400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Достығымыз жарасқан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Достығымыз жарасқан»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту, достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.
(Ән ұран орындалады.)
1-Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар! 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
2-Жүргізуші: Здравствуйте уважаемые гости! 1-мая «день единство народов»

3-жүргізуші: Hello dear guests! 1-May- Day of Unity
1-жүргізуші.Ортақ мекен жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан-    дей келе бүгінгі «Достығымыз жарасқан» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші:Добро пожаловать на наш праздничный утренник.

3-Жүргізуші: Welcome to our holiday matinee!

My motherland, my dearland

Let my land be in peace.

Be happy land,

Be happy people


(«Елім менің» атты ән орындалады)
Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, шеруге шығады. (Монтаж)
Әділет:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.

Жәния:
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
алинұр:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
Аслан :

Көк туымды қолыма Бүгін берік ұстадым Түсті бақыт жолына Менің Қазақстаным.
Инабат:
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Балжан:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Жанерке:
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.
Нұрислам Т:
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Балнұр:
Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.
Б.Айзере:
Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүреді.
Раян С:
Бойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!

1 жүргізуші: Сахнаға қазақ халқының өкілдерін шақырып, өнерін тамашалайық.
1-бала:
Қазақ елі кең байтақ және өте бай. Табиғаты әр алуан. Қазақстанның тарихы талай мыңдаған ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Талай белестерді өткізген қазақ халқы егемендік алды. Елімізде 16 миллионнан астам адам тұрады.
2-бала Аяжан: Біз
қазақпыз, батырмыз,
Байта
қ ел боп жатырмыз.
Біз
қазақпыз, арманбыз,
Батыр ел боп
қалғанбыз.
Біз
қазақпыз қаһарман
Жар салатын жа
һаннан.
Біз
қазақпыз, арыспыз,
Ер ж
үректі барыспыз.


Оркестр сүйемелдеуімен «Еркемай» әні орындалады.

2 жүргізуші: Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,
Қаны, тілі жатыр ғой араласып.
Отбасылы
қ бақыты ортақ болсын,
Қол ұстасып, еңбек ет, далаға шық!
1 ж
үргізуші: Ортамызға орыс халқы өкілдерін шақырайық.
1 Ресей елінің ресми атауы - Ресей Федерациясы. Астанасы - Москва. Халқы - 143, 2 млн адам. Ұлттық ақшасы - рубль. Ресми тілі - орыс тілі.


Еркежан: Мир-сольнышку и детям

Мир-природе, мир-весне

Мир-былинке, мир-планете

Мир – всем людям на Земле

Айша: Ортақ мекен жер шары,
Т
өбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Досты
ғымыз жарасқан.

Омар:Ортақ бізге бір Отан,
Орта
қ жердің байлығы.
Е
ңбек ортақ, жыр ортақ,
Орта
қ бізге барлығы.

(Орыс биі)

1 жүргізуші: Сахнаға өзбек ұлтының өкілдерін қошеметпен шақырайық.
Жанмерей: Дос болайы
қ бәріміз,
Жарасып т
ұр әніміз,
Тынышты
қты сақтаймыз,
Атсын к
үліп таңымыз.

Өзбек биі: «Балауса » бишілер тобы

2 жүргізуші: Құрметті көрермен, татар халқының өнерін тамашалайық.

Айбек:

Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері ж
үріңдер,
Досты
қ жырын біліңдер,
Ту
ғып ұстап бірлікті,
Е
ңбекті сүйіңдер.

2 ж
үргізуші: Қошеметпен алдымызға грузин халқын шақырайық.
Би. «лезгинка»



Жүргізуші:
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
 Ән «Атамекен».

Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық қатысушылар бірге шығып, көрермендермен қоштасады.
Жүргізуші:
Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1108
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі