400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Достық- асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу. 7.О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру. Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннің мазмұныны түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: фразеологизм,мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады,өз пікірлерін білдіреді. Достық пен оның қадір-қасиеті туралы ұғымы қалыптасып,досқа адалдық маңызын түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

https://t.me/c/1432911348/1890

Сабақтың тақырыбы:

Достық –асыл қасиет

Мұғалімнің аты-жөні: А. Е. Магний

Күні:

СЫНЫП: 7


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

7.О5. Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

Сабақ мақсаты:


Оқушылардың барлығы орындай алады: мәтіннің мазмұныны түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: фразеологизм,мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады,өз пікірлерін білдіреді.

Күтілетін нәтижелер

Достық пен оның қадір-қасиеті туралы ұғымы қалыптасып,досқа адалдық маңызын түсінеді.

Бағалау критерийі

1: фразеологизм,мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады.

2. мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.

3.өз пікірлерін білдіре алады.

Тілдік құзіреттілік


Негізгі сөздер мен тіркестер:достық,адамгершілік,сыйластық.

Мақал-мәтелдер,фразеологизмдер

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

1-тоқсанда өткен білімді қайталау.

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы :

Ресурстар

Сабақтың

басы

2 минут








2 минут






Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

-Салем достым! (амандасады)

-Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

-Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

-Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

-Сен келдің! (қолдарын жаяды)

-Жақсы болды!(құшақтайды)

Топтарға бөлу. Тірек сөздер бойынша топқа бөліну. (Оқылым алдындағы тапсырма)

Оқушыларға мақал-мәтелдер жазылған қағаз қиындыларын беремін.

Оқушылар сол қиынды қағаздағы шыққан мақал-мәтелдер бойынша топтарға бөлінеді.

1.Досы көпті жау алмайды.

2.Доссыз өмір тұзсыз аспен тең.

4.Досы жақсының өзі де жақсы.











Сабақтың ортасы


5минут

Білу және түсіну. Ітапсырма.

1.Суреттерге қарап мәтін құра?

Дескриптор:

  1. Мәтін 5 сөйлемнен мәтін құрайды.

  2. Мақал-мәтел,фрозеологизмдерді қатыстырады.

2.Тірек сөздер:достар,бірлік, адамгершілік,мәңгілік,сыйластық (саралау тапсырмасы)







20 минут















Қолдану

2- тапсырма

ТЖ.Оқушыларға «Екі дос» мәтіні тыңдатылады.

Екі дос

Ел аузынан

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.

  Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.

Алып барған соң ол жаудың қолбасына:

-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол—өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім,-дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.

-Ол не?-деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы.

-Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат,-дейді жігіт. Ол бұл сыннан тоқтаусыз өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: "Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,-деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.

Дескриптор:

1.Мәтінді топта талқылайды.

2.Топта ақылдаса отырып,проблемалық сұрақ құрайды.

«Шеринг» әдісі

Барығы шеңберде отырады.Кезекпен тыңдаған мәтіндерінің негізгі түйінді идеясын ұсынады. Идеялар қайталанбау қажет. Бір-біріне проблемалық сұрақтар қояды.

ТЖ. І топ.« 9 ромбтық жіктелім» әдісі бойынша мәтіннен нақты ақпаратты анықтайды.

Достық

Достық-адамдардыдың бір-біріне адал,қалтқысыз,бір мүдделі,ортақ көзқараста болатын қасиеті.Достық-қзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.

Достық туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері»деген еңбегінде: «нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз-досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның өзімшілдік, өркекіректік қасиеттерін жояды»,-деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып,сенің төрт құбылаңды тең ететін достарыңның болғаны қандай жақсы!

ЕShape2

Ең маңызды

ртеректе Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Одан замандастры: «Достық нешеу?»-деп сұрапты. Сонда Әйтімбет: «Достықтың екі түрі болады. Бірі –адал достық,екіншісі-амал достық»,-депті. «Оларды қалай ажырата аламыз?»-дегендерге: «Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достық өрісі қысқа болады»деп жауап берген екен.



Shape3 Shape4

Маңызды

Маңызды




Shape7 Shape6 Shape5

Жеткілікті түрде маңызды

Жеткілікті түрде маңызды


Жеткілікті түрде маңызды








Shape8 Shape9

Онша маңызды емес

Онша маңызды емес





Shape10

Ешбір маңызды емес



Дескриптор

–мәтіннен нақты, маңызды емес ақпараттарды анықтайды,

–берілген кестеге толтырады.

Саралау жұмысы: нақты ақпараттарды анықтауға қиналса, үлестірме карточкалар беремін.

ҚБ «Смайлик» арқылы бағалау







ТЖ. ІІ топ.

Достар

Үнемі күндіз Алтынай, Кәрімдан, Асылхан-үшеуі Аяжанның қасында. Енді жұмысқа бұрынғыдай үшеуі бірдей шықпайды.Бірі кетсе,бірі қалады, жаралы жанға мені еш жоқтатпайды.Дос болсаң, осылардай бол! «Адам-адамға дос және бауыр» деп осылар жайында айтылған тәрізді. Бұлардың достығы, жан аямас бауырмалдығы-жаңа дүние адамдарының қылығы. Олардың сондай екеніне менің шегім жоқ.

Міне, осы үшеуінің Аяужанға деген жанашырлығын көргенде, егер біздің заманымыздың жастары осылардай болса, жарқын заманның бүгін орнайтынына күмін келтірмес едім. Ал ол сенім мені сонадай шабыттандырады, тіпті кейде уақыттың қалай өткенін білмеймін. Тек бір қатем:серіктері қанша жақсы болғанымен, Аяужанға менің орнымның басқа екенін еске алмаппын!

«4 сөйлем»әдісі

  1. Менің ойымша....

  2. Мен былай деп түсінемін...

  3. Мысал келтіріп дәлелдейді...

  4. Қорытынды....

Дескриптор:

-Оқылым ақпараттар негізінде мәтінді өз сөздерімен айтып дәлелдейді немесе ой қорытады.

Қ Б «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау.


ТЖ. ІІІ топ.

Елде бір сыйлы қария өмір сүріпті. Жалғыз ұлы бар екен.Әкесінің дәулетіне семіріп,аттан түспей серілік құрып,жолдас- жораларын көбейтіп күніге той,қызыққа батып жүріп алыпты.

Бір күні әкесі шақырып алып:

-Балам,мен болсам,ұлғайып келем,өстіп қызық- думан құрып жүе бермекпісің,үйленсеңші,- дейді.

-Ой, әке, қарап жүргем жоқ, жолдас, дос көбейтіп жүрмін ғой.

Әкесі:

-Досың көп пе сонда?-деп сұрайды.

Баласы:

-Көп, Сол достарымның бәрі мен дегенде ішкен асын жерге қояды,айтқанымнан шықпайды,-дейді.

Әкесі:

-Ендеше,сол достарыңды сынап қайталық,-дейді.

Соны айтып,өзі бір атқа, ұлын екінші атқа мінгізеді.Атан түйенің жады ағашына су құйған мес салынған қапты көлденең салады ды,жетекке алады. Әкелі-балалы екеуі жүріп отырып,ұлының жан досының үйіне келеді.Сыртта оңашалап сөйлеседі. «Баламның досы екенсің,әдейілеп ат басын тіреп тұрмыз,-дейді үлкен кісі.-Басымызға іс түсті, малдан айырылдық. Оның үстіне мына бір кісіні өлтіріп алдық, ісімізді жайғастыр».

Досы:-Бұл істі мойыныма ілмексіңдер ме?.. Аулақ,аулақ!-деп безектеп шыға келеді.

Мақұл десіп,келесі ауылдағы досына және ең сенімді деген тағы бір досына келіп,болған жайды баяндайды.Көмек сұрайды. Олардың бәрі ат-тонын ала қашып, «Аулақ жүріңдер!»-деп қуып жібереді.

Баланың үнжырғасы түсіп кеткен. Әкелі –балалы тіркесіп үйіне келеді. Сонда әкесі отбасында отырып былай дейді: «Балам, көзің жетті ме сенің досыңның бірі-малдың досы,бірі –дәулетіңнің досы, бір-жастық базарыңның досы, бірі әншейін күн өткізудің досы,ендігісін өзің біл!»

«Балық қаңқасы» әдісі

Мәтінді мұқият оқып, топта мәтіннің мазмұнын талдай отырып, балық қаңқасын толтырыңыз.



Үстіңгі қаңқаға мәтіндегі тілдік құралдарды, басына негізгі ойды, астыңғы қаңқасына мәселені жазады.


Дескриптор: Білім алушы

1.Қаңқаның басына мәтіннің негізгі ойын анықтап жазады;

2.Үстіңгі қаңқаға мәтінен фразеологиялық тіркестерді жазады;

3.Төменгі қаңқаларға іріктелген мәселелерді орналастырады;

Саралау:

Тірек сөздерді қолдана отырып,нақыл сөздерді құра.

Топшама: ақылсыз,дұшпан,артық,достан,ақылды.

Дос күлдіріп,жылатып,дұшпан, айтады.

ҚБ. Отшашу әдісімен бағаланады








Талдау

1-2 санау арқылы жұпқа бөлу.

ЖЖ.1 тапсырма. Қанатт

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
1015
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі