Тақырыбы:
«Достығымыз
жарасқан»
Мақсаты:
Қазақстан
Республикасының халықтар достығы еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту,
достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Көп
ұлтты
халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат
болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық
костюмдер.
(Ән ұран
орындалады.)
1-Жүргізуші:
Армысыздар,
құрметті қонақтар!
1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі
күні құтты
болсын!
2-Жүргізуші: Здравствуйте уважаемые гости!
1-мая «день единство
народов»
3-жүргізуші: Hello dear
guests! 1-May- Day of
Unity
1-жүргізуші.Ортақ
мекен жер
шары
Төбемізде бір
аспан
Барлық
ұлттың
баласы
Достығымыз
жарасқан- дей келе бүгінгі
«Достығымыз
жарасқан» атты ертеңгілігімізге қош
келдіңіздер!
2-Жүргізуші:Добро
пожаловать на наш праздничный
утренник.
3-Жүргізуші:
Welcome to our holiday
matinee!
My motherland, my dearland
Let my land be in peace.
Be happy land,
Be happy people
(«Елім менің» атты ән
орындалады)
Балалар әр ұлттың киімдерін киіп, шеруге
шығады. (Монтаж)
Әділет:
Жан біткендей жас
тауға,
Шуақ ойнап
арайлы.
Күн күлімдеп
аспанда,
Мамыр әні
тарайды.
Жәния:
Болсын жер мен
су да ортақ.
Болсын біздің
ту да ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
алинұр:
Сары, ақпыз,
қарамыз,
Бәрімізде
баламыз.
Біз Отанда
тұрамыз,
Біз мектепке
барамыз.
Аслан
:
Көк
туымды қолыма Бүгін
берік ұстадым
Түсті
бақыт жолына
Менің
Қазақстаным.
Инабат:
Қырғыз, қазақ,
өзбектер,
Моңғол, ұйғыр,
дүнгендер,
Армян, тәжік,
грузин,
Орыс пенен
украин,
Терезесі тең
жатыр.
Балжан:
Енді бүгін
қарасам,
Айналам бақыт кең
жатыр.
Бірімен-бірі
туысқан,
Қол ұстасқан ел
жатыр.
Жанерке:
Достығымыз
жарасқан,
Ақпыз, қара,
сарымыз.
Қара жер мен көк
аспан,
Ортақ дала
тауымыз.
Нұрислам
Т:
Ортақ жұтар
ауамыз,
Ортақ жарық
күніміз.
Достық туған
анамыз,
Жердің қызы,
ұлымыз.
Балнұр:
Алтын бесік-ағайын, жұрт
туғаным,
Дос байыса қыза түсер
думаның.
Барлық ұлттың өкілдері
жарасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл
заңын.
Б.Айзере:
Қазақ елі-қашаннан да жыр
елі,
Тарихында тұлғалар көп
киелі.
Қазақстан аясында
бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір
сүреді.
Раян
С:
Бойымызда әлі бұлақ жатыр
бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр
құрап.
Тілейтінім
барша ұлтқа бір ғана
Ырыс, бақыт,
татулық пен ынтымақ!
1 жүргізуші:
Сахнаға
қазақ
халқының
өкілдерін
шақырып, өнерін
тамашалайық.
1-бала: Қазақ
елі
кең
байтақ
және
өте бай.
Табиғаты әр
алуан. Қазақстанның
тарихы талай
мыңдаған
ғасырларды қамтиды, жері шежірелі. Талай
белестерді өткізген қазақ
халқы егемендік алды. Елімізде 16
миллионнан астам адам тұрады.
2-бала Аяжан: Біз қазақпыз, батырмыз,
Байтақ
ел боп жатырмыз.
Біз қазақпыз, арманбыз,
Батыр ел боп қалғанбыз.
Біз қазақпыз қаһарман
Жар салатын жаһаннан.
Біз қазақпыз, арыспыз,
Ер жүректі
барыспыз.
Оркестр сүйемелдеуімен
«Еркемай» әні
орындалады.
2 жүргізуші:
Орыс, қазақ
туыс боп
ағаласып,
Қаны, тілі
жатыр ғой араласып.
Отбасылық
бақыты
ортақ
болсын,
Қол
ұстасып,
еңбек ет,
далаға
шық!
1 жүргізуші:
Ортамызға орыс
халқы
өкілдерін
шақырайық.
1 Ресей елінің ресми атауы - Ресей Федерациясы. Астанасы -
Москва. Халқы - 143, 2 млн адам.
Ұлттық ақшасы - рубль. Ресми тілі - орыс
тілі.
Еркежан: Мир-сольнышку и детям
Мир-природе, мир-весне
Мир-былинке, мир-планете
Мир – всем людям на Земле
Айша: Ортақ
мекен жер шары,
Төбемізде бір
аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Омар:Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
(Орыс
биі)
1 жүргізуші:
Сахнаға
өзбек ұлтының
өкілдерін қошеметпен
шақырайық.
Жанмерей: Дос болайық
бәріміз,
Жарасып тұр
әніміз,
Тыныштықты
сақтаймыз,
Атсын күліп
таңымыз.
Өзбек биі: «Балауса » бишілер
тобы
2 жүргізуші: Құрметті
көрермен, татар
халқының
өнерін
тамашалайық.
Айбек:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық
жырын
біліңдер,
Ту ғып
ұстап бірлікті,
Еңбекті
сүйіңдер.
2 жүргізуші: Қошеметпен
алдымызға
грузин халқын
шақырайық.
Би.
«лезгинка»
Жүргізуші:
Бейбітшілік құсы, ақ
көгершін,
Биік ұшып
самғасын.
Тілегімізді жерге
жайсын,
Қанаттары
талмасын.
Ән
«Атамекен».
Қағаздан
жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық
қатысушылар бірге шығып, көрермендермен
қоштасады.
Жүргізуші:
Осымен
мерекелік кешімізді
аяқтаймыз.
Көріп
тамашалағандарыңызға
көп
рахмет