400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Доспамбет жырау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған ашық сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:

«Туған жерім –аялы алтын бесігім»

Мектеп:

«Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақша» КММ

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Жуматаева Анар Аманжоловна

Сынып:6 Пәні: Қазақ әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.Т/Ж1 Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтап, мысалдар келтіреді

Кейбір оқушылар орындай алады: толғаудан алған үзіндіні дамытады, мәтін жазады, өлең құрастырады

Бағалау критерийі

  • шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды

  • сөздікпен жұмыс жүргізеді

  • толғаудағы үзінділерді дамытып жазады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды, сөздікпен жұмыс жүргізеді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

жыр, жырау, жыршы, жыраулар поэзиясы, толғау, қом, көбе, бұздай, құба тал, сайғақ

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«Жырау осы сөздер арқылы ............... айтқысы келді», «Мен толғаудың сюжеті................ ойлаймын»

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жырау деп кімдерді айтамыз? Жыршы мен жыраудың айырмашылығы неде?

Не себепті жырау бейбітшілік өмірді аңсайды? Толғаудың құндылығы неде?


Ишара:

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы тармағы Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын оқыту барысында ішінара іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география

Алдыңғы оқу

3 мин

Әдебиет теориясы бойынша жанр, фабула, сюжет туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

7 мин


Ынтымақтастық ортасын қалыптастыру

С.

«Артығын алып таста» әдісі.

1- тапсырма

Аудиомәтінді тыңдау

Суреттер


Аудиомәтін

Сабақтың ортасы

26 мин
















2-тапсырма

(жыр, жырау, жыршы, жыраулар поэзиясы, толғау, қом, көбе, бұздай, құба тал, сайғақ)

«Сөздікпен жұмыс» әдісі (графикалық органайзер)

Дескрипторлар

  • Сюжетін, фабуласын, жанрын анықтайды

  • Сөздердің мағынасын түсінеді

Болжам жасайды, ізденеді, талдайды,

ҚБ Мадақтау.

Құндылықтарды тауып айтады




1

2

3

4






С. (саралап оқыту)

Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға

«Бетпе-бет» әдісі

Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды, ақпарат алмасады, маңызды ақпараттарды анықтайды, негізгі ойды ажырата білуге дағдыланады.

Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға

«Тізбектен не түсіп қалған?» әдісі

Саздауға біткен ... (құба тал)

Кімдерге ... (сайғақ) болмаған

Сөйлемнен, тізбектен қандай сөз түсіп қалғаны табады.

Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» әдісі

(көлдер-көлдөр)

Дескриптор:

  • Маңызды ақпараттарды анықтайды, негізгі ойды ажыратады;

  • Сөйлемнен, тізбектен қандай сөз түсіп қалғаны табады;

  • Сөздерді сәйкестендіреді.

ҚБ өзара бағалау жүзеге асады.


Т.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

(Талқылау сұрақтары бойынша)

Мәселені жұпта, топта талқылайды, бір-біріне сұрақ қояды. Себептерін талқылайды, нәтижелерін салыстырады, топтық шешім қабылдайды.

Дескриптор:

  • тапсырма негізінде шығарманың сюжетін өз көзқарасы тұрғысында тұжырымдайды.

  • толғаудағы «Сарыарқаның бойында» тіркесіндегі Сарыарқа сөзі арқылы ой өрбітеді

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» өзара бағалау, бірін-бірі бағалау жүзеге асады.

«Иә, жоқ» әдісі

(Қоғалы көлдер тіркесіндегі «қоғалы» сөзі қатыстық сын есім бе? «Кімдерге қоныс болмаған» тармағындағы «қоныс» сөзі туынды зат есім бе?)

Дескриптор:

  • оқушылар көп ақпарат алады

  • уақытты тиімді пайдаланады

С.

«Үш түрлі күнделік» әдісі

1 Толғаудан ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйексөзді жазу

2 Жеке түсінік беру: осы дәйексөзді жазуға не мәжбүр етті? Қандай ой тудырды? Осыған байланысты қандай сұрақ туды?

3 Авторға хат (Сұрақтар қою , өлең құрау, мәтін жазу)

Дескриптор:

  • Білім алушылар сабақ бойынша іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды.

  • Түйінді ойды анықтайды, білімдерін жүйелейді, қысқаша тұжырымдамалық жазба жазады.

ҚБ « + , - , керемет»

С.

«Әріптестер» әдісімен оқу бойынша қорытынды жүргізеді, оқуды біріктіреді, келесі деңгеймен байланыстырады

ҚБ «От шашу» әдісімен

Мұғалімнің сындарлы кері байланысы





































1

2

3








Сабақтың

соңы

7 мин








«Еркін микрофон» (Кезбе микрофон ) әдісі

Дескриптор:

-Диалог құруға арналған тіркестерді қолданады.

-Ақпаратты бағамдайды.

Кері байланыс, дескрипторлар қорытындысын шығару

«Қызық. Құнды. Қиын» әдісі

Үйге тапсырма

Толғаудан үзінді жаттау, сурет салу


Қосымша мәлімет

Саралау – оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жоспарлы жаттығуларды реттеу.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Шығарма мәтінімен жұмыс істеу барысында қолдауды қажет етпейтіндерге «Әріптестер» , «Үш түрлі күнделік» , «Бетпе-бет» әдісі; қолдауды аз қажет ететін оқушыларға «Иә, жоқ», «Сөздікпен жұмыс» әдісі (графикалық органайзер), «Тізбектен не түсіп қалды? », «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі тиімді болады.

Қолдауды көп қажет ететін оқушылар «Еркін микрофон», «Сәйкестендіру» арқылы оқушылар өз ойларын жүйелі түрде беруге

қалыптасады.

« + , - , керемет» , «Қызық. Құнды. Қиын» әдісі

арқылы кері байланыс алу, сабақты қорытып бағалау.

Мадақтау арқылы ынталандыру жүзеге асады.

«Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі арқылы

өз пікірлерін, ойларын еркін жеткізуге дағдыланады.

«Қазақстан тарихы» пәніндегі «Мәдениет және өнер»тақырыбымен байланысты. Оқушылар Доспамбет жыраудың толғауын оқи отырып, бейбітшіліктің құнын, Отан алдындағы өз міндеттерін түсінеді. Халқымыздың құндылықтарын қадірлей біледі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі