400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

"Достаса білейік"

Материал туралы қысқаша түсінік
маған қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: Достаса білейік
Мақсаты: Баланың өзін - өзі тануына, достарын бағалауға, құрметтеуге үйрету, досының айтқанын аяғына дейін тыңдауға, кез келген уақытта көмектесе білуге тәрбиелеу. Ойындар арқылы есте сақтау, ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту.
Көрнекіліктер: суреттер, шарлар, гүлдер, жұмсақ ойыншықтар, кірпіштер (сурет жапсырылған), бетперде (ит), кеспе әріптер, айна, түрі - түсті бояулар, дидактикалық, қисынды ойындар.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, әр түлі ойындар, тосын сәт, психологиялық жаттығу, сиқырлы хат, жұмбақтар, мақал - мәтелдер, тақпақтар, сергіту сәт, сахналау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері.
Балалар: Армысың шұғылалы нұрлы күн!
Армысың мейірімді жер – ана!
Сәлеметсіздер ме қонақтар.
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз тату – тәтті болайық!
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы «Достаса білейік» - деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым - қатынасты, бір - біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Балалар сендер де бір - бірлеріңді ренжітпей тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы боласыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.
Таңғажайып сәт: (Осы кезеңде топқа есікті қағып Дымбілмес кіріп келеді)
Тәрбиеші: Балалар қараңдар бізге қонақ келіпті. Бұл кім болды екен?
Балалар: Дымбілмес.
Тәрбиеші: Дымбілмес сен неге есікті қатты қақтың?. Сені біреу ренжітті ме?
Дымбілмес: Менімен ешкім сөйлеспейді, ойнамайды, ешкім дос болмайды. (Дымбілмес жылайды).
Тәрбиеші: Балалар қалай ойлайсыңдар. Дымбілмеспен неге ешкім дос болмайды?
Балалар: Ол балаларды ұрады, мазақ етеді, жаман сөздер айтады.
Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтады. Осындай жаман қылықтарың үшін ешкім дос болмайды. Сен жаңа балалармен амандасқан жоқсың ғой.
Дымбілмес: Мен сәлемдесуді білмеймін. Маған оны ешкім үйреткен жоқ.
Тәрбиеші: Балалар достық сәлемдесуден басталады. Қанекей біз Дымбілместі сәлемдесуге үйретейік.
Ойын: «Сәлемдесу»
Балалар екі - үш жұптан бір - біріне қарап, әр түрлі елдің, адамдардың сәлемдесу рәсімін көрсетеді.
Азиз: - Ассалаумағалейкум.
Бектұрған: - Әлекумассалам.

Тәрбиеші: Рахмет балалар.
Өте жақсы балалар, достар бір - бірімен қалай танысады, амандасады.
Менің атым Мариям, Сәлем!
Сәлем, менің атым Кәусар.
Дымбілмес: О, қандай керемет!. Мен сендерден танысуды, дос болуды үйрендім. Енді достарыма барып, осының бәрін көрсетемін. Рахмет балалар.
Тәрбиеші: Дымбілмес балалармен бірге ойынын көріңіз, сабаққа қатысыңыз.
Сергіту сәті: «Шаңырақ»
Балалар: Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Ойын: «Менің досым»

Балақайлар, сендермен ойын ойнағым келіп тұр, ойын барысында сендерге сұрақ қоямын. Сендер иә немесе жоқ деп жауап бересіңдер, келістік пе балақайлар?

  1. Сендер достарыңды жақсы көресіңдер ме?

  2. Достарыңды сағынасыңдар ма?

  3. Достарыңа жылы сөз айтасыңдар ма?

  4. Достарыңды ренжітесіңдер ме?

  5. Достарыңа көмектесесіңдер ме?

  6. Достарыңа жамандық ойлайсыңдар ма?

  7. Әрқашан бірге жүресіңдер ме?

  8. Достарыңа реніштерін бар ма?

  9. Достарыңмен татусыңдар ма?

  10. Достарыңа сыйлық жасайсыңдар ма?

Жарайсыңдар, балалар! Сендер ойынды керемет ойнап, дұрыс жауап беріңдер. Сендерге ризамын. Сендер өте ақылды, тәртіпті балалар екенсіңдер!

Дос туралы мақал-мәтелдер, тақпақтар

Амир

Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіртіп айтады

Жаман достан мың сақтан

Жаман жолдастан жақсы жұшпан артық

Амиля

Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды

Дос та дос, дұшпанда мал дос мал барында

Омар: досы көпті жау алмайды

Досы көппен сыйлас досы азбен сырлас

Азиз

Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын, ол әрқашан сенімді

Досың дос болғанға шаттан, дұшпанмен дос болудан сақтан

Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

жақсы дос үшін жан пида

Дос болсаң берік бол

Досыңа серік бол

Жасмин

Дос-ажарың,жолдас-базарың

Жолдасың көп болса, жалғызбын деме

Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар

Әділет

Адал досты көздесең

Досыңды іздесең

Адал досың көп болса

Болады досың теңімен

Инаят: Балдырған баламыз

Досты көп табамыз

Қашанда, қайда да

Достар бір-біріне

Сенімді боламыз

Ойын: «Нағыз болайық»

Қосыл,қосыл шеңберге

Нағыз адал дос болып

Қосыл,қосыл шеңберге

Нағыз зиян дос болып

Қосыл,қосыл шеңберге

Ең сенімді дос болып

Қосыл,қосыл шеңберге

Ең сараң дос болып

Қосыл,қосыл шеңберге

Нағыз қамқор дос болып
Тәрбиеші: Балалар бізге сиқырлы хат келіпті. Қане ашып оқып көрейік. Бұл хатта достыққа байланысты ережелер жазылған.

Дана. Достарыңа көмектес, егер қолыңнан бір нәрсе келсе оларға үйрет. Достарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс

Али: егер досың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін айтып, түсіндір. Досыңмен ойна, мақтанып кетпе. Досыңның жетістігіне қуан
Ойын: «Менің айтуым бойынша».
Ойын шарты: Балалар мен бір баланы суреттеп айтамын, сендер сол баланы табуларың қажет (ол кім?) 2 – 3 баланы суреттеп айту.
Дымбілмес: Балалар, сендерге көп рахмет! Дос қандай болу керектігін түсіндім,енді достарымды ренжітпеуге тырысамын!

Тәрбиеші: «Өзің жақсы болсаң досың да көп болады».
«Жолдасы көптің олжасы көп» деген осыдан шыққан, бәріміз дос болып, қуанышымызды бірге бөлісейік.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 наурыз
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі