жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Достығымыз жарасқан»
«Достығымыз жарасқан»
Мақсаты: 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету.Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар,
ұлттық киімдер мен жалаушалар.
Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар!
Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қазақ халқы - халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан, болған ақ бесік ата мекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.
Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.
Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай- дей отыра ортамызға
Қазақ халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық.
( Айару, Амирхан, Аягөз, Аңсар)
Келесі кезекте көршілес Орыс халқының өкілдерін ортаға шақырайық.
( Мансура , Думан)
Ендігі кезекте коршилес өзбек ұлтының өкілдерін ортаға шақырамыз.
(Талшын , Мухаммед)
Келесі кезекте грузин ұлтының өкілдерін ортаға шақырамыз.
(Сезім, Елнар , Жігер, Сезім)
Гимн
Ендігі кезекті ұлттар достығы жайлы ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі: Мөлдір Балғабайқызына сөз береміз.
Хор «Дос болайық бәріміз»
Шұғыла. Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Азамат: Қазақ елі қашаннанда жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүріп келеді.
Жұбаныш: Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
Інжу: Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Кәусар: Мамырдың бірі, достықтың күні,
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке мамырдың бірі.
Дамир: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монгол, ұйғыр, дүнгендер,
Армиян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Мирас: Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Хор: «Бақытты баламыз»
Би: «Грузин биі» Шұғыла Азамат
Назым: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән- жырымыз.
Мерекелі мерейлі айдың басы,
Құтты болсын бірінші мамырымыз!
Сезім: Болсын жермен су да ортақ,
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ұлан: Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр,
Бірімен- бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Мейіржан: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Бір отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз
Жұлдыз: Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала, тауымыз.
Жанель: Бір-бірімен тату тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде,
Ағылады өлең жырдың бұлағы.
Дінмұхаммед: Достар тату-тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз.
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
Хор: «Достық жыры»
Би: «Өзбек биі» Інжу Жұбаныш
Жаннұр: Ынтымағы жарасқан береке күн,
Арналатын ең тәтті ән- жырымыз.
Татулық, достығың арта берсін,
Құтты болсын бүгінгі мереке күн.
Жасұлан: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Нұрхан: Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Әбу: Достық- шырағымыз,
Достық-ұранымыз,
Достық-туымыз,
Достық әніміз.
Айзере: Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақытшымын әлемге
Ұмытылмас асылсын.
Нұрзат: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны,
Еркіндігі халқымның.
Хор: «Достық»
Би: «Орыс биі»
Балхадиша: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Ақмырза Біз балдырған тең басқан,
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік,
Ашық болсын кең аспан.
Бекжан Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер,
Би: «Қаражорға» Назым Мирас
Жүргізуші: Ағайын, туған бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1-Мамыр мерекесі дүние жүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр түрлі ұлттар тату- тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» -деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.
Осымен «Аққайын» МДТ тобының «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Тәрбиеші:
Гүлсан
Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі,
Абай БМ жанындағы
шағын
орталық
Тақырыбы:
Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта
Мақсаты:
Балалардың
бірлік, ынтымақтастық
туралы түсініктерін
кеңейтіп,
көп
ұлтты
халқымыздың
тыныштығы
мен бірлігін нығайтуға
ат салысатын азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Ұрандар,
қима
көгершіндер,
шарлар, гүлдер,
ұлттық
костюмдер.
(Ән
ұран
орындалады.)
Жүргізуші:
Бірлік
пен ынтымағы
халықтың
-
Көгімізде
жарасқан
жарық
күн!
Ырыс,
дәулет
бақыты
үшін
халықтың,
Жайнай
берсін, жайнай берсін алтын күн!
-
дей келе Қазақстан
халқының
бірлігіне арналған
«Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта»
атты мерекемізді тамашалауға
шақырамыз.
Жүргізуші:
Бұл
мереке бұрын
бүкіләлемдік
«Еңбекшілер
күні»
болып тойланды.
Қазір
ол «Дүниежүзілік
ынтымақтастық
күні»
болып есептеледі.
(«Елім
менің»
атты ән
орындалады)
Оқушылар
әр
ұлттың
киімдерін киіп, шеруге шығады.
(Монтаж)
1-оқушы:
Жан
біткендей жас тауға,
Шуақ
ойнап арайлы.
Күн
күлімдеп
аспанда,
Мамыр
әні
тарайды.
Жайдары
жаз түрге
еніп,
Жадыратты
жанымды.
Жер-дүние
тербеліп,
Дала,
қала
құлпырды.
2-оқушы:
Болсын
жер мен су да ортақ.
Болсын
біздің
ту да ортақ.
Ақпыз,
қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
3-оқушы:
Сары,
ақпыз,
қарамыз,
Бәрімізде
баламыз.
Біз
Отанда тұрамыз,
Біз
мектепке барамыз.
4-оқушы:
Алтай,
Кавказ ұласып,
Бауырайы
кең
жатыр.
Бақытты
әні
асқақтап,
Құлаққа
даусы кеп жатыр.
5-оқушы:
Қырғыз,
қазақ,
өзбектер,
Моңғол,
ұйғыр,
дүнгендер,
Армян,
тәжік,
грузин,
Орыс
пенен украин,
Терезесі
тең
жатыр.
6-оқушы:
Енді
бүгін
қарасам,
Айналам
бақыт
кең
жатыр.
Бірімен-бірі
туысқан,
Қол
ұстасқан
ел жатыр.
7-оқушы:
Достығымыз
жарасқан,
Ақпыз,
қара,
сарымыз.
Қара
жер мен көк
аспан,
Ортақ
дала тауымыз.
8-оқушы:
Ортақ
жұтар
ауамыз,
Ортақ
жарық
күніміз.
Достық
туған
анамыз,
Жердің
қызы,
ұлымыз.
Хормен:
Отан
ортақ,
Жер
ортақ,
Еңбекпен
қостық
тағдырды.
9-оқушы:
Алтын
бесік-ағайын,
жұрт
туғаным,
Дос
байыса қыза
түсер
думаның.
Барлық
ұлттың
өкілдері
жарасып,
Асырайық
іс-жүзінде
Тіл заңын.
10-оқушы:
Қазақ
елі-қашаннан
да жыр елі,
Тарихында
тұлғалар
көп
киелі.
Қазақстан
аясында бұрыннан,
Бірнеше
ұлт
өмір
сүреді.
11-оқушы:
Бір-бірімен
тату тәтті
тұрады,
Бәрінің
де Қазақстан
- тұрағы.
Туған
жерге тебіренген сәттерде.
Ағаларды
өлең-жырдың
бұлағы.
12-оқушы:
Бойымызда
әлі
бұлақ
жатыр бұрқырап,
Сол
бұлақтан
сыр ағыздым
жыр құрап.
Тілейтінім
барша ұлтқа
бір ғана
Ырыс,
бақыт,
татулық
пен ынтымақ!
(Орыс
биі)
Жүргізуші:
Отаным
ордасы ғой
игіліктің,
Көңіліне
күн
орнатқан
күлкі
жұрттың.
Шаңырағы
кң
биіктен Отанымның,
Баянды
бағы
өрлеген
әрбір
ұлттың!
-демекші
біздің
Республикамызда әр
ұлшттың
өкілдері
тұрады.
Жүргізуші:
Ел
тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың
қасиетті
көзіміз.
Барлық
ұлтпен
бауыласып жетерміз,
Ақ-қараны
тіліп тұрса
сөзіміз.
-
дегендей XXI ғасырда
Қазақстанда
бейбітшілік, тыныштық
болып,
еліміздің
егемендігі ұзағынан
болсын деп тілейміз.
(Ән
«Атамекен»)
Жүргізуші:
Міне,
осындай кең
байтақ
Республикамыздың
егінді даласы, күмісін
шашқан
көлдері,
кенге байтақ
өңірі,
малға
толы өрісі,
Қазақстан
Республикасының
болашақ
ұрпағы,
келешек азаматтары,
сендерге өсиет
болып қалады.
Елбасының
«Қазақстан-2030»
бағдарламасында:
«Қазақстан
келешекте дамыған
мемлекеттердің
біріне айналуы үшін
мұнда
тұратын
барлық
халықтар
өзара
достығы
мен бірлігін нығайтып,
сапалы білім, саналы тәрбие
алуға
құлшына
алу
керек» делінген.
Би.
Жүргізуші:
Мамыр
қандай,
шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала
жасыл кілем жамылған
жай.
Алатауым
басына ақ
шәлі
орап,
Мойнына
гүлден
алқа
тағылғандай.
Мамыр
қандай,
шіркін-ай құлпырады.
Күй
толқын
көңіліне
жыр тұнады.
Жыл
еркесі гүл
мамыр,
сұлу
мамыр,
Секілді
адамзаттың
ынтымағы.
Өлең.
Жүргізуші:
Егемен
ел болдық,
қаһарман
ерлікпен.
Бағымыз
жанады, бауырмал елдіктен.
Қазақтың
мерейі жұлдыздай
жоғары,
Мәңгілік
жасаймыз бірлікпен, ерлікпен.
Халқымыздың
қанға
сіңген
осы берік бірлігі, ұйымшылдығы,
басқа
халықтармен
одақтасып,
достаса білуі жеңістен
жеңіске
жеткізеді.
Би.
Жүргізуші:
Бірлік
- халық
салты. «Халқымыздың
бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл
елдің,
барлық
адам баласының
бірлігімен ұласады».
Бейбітшілік
құсы,
ақ
көгершін,
Биік
ұшып
самғасын.
Тілегімізді
жерге жайсын,
Қанаттары
талмасын.
Ән.
Қағаздан
жасалған
ақ
көгершіндерді
биікке шарға
байлап ұшыру.
Барлық
қатысушылар
бірге шығып,
көрермендермен
қоштасады.
Жүргізуші:
Осымен
мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Көріп
тамашалағандарыңызға
көп
рахмет.
Ұлт бірлігі – ұлы байлық
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Қолдарында шарлары, жалаушалары бар әсем киінген балалар мерекелік әуенмен кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар
құрметті қонақтар, қадірлі балалар!
1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы
мен бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі
күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан
халықтарының бірлігі күні мерекесі
қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық»
атты ертеңгілік өткізіп отырмыз.
Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан
ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі
мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы
жағдай жасалған.
Жүргізуші: Ата-бабам
ежелден-ақ дос қылған,
Татар, қазақ
болашақты тосты алдан,
Сол достығын
тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн
мерекеде жайнаған.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір сүреді. Осы достыққа арналған ән-жырларымызды бастайық.
Хор: « »
Жүргізуші: Енді балаларымыздың 1 мамырға арналған жыр шумақтарына кезек берейік.
Айзере: Бірінші май бүгін,
Мереке келді деп.
Көк аспан айдыны,
Ашылды мөлдіреп.
Асылжан: Май келді,май келді,
Бүгін мейрам алақай.
Көңілді әнді біз,
Шырқайық бәріміз.
Алихан: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Айбын: Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Ән: «Көктем»
Алмас: Дайын қағаз, қаламым,
Бояу таңдап аламын,
Ақ көгершін, көк аспан,
Суретін мен саламын.
Бақдәулет: Май келді сән құрып,
Жасарып,жаңғырып.
Құлпырды, көктеп жер,
Мерейлі таң күліп.
Дильназ: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Жүргізуші: Ортаға орыс ұлтының өкілдерін шақырамыз, мерекеге әкелген шашуларын тамашалайық.
Тақпақтар:
Жүргізуші: Ендігі кезекті жыр шумақтарына береміз
Әли: Көктем келді май келді,
Мамыражай ай келді.
Тал теректер түрленіп,
Жапырағын жайды енді.
Бексұлтан: Анамыздай елжіреп,
Көкте күліп күн тұрар.
Жалауымыз желбіреп,
Қызғалдақтай құлпырар.
Жүргізуші: Жырласа
қазақ, түркімен,
Молдаван, грузин үн
қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері
жарасқан.
Сахнаға грузин ұлтының өкілдерін шақырамыз.
Би: « Грузин » Билейтіндер: Топ ұлдары
Хор: «Бірінші мамыр»
Жүргізуші: : Ән-жыр
десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай
көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз
ағам – дейді қазақ
Дастарханнан
дәм-тұзы бөлінбеген– дей келе сіздердің
алдарыңызда бүлдіршіндер өзбек ұлтының
өкілдері әкелген өнерін тарту етеді.
Би:
«Өзбек биі» Билейтіндер: Топ
қыздары.
Жүргізуші:
Тәуелсіздік кеңдігің
Кескен халық
бірлігі
Ынтымағы барша елдің
Нұрын
шашқан күн бүгін.
Олай болса,
балаларымыздың мамыр мерекесіне арналған
өздерінің тақпақтарын тыңдайық.
Диас: Қуанышты
май келді,
Алақай-ай, алақай,
Шырқа
шаттық әндерді,
Көшеге шық, балақай.
Гүлханым: Барлық
елдің бөбегі,
Бір-бірімен
туысқан,
Бәрімізге төгеді,
Өз
шуағым күміс таң.
Шұғыла: Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.
Балауса: Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Даниял: Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Сәбинұр: Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші: Қазақстанымыздың
қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз
бірлігіміздің берекесін арттыра берсін,
бейбітшілік мәңгі ажырамас серігімізге
айналып, еліміз бен жеріміз, халқымыз
аман болсын. Бұл мереке бізбен бірге
ғасырларға ұлассын. Бейбіт аспан астында
достығымыз нығайып, еліміз өркендей
берсін деген игі тілекпен бүгінгі
мерекелік ертеңгілігімізге қатысқандарыңызға
рахмет айтамыз.
Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген