жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Достық - асыл қасиет. 7- сынып
Сабақ жоспары
|
Сабақ: 2 |
Мектеп: |
|||||||||||
|
Күні: |
Мұғалім: |
|||||||||||
|
Сынып: 7 Т1 |
Қатысқан оқушылар саны: 19 |
Қатыспағандар:2 |
||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Достық – асыл қасиет |
|
|
|||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
7.Т/А3 Мәтіннен ақпаратты анықтау. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7.Ж3.Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну. |
|||||||||||
|
Бағалау критерийлері: |
|
|||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар орындай алады: тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Көпшілігі орындай алады: мәтінді түсініп, факті мен көзқарасты ажырата алады. Кейбіреуі орындай алады: факті мен көзқарасты ажыратып, жазба жұмысын әр түрлі формада ұсына алады. |
|||||||||||
|
Тілдік мақсаттар: |
Пән лексикасы және терминология: Достық туралы ойлар, мақалдар, факт мен көзқарас Жзылым үшін қажетті сөз тіркестер: Менің ойымша; пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін; оның мынадай себептері бар; себебін былай түсіндіремін. |
|||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Достық тақырыбы. |
|||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||||||
|
Сабақтың басы 3 минут 5минут Сабақтың ортасы 3 минут 7 минут 6 минут 7 минут 3минут |
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал. «Ішкі, сыртқы шеңбер» Оқушылар бір-біріне қарап ішкі , сыртқы шеңберге тұрады мұғалімнің айтуы бойынша қимылдар жасайды. Ішкі шеңбер жүріп отырады. 1.Бір – біріңмен қол беріп амандасыңдар. 2.Арқадан қағамыз. 3.Бір-бірімізге жымиямыз. 4.Бір-бірімізге көзімізді қысамыз. 5.Бір-бірімізге қол былғаймыз. Ал балалар көңіл күйлеріңіз қалай? Топқа бөлу. оқушылар бір шеңберде тұрып 1,2,3 саналу арқылы үш топқа бөлінеді. Тақырыпты ашу. Әли мен Аяның достық туралы әнін тыңдап, тақырыпты анықтайды. Ойтүрткі сұрақтары: «Алтын сандық» әдісі. Әр топтың топ басшылары сандықтан сұрақ алып, жауап береді. Үш топқа үш сұрақ қойылады.
Мұғалім кері байланыс береді. Тыңдалым тапсырмасы:. Факті мен көзқарасты ажырата білу үшін теориялық материалдар еске түсіріледі.
Оқушыларға «Достық туралы ойлар» атты мақала тыңдатылады. 1-ТОП Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ. 2-ТОП «Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы. 3-ТОП Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы. Оқушылар топта мақалада айтылған ақпараттардан көзқарас пен фактіні постерде анықтайды.
Дескрипторлар:
Жазылым тапсырмасы. ЖЖ.ТЖ Тыңдаған мәтіннен алған ақпаратты «Достық-асыл қасиет» тақырыбын сипаттайтын мәтін, 1 шумақ өлең , 5 жолды өлең жазу. Әр топқа кеспе қағаздар таратылады. (мәтін құрыңдар, 1 шумақ өлең, 5 жолды өлең) «Автор орындығы» стратегиясы арқылы оқушылар жазған мәтіндерін оқып, бір-бірлерін бағалайды. «Автор орындығына» кез келген оқушыны шығаруға болады. Дискриптор:
|
Презентация http://wiki.iteach.kz/images/b/b6/Dostar6.pdf Тыңдалым материалы http://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/21979/ http://massaget.kz/layfstayl/bilim/negeli-mir/1524/ |
||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Рефлексия: |
|
||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
||||||||||
|
|
|
|
||||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым. |
||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген