|
Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы 1. Жақсы дос Қанат конькиін
аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп
отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып,
аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің
затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп
барды, тіпті жұдырығын да түйіп
алған.
Ал Марал
оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат»
деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 2. Аңсар пен Мирас
бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген
соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын
оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас
та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас:
мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені
ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... -
Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су
алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға
толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су
үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің
тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... - Сендер Айбектің досы
болсаңдар не істер едіңдер? 4. Құрбылары Жанарға балмұздақ
берген-ді. Жанар кетті алға тез, Алды-артына қарамай, «Рахмет» -
деп, жалғыз сөз Айтуға да жарамай! Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен
дос бола ма?¯ -Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған
добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала
жөнелді. 5. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?
Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп
ойлайсыңдар?
|
Ойын: «Ренжістік, достастық»
/әуенмен/ Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен
танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын
шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: • «РЕНЖІСТІК» дегенде
бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. •
«ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. • «
ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз
құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер
айтасыңдар.
|
|