15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Достық аралы»
Тренинг-сабақтың тақырыбы: «Достық аралы»
Тренинг-сабақ мақсаты: Топтағы ұйымшылдықты дамыту, психоэмоционалдық жағдайларын жақсарту, бір-бірімен жақсы қарым -қатынас орнату.
Көрнекіліктер:
аудиобаспалары, А4 қағаз беттері,
фломастерлер, қарындаштар, сөзжұмбақтар
және әдістеме , доп.
Тренинг
құрылымы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
ІІ.
Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а)«Сәлемдеме
хат» тренингі.
б) «Автопортрет»
тренингі.
в)
«Сөзжұмбақ»
г)
«Адамгершілік»
аялдамасы
д)«Coffee
break»тренингі
ІV.
Қорытынды бөлім.
«Сиқырлы қобдиша» тренингі
Тренингтің
жүру барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Қатысушылар поездбен «Ғ.Абдуллин –Достық аралына» жолға шығады. Жолға шығар алдында жолаушылар поезъдге билет алынады. Билетті кассадан алады, алынған билетте тапсырма жазылады, тапсырманы сол жерде орындайды. Тапсырманың жауабы дұрыс болса кассадағы қызметкер жолсерікке жолдайды. Жолсерік жолаушыны орнына орналастырып, жолға шығады.
Негізгі бөлім.
a). «Сәлемдеме хат» тренингі.
Нұсқау
:
мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді
параққа жазып, мына столдың үстіне
қоюларыңызды сұраймын. Ал, енді бұларды
араластырамын. Сіздер оны қайтадан
алып, өзіңізге сәлемдемені оқисыздар.
Қаласаңыз кездесудің естелігі ретінде
өзіңізде қалдырасыз.
Талдау: Сәлемдеме
жазу қиын болды ма?
Сіз сәлемдемені
оқығанда өзіңізді қалай сезіндіңіз.
Тренингті жалғастыруға дайынсыздар
ма?
б) «Автопортрет»
тренингі.
Нұсқау: әр
қатысушыға қос беттен беріледі, өз
сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу
керектігі және 2 минуттан кейін есімдері
көрсетілген беттерді тренер жинап
алынатындығын ескертеді.
Сізді
таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр
делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді
сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді
ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді
табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді,
сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді,
зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз
болса т.б...
Тренер автопортреттерді
кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің
портреті екендігін табу керек. Табылған
портрет иесі ортадағы орындыққа
отырады.
Портрет иесіне өзінің
беті қайтарылып беріледі. Қалған
қатысушылар ол жайында қандай пікірде
екенін айтады. Өзін басқаның көзімен
қандай екенін анықтауға мүмкіндік
алады, өз бағалауымен сәйкес келген
қасиеттері тұсына «+» белгісін қою
керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын
беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін
толықтыруна болады.
в) «Сөзжұмбақ»
Қатысушыларға сөзжұмбақ беріледі. Сөз жұмбақты екі топ топтасып орындайды.
Талдау: сізге бейтаныс ортады топпен жұмыс жасау қиындық соқтырды ма?
б)«Адамгершілік» аялдамасы.
Қатысушыларға адамгершілік мінезді сипаттайтын сөздер жазылған тәттілер таратылады. Сол сәттілерді қатысушы өзіне керек мінезді таңдап алады.
Талдау: сізге өзіңізге қажет мінез-құлқыңызды таңдау қиын болды ма?
г)«Coffee break» тренингі
Қатысушыларға тәттілермен сусын таратылады. Сусыннын астында сурақтар жазылады. Берілген сұрақтарға жауап беріп, сусындарын алады. Сұраққа жауап бере алмай қалса, сусынды іше алмайды.
Талдау: Сұрақтарға жауап беру киын болды ма?
ІV. Қорытынды бөлім.
«Құпия дос» тренингі
Әрбір қатысушыға бланкі таратылады. Сол бланкіге қатысушылар өздерінің визиткаларын және ашық хат(открытка) жасайды. Визиткалары мен ашық хаттары әдеміленіп безендіріледі. Ашық хат кімге арналғаны жазылады, ал кімнен екені жазылмайды. Жасалған визитка мен ашық хат қорапқа салынып, араластырылады. Сол қораптағы ашық хаттар иесіне таратылады. Әркім өзіне керек адамның визиткаларын алады.
Талдау:Сізге өзгіңізге бей таныс адамға ашық хат жазғанда қандай сезімде болдыңыз?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген