400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Достық - біздің тірегіміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар! 1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достық - біздің тірегіміз» атты ертеңгілігіміз өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Достық – біздің тірегіміз!» атты 1 мамыр – Халықтар бірлігі күніне арналған ертеңгілік

 Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, «1-Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.


Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.


Тәрбиеші: Армысыздар құрметті ата-аналар, қонақтар, балалар!

1-Мамыр – Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын!Бүгінгі күн ерекше, өйткені 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Достық - біздің тірегіміз» атты ертеңгілігіміз өткізіліп отыр. Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде.

Бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 - Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз ************ беріледі. (Құттықтау сөз )

 

Тәрбиеші :

Мамырдың бірі, достықтың күні

Ән салып, билеген халықтың үні.

Тұтасып тойлаған ұлттардың бәрі,

Керемет мереке, мамырдың бірі.

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

Бүгінгі мерекеге біздің шағын орталықтың бүлдіршіндерінің сіздерге арнаған шағын концерттік бағдарламасын бастауға рұқсат етіңіздер.

 Әнұраным – жан ұраным,

Туған жерім – сағынарым,

 Мәңгі бақи шырқалады

 Республика әнұраны.         

(ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады) 

Еркежан:

Туыспыз біз бәріміз,

Бір отанды сүйеміз.

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз.

Ілияс

Бұл гүлденіп жайнаған,

Туысқандар отаны.

Қарақат

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!

Әрқашан дос біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ерасыл

Барлық елдің баласы,

Бір-бірімен туысқан.

Дәуіт:  

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қалған ата-бабадан,

«Бірлік» асыл мұрамыз.

Диана: 

Біз балдырған тең басқан!

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз- бейбіт күн!

Ашық болсын кең аспан!

Азиза

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз

Мейрамбек

Бейбітшілік ұраны,

Жарқыраған алтын күн.

Ән қанатты қыраны

Еркіндігі халқымның

Айзере

 Достық - біздің туымыз,

 Достық - біздің әніміз.

Ислам

Ағайын-туған – бар адам,

Адалдық үшін жаралған.

Бар қымбаты туыстық,

Баянды болсын тыныштық!


Барлығы:

Ақпыз ,қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.


Тәрбиеші :

Бейбітшілік құсы ақ көгершін

Биік ұшып самғасын.

Тілектерді елге жайсын,

Қанаттары талмасын.

Би «Ақ көгершін» тамашалаңыздар.


Тәрбиеші :Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы басқа халықтармен одақтасып достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді.Елдегі тыныштықты халық «береке» , «бейбітшілік» дейді.Ендеше « достық», «ынтымақ», «бірлік» туралы даналық сөздерге кезек берейік.

Қарақат: «Ынтымақ-достықтың бірлігі»

Дәуіт: «Достық күші-бірлікте»

Еркежан: «Достық түбі-береке»

Мейрамбек: «Ырыс алды – ынтымақ»

Диана: «Бірлік болмай – тірлік болмас»

Азиза: «Ел іші алтын бесік»


Тәрбиеші : «Бірлік бар жерде - тірлік бар»- дейді дана халқымыз.Мінекей балалар осындай даналық сөздерге халқымыз ерекше мән берген екен. Бұл сөз тегінен - тегін айтылмаса керек.Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді.Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелуде. Жер-Ана бәрімізге ортақ. Қазақ жері ортақ Отан, ортақ Өлке болып әр азаматтың мекеніне айналған.

Ән «Атамекен»


Тәрбиеші : Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды.Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесін.

«Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр» -деген тілекпен,1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды .


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі