Материалдар / "Достасайық бәріміз" Ертеңгілік Балабақша Ортаңғы топ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Достасайық бәріміз" Ертеңгілік Балабақша Ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
1 мамыр күніне арналған ертеңгілік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1132
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Зеренді ауданыАқкөл ауылы«Бөбек» сәбилер балабақшасы





Тәрбиеші: Аристанова Д.С.



























Балалар залға әуенмен кіреді, қолдарына шар ұстаған. Зал іші "Бірлік күніне" арнап безендірілген.Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен әріптестер!«Татулық - достықтың киелі бесігі» атты мерекелік іс - шараға қош келіпсіздер!Хор: "Балдырғандар маршы".Жүргізуші: Қар еріп, су көбейіп,Сай-салаға ағады.Бүршік шашып, жапырақ ашып,Гүл бәйшешек басады,Бөбектерім,айтыңдаршы,Бұл қай кезде болады?
  • Көктемде.
  • Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?
  • 8-наурыз, 22- наурыз.
  • Бүгін біз қандай мерекені өткізгелі отырмыз?
  • 1 мамыр бірлік күнін.
  • Біздің мемлекетімізде қандай ұлттар тұрады?
  • Орыс, өзбек, түрік, шешен, кәріс т.б ұлт өкілдері бар.
  • Осы барлық халықтар бір-бірімен дос, бауыр, жолдас. 1- мамыр Қазақстан халықтары үшін «Бірлік күні» деп аталған. Барлық ұлт өкілдері осы мерекені қуанышпен қарсы алады. Би билеп, ән салып, бір-біріне жақсы жылы сөздер айтып, жақсы тілек тілейді. Бүгін біз өз өнерлерімізді ортаға саламыз.
Хор: "Май жыры"Жүргізуші:   Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске                        Айта бергім келеді, айта бергім.Алғашқы сөз кезегін өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық өнерімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне береміз.(Қазақша әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген қазақтар шығады.)Би: "Қаражорға"Ризада: Мамырдың бірі, достық күні             Ән салып, билеген халықтың үні.             Тұтасып, тойлаған ұлттар,             Керемет мереке, мамырдың бірі.Нұрайым: Достық – шырағымыз,                  Достық – ұранымыз.                  Достық туымыз,                  Достық әніміз.Алдияр:    Бейбітшілік ұраны,                 Жарқыраған алтын күн.                 Ән қанатты қыраны                 Еркіндігі халқымның.Жүргізуші: Жырласа қазақ, түркімен,Молдаван, грузин үн қосқан.Дос жүректер біріккен,Мейірлері жарасқан.Сахнаға грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз. Би: "Грузин"Артем:  Достықты үлгі санаған,                 Бір үйде біз тұрамыз.                 Қалған ата-бабадан,                 Бірлік асыл мұрамыз.Айбек: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,                Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.                Бүгінде бар әлемге данқың жетті,                Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.Сезім: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,               Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.               Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,               Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.Хор: "Ағайынбыз бәріміз"Жүргізуші:Тілі басқа тілегі бір біргеміз,Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран бопТатулықтан бұзылмасын іргеміз.Сахнаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға орыс халқының ұлт өкілдері шығады. )Би: "Орыс"Көрініс: «Бірлік»Жүргізуші: Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады. Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.Жүргізуші:Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә!- Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді.- Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?Балалар: Дүниежүзінде бәріміз жақсы көретін нәрсе тыныштық, бірлік.Аделя: Жасампаз жыр - әнім, Өзіңсің ғажапстан .            Өсиет, ұраным,           Отаным –Қазақстан.Димаш: Біз балдырған тең басқан!                  Дос құшағын кеңге ашқан.                  Тілегіміз әділдік!                  Ашық болсын кең аспан!Ерсін:  Дос болайық бәріміз,                 Жарасып тұр әніміз.                 Тыныштықты сақтаймыз,                 Атсын күліп таңымыз!Жүргізуші: Қадірменді бір досымыз- өзбегім,Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,Өз көзімдей күлімдейді көздерің, - деп сахнаға өзбек ағайындарымызды шақырамыз(Сахнаға Өзбек халқының ұлт өкілдері шығады. )Би: "Өзбек"Жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,Кімдер қашсын қазақтайын ер елденДостығымыз ғасырларға жарасқанТуған елім,шарықтай бер кемелден, - дей отырып, осымен 1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік іс- шарамыз аяқталды. Мереке құтты болсын ағайын!. Барша халыққа ортақ мекен болып отырған Қазақстанымыз жасай берсін! Барлығымыз бірге балалардың «Вальс» биін тамашалайық.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!