400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Достық -асыл қасиет

Материал туралы қысқаша түсінік
"Атамұра" баспасымен әзірленген қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы


Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

     



Бөлім

4-бөлім. Достық пен сүйіспеншілік

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімнің аты-жөні:


Сыныбы:


Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Достық –асыл қасиет


Оқу мақсаттары

7.1.1.1. Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;

7.4.4.1. Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану;

Сабақ мақсаты:

  • мәтін үзінділерін тыңдайды;

  • оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды;

  • етістіктің есімше түрін тілдесім барысында қолданады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.


Жұмыс бағытының реті

Мұғалім әркеті

Оқушы әрекеті


Ресурстар

Басы

Жаңа білімді игерту.




Білу

1-тапсырма

Тыңдалым мәтіні.


Мәтін үзіндісі


Дамуы


Аяқталуы




Дескриптор:


- мәтін үзінділерін тыңдаңыз;

- оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаңыз.

Мәтін үзіндісін оқиды -1

Дамуы -1

Аяқталуы -1


Барлығы 3 ұпай.

62-бет.


7-сынып

«Қазақ тілі» оқулығы -


Тілдік бағдар:

Есімше — етістіктің есім сөздерге ұқсас белгілері бар түрі. Ол түбір етістіктен арнайы жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы, “-ған, -ген”, “-қан, -кен” жұрнағы етістікке жалғанып, оған өткен шақ мәнін қосады: “жазылған хат”, “келген адам”, “ол кеткен”, “сен бергенсің”, “мен барғанмын”. Сондықтан ол бұрынғы өткен шақтың көрсеткіші қызметін атқарады. Ал “-атын, -етін”, “йтын, йтін” жұрнағы қимылдың келешекте жасалу мәнін білдіреді: “істелетін жұмыс”, “ол ертең келетін сияқты”. Сөйлемдегі мағынасына қарай өткен шақ мәнінде де қолданылады: “ол бұрын бізге жиі келетін”. Келесі “-ар, -ер”, “-р”, “-с” жұрнағы қимылдың келешекте жасалуы да, жасалмауы да мүмкін екенін білдіреді: “айтылар сөз”, “бермес ас”, “келер күн”, т.б. Осымен байланысты бұл жұрнақ тілде болжамды келер шақ қызметінде қалыптасқан: “ол бүгін-ертең келер”. Сондай-ақ, “-мақ, -мек”, “-пақ”, “-пек” жұрнағы алда жасалатын істі мақсат етуді білдіреді. Мысалы: “кездеспек күн”, “орындалмақ жұмыс”, “айтылмақ сөз”. Есімшенің осы мағынасына байланысты ол тілде мақсатты келер шақ көрсеткіші болып қалыптасқан: “Ол ел сенімін ақтамақ”. Есімшенің басқа етістіктерден өзіндік ерекшелігі бар. Ол заттық белгі білдіріп, сөйлемнің анықтауыш мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: “Айтылған сөз — атылған оқ”. Осындағы “айтылған” — сөздің анықтауышы, “атылған” — оқтың анықтауышы. Есімше анықтауыш қызметінде заттың қимылын оның бір белгісі ретінде көрсетеді. Есімшеден болған анықтауыш заттың тұрақты белгісін емес, тұрақсыз белгісін білдіреді. Есімше өте жиі заттық мәнде қолданылатын сөздерге жатады. Есімше заттанғанда, ол зат есімнің жалғауларын қабылдайды: “көргеніңді айт, келгендерді қарсы ал”, т.б.


Ортасы




Түсіну









Қолдану

Талдау




2-тапсырма

«Кім жылдам?»

«Ұлы адамдардың ұлы достығы » мәтінінен есімшелі етістіктерді табыңыз.

  1. Қалыптаспақ

  2. Көрсеткен

  3. Толтырған

  4. Тұрған

  5. Білетін

  6. Қараған

  7. Жасырмаған

  8. Ілінген

  9. Босаттырғаны

3-тапсырма.

Оқулықтағы 4-тапсырмадағы мәтіннен есімшенің етістік

мәнде не заттық мәнде екенін ажыратыңыз.

Етістік мәнді

Заттық мәнді есімше

  1. Қалыптаспақ

Толтырған Шоқан (қандай Шоқан?)

  1. Көрсеткен

Білетін бала

  1. Тұрған

Ілінген Мағжан

  1. Қараған


  1. жасырмаған


  1. босаттырғаны







4-тапсырма.

Оқулықтағы 9-тапсырмаға морфологиялық талдау жасаңыз.

Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық.

Дескриптор:

  • мәтінінен есімшелі етістіктерді табады;








Дескриптор:

- есімшенің етістік

мәнде не заттық мәнде екенін ажыратады.


Дескриптор:

  • морфологиялық талдау жасайды.

8 есімше 3 ұпай

7-6-есімше 2ұпай

5-4есімше 1ұпай.

Барлығы 3 ұпай



Етістік мәнді есімше 2

Заттық мәнді есімше 1

Барлығы 3 ұпай



Сөз таптарын біледі 1

Етістіктерді ажыратады 1

Барлығы2



135 –бет.











Қосымша материал

Соңы

Кері байланыс

«3-2-1» стратегиясы

Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат;

Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті;

Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет;





Үйге тапсырма

9-тапсырма 64-бет

Достық туралы мақал-мәтел жазып, морфологиялық талдау жасаңыз.



142-бет




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі