрыс жасап тұрған оқушыға бір әріптен беріледі


Тапқан оқушыға келесі әріп беріледі































Сұраққа дұрыс , сенімді, ашық жауап берген оқушыға әріп беріледі


















Әріп беріледі




































Белсенді қатысқан оқушыға әріп беріледі.





Оқушылар тізімі алдын ала жазылған рандомайзер бағдарлама

https://ru.piliapp.com/random/wheel/








































































Арнайы дайындалған, жағдайлар жазылған қағаз.

















Соңы (5 минут)






Сабақты қорыту:

Болашаққа хат”


Оқушылардың жинаған сөздерін тексеріп барлығына электронды кітаптар жинағына сілтеме беріледі

Әр оқушы болашақтағы өзіне сабақтан алған ойлары жайлы, өмірі жайлы хат жазады








Әріптерін тексеру








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2025
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12