400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Достарыма арналған үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық.Таным.

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»

Мақсаты: Қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету, техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру. Тіктөртбұрыш ,шаршылармен үйдің қабырғасын, үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

тұқымының суреті, тұрлі түсті қағаздан жапсырамалар, қайшы,сулық,желім,үлестірмелі материалдар ,қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары.

Сөздік жұмыс: шуақ,адал.

Билингвальді компонент: ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья, үйшік-домик.

Оқу іс –әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық-

қозғаушылық

Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.

Жұмбақ

Ырылдайды,үреді,

Үй маңында жүреді.

Иісін ол біледі,

Бөтен біреукелсе егер

Үріп белгі береді.

Мақал

Ит-адамның досы

Жұмбақ

Түссе күннің шуағы

Көзін жұмып алады.

Жылы жерді сүйеді, беті-қолын жуады.

Сөздік жұмыс: шуақ, адал

Иттер-ең сақ және адал достар. Жер бетінде ит тұқымдасының түрлері өте көп. Олар бізге қызмет етеді,үйді күзетіп,қиыншыққа тап болған адамдард құтқарады.

Пекинес- кішкентай ит . ол өзіне көп көңіл бөлгенді ұнатады.балалардың өзін құшақтап,жұлмалағанын сипалағанын ұнатпайды.

Чау-чау-арыстанға емес аюға ұқсайды. Олар өте байсалды,бірақ үйретуге келмейді. Бұл иттер аурушаң келеді.сол сбеппен оларға дер кезінде екпе жасау керек.

Мысықтар-адаммен бірге өмір сүреді,тышқан ұстайтынпайдасы бар. Мысықтың неше түрлі пайдасы бар.

Ангор мысығы-көңілді,қылықты мысық. Ойынпаз адамды жатырқамайды. Белсенді ,үйірсек,кіммен болсын тіл табысады. Мысықтардың тағы бірнеше түрлері бар.

Суреттерді қызыға қарайды.

Жұмбақты шешеді.

Жауабы: ит

Мақалды тыңдайды ,қайталайды.

Жұмбақты шешеді.

Жауабы: мысық

Қайталайды: шуақ,адал

Педагогтің әңгімесін тыңдайды,иттің және мысықтың тұқымдары туралы мағлұмат алады және ұсынылған иллюстрацияны қарайды.Ұйымдастырушылық

Ізденістік.

Ғажайып сәт

-балалар, бізге ит және мысық қонаққа келді. Олармен танысайық. Педагог жұмсақ ойыншықтар: ит және мысықты көрсетеді.-біздің қонақтарымыз Дос және Мурка. Олар сендерге көмек сұрау үшін келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе?Билингвальді компонент: ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья, үйшік-домик.Үлестірмелі матералға назарын аударады, жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.-үйшіктің шатырын қандай пішіннен жасаймыз?-ал негізгі ше?

-үйшіктің тағы несі бар?

Балаларды қауіпсіздіктің техникасын жөн-жосағымен,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырады.

  1. Жұмыс істегенде қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

  2. Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

  3. Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

  4. Қолыңдағы қайшымен жүгіруге болмайды.

  5. Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі, қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.

  6. Жұмыс аяқталғанда жұмыс орнын тазалап ,жинастыру қажет.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті

Мысығым,тұршы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Балалардың ішінен

Ең тапқырын таңдашы

Педагог ит пен мысық суреттерінің жапсырмаларын балаларға бір-бірден таратып береді. Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады.

Қонақтармен амандасады,

Қуаныштарын білдіреді.

Көмектесуге ынта білдіреді.

Билингвальді компонент: ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья, үйшік-домик

Үлестірмелі материалдарды қарастырады, сұрақтарға жауап береді,жұмыстың орындалу ретімен танысады.-шатыры-үшбұрышнегізгі-шаршы немесе тіктөртбұрыш-терезелері-шаршыдаӨлең сөздің мазмұнына қарай қимыл-қозғалыс жасайды. Балалар жапсырманы жабыстырады. «Абала» деп итке, «Марғау »деп мысықтың жапсырмасын жабыстырады.Рефлексиялық түзетушілік-қараңдаршы, балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді!Балалар Дос пен Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады. Сендермен қоштасып, қолдарын бұлғайды.

Балалар қуанышты көңіл күймен ойыншықтарды құшақтап,итпен және мысықпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды,үйшік жасайды.

Түсінеді:ит пен мысық тұқымдарының бірнеще түрі бар екендігін, олардың бір-бірінен айырмашылықтарын

Қолданылады: шаршы,тіктөртбұрыш,үшбұрышты қолданып үйшік жасайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
465
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі