400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

«Достарыма арналған үй»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған орта мен үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Геометриялық пішіндерден құралатын түсіндіру. Жұмыс істеу дағдыларын және қауіпсіз ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

« Балдырған» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. Өтілетін күні: 09.09.2016ж Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Аппликация. Тақырыбы: «Достарыма арналған үй» Мақсаты: Қоршаған орта мен үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Геометриялық пішіндерден құралатын түсіндіру. Жұмыс істеу дағдыларын және қауіпсіз ережелерін сақтауға тәрбиелеу. Қажетті құрал-жабдықтары: үлестірмелі материалдар, желім, түрлі түсті қағаздан жапсырмалар, сулық,қайшы, қиып алынған ит пен мысық жапсырмалары. Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, жұмбақ шешу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу,ояту.

Тақтаға ит пен мысық түрлі тұқымдарының суретін ілу. Жұмбақ Ырылдайды үреді Үй маңында жүреді. Иесін ол біледі, Бөтен біреу келсе егер, Үріп белгі береді. Мақал. Ит – адамның досы. Жұмбақ. Түссе күннің шуағы Көзін жұмып алады. Жылы жерді сүйеді, Беті-қолын күнде жуады.

Балалар суретерге қызыға қарайды.

Жұмбақты шешеді.


Жауабы: Ит.

Мақалды қайталайды.

Жұмбақты шешеді.

Жауабы: Мысық.

Ұйымдастыру, іздену.

Иттер – ең сақ және адал достар. Иттер адамдар қызмет етеді.Үйді, малдарды күзетеді. Иттердің тұқымдас түрлері өте көп. Сурет бойынша ит түрлерімен таныстырады.

Мысықта адамдармен бірге үйде өмір сүреді. Мысық тышқан аулағанды жақсы көреді. Оның да түрлері көп. Сурет бойынша түрлерінің атауларын атап, таныстыру. Ғажайып сәт: - Балалар, бізге ит пен мысық қонаққа келді. Олармен танысайық. Жұмсақ ойыншықтар: ит пен мысық көрсетіледі. - Біздің қонақтарымыз Дос және Мурка. Олар сендерден көмек сұрай келіпті. Олардың тұратын үйлері жоқ екен. Не істейміз? Оларға көмектесіп, үйшік салып береміз бе? Үлестірмелі материалдарға назарларын аударып, жұмыстың орындалу ретін түсіндіру. Үйшіктің суретін көрсетіп, үйдің шатыры қандай пішін, ал негізгі бөлігі қандай пішін? Үйшіктің тағы несі бар? Балаларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіре отырып, жапсыруға көмектеседі.

Сергіту сәті: Мысығым тұршы. Айнаға қарашы. Шашыңды тарашы. Балалардың ішінен Ең тапқырын таңдашы.

Тәрбиеші балаларға ит пен мысық жапсырмаларын таратып береді.

Балалардың жасаған жұмыстарын қадағалап тұрады.

Балалар ит пен мысықтың түрлерімен танысып, тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды. Ит пен мысық туралы өз ойларын айтады.


Қонақтармен амандасып, қуаныштарын білдіреді.


Көмектесуге ынта білдіреді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады. – Шатыры – үшбұрыш. – Негізі – шаршы. – Терезелері – төртбұрыш

Жұмысқа кірісті.

Өлең жолдарын қимылмен көрсетіп, бойларын сергітіп алады.

Жасырмаларды жапсырып шығады.



Рефлексиялық түзету.

Қараңдаршы, балалар, қандай керемет үйлер бой көтерді. Қонаққа келген Ит пен Мысық балаларға рахмет айтады. Балалармен қоштасады. - Не жапсырдыңдар? – Қонаққа нелер келді? - Қандай пішіндер болды? Балалардың жұмыстарын бағалау, мадақтау.

Балалар жасаған жұмыстарына мәз болады. Қонақтармен қоштасады.

- Үйшік жапсырдық. – Қонаққа ит пен мысық келді. – Үйшік үшбірыштан, шаршыдан, төртбұрыштан құрастырылады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Үйшік жасайды.

Түсінеді: ит пен мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екенін, олардың айырмашылықтарын;

Қолданады: геометриялық пішіндерді қолданды.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қараша
397
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі