400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Достық балабақшадан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
ересектер топтарында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Лесная сказка» ересектер топтарында ашық ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мұғалімі: Жумашева Жанат Сангалиевна

Уақыты: 15.09.17 ж.

Білім беру саласы: қатынас

Бөлім: қазақ тілі

Тақырыбы: «Достық балабақшадан басталады»

Мақсаты: Дос", "достық" сөздерінің мағынасын үйрету. Диалог арқылы досы

туралы шағын түсінік бере алуға машықтандыру.

Білімділік:

  • сөздің дыбысталу мәдениетін қалыптастыру: тақырыптық сөздерді әдеби тілдегі норманы сақтай отырып айтуға үйрету, «ә» дыбысын дұрыс айтуын нақтылау және бекіту;

-сөздік қорын молайту және белсендіру: дос, достық, адал,сүйікті,қайырымды.

-тілдің грамматикалық құрылысын қалыптастыру: ҰОӘ үстінде мұғалімнің сөзін тыңдап, түсіне білуге, сұрағына жауап беруге үйрету;

-байланыстыра үйрету: Менің досым бар. Мынау менің досым. Досымның аты-...

Дамытушылық: тілді түсіну, есте сақтау, логикалық –ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: балаларды бір-бірімен тату дос болуға тәрбиелеу. Балабақшаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекі құралдар: Компьютерь, проектр, суреттер, тақта, жапырақтар, слайд

Сөздік жұмысы:  дос, достық, менің досым адал.

Әдіс - тәсілдер: компьютерлік ойын, түсіндіру, бақылау, сұрақ - жауап
ҰОӘ түрі: Дәстүрлі емес ҰОӘ.

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

І. Сәлемдесу.

1)Балалармен амандасу.

2) Қонақтармен амандасу. Д/О:«Суреттерді сөйлетейік!»- сурет бойынша жыл мезгілін суреттеу.

ІІ. Қойылым:

Залға анасымен қыз келеді. Қыз бала:

- Анашым мен балабақшаға бармаймын. Маған балабақша ұнамайды. Мен ешкімді танмаймын ғой! –деп жылап келеді.

Тәрбиеші балалардан көмек сұрап, Полинаға қалай көмектесуге болатындығын шешеді.

-Балалар,Полина бізді танымаймын деп жатыр. Біздер досымызбен жақсылап танысып алайық. Ол үшін қазақтың ұлттық ойыны «Түйілген орамал» ойынын ойнауға шақырамын.

Ойын шарты:Шеңбер құрып тұрған балалар түйілген орамалды тосып тұрады. Түйілген орамал тасталған бала өзіңңңне қойылған сұраққа толық жауап беруі керек.

Тәрбиеші:- Полина бізбен жақынырақ танысты, енді оны өзіміздің апайларымызбен таныстырайық!

Балалар амандасады.



Жыл мезгілін суреттейді.


Балалар жаңадан келіп жатқан Полинаға көмектесуге ниет білдіреді.









Ойын арқылы қойылған сұрақтарға жеке-жеке жауап береді.

-Сенің атың кім?

-Жасың нешеде?

-Ұлтың кім?

-Қайда тұрасың?т.б.

Ұйымдастыру-

іздестіру





«Сөзұйқастар» ойыны-фонетикалық жаттығу.

  • -ші, ші – меңгеруші

  • - кер, кер –әдіскер

  • -лім, лім -мұғалім,т.б.

«Ә» дыбысын тап»- дыбыстық ойын.

Берілген сурет атауларының ішінен «Ә» дыбысын таптырып, жапырақпен белгілету.

«Сыңарын тап» ойыны- логикалық ойын.

Шарты: әр қызметкердің қажет заттарын тауып, «Кімге не керек?» деген сұраққа жауап беру.

«Кім?» және «Не?»- лексикалық ойын.

Шарты: Берілген сұраққа тиесіл суреттерді топтастыру.

Сергіту сәті: «Балабақшадағы бір күнім»- музыкалық сергіту.

- Балалар, осы сендерде дос бар ма?

-Сенің досың кім?

- Дос қандай болады?

Жаңа сөзді бекіту: дос- друг, достық – дружба, адал- честный.

«Менің досым» - фотосурет бойынша өз достары туралы әңгімелеу.

Д./о.: «Досымызбен бірге не істейміз?»- бекіту сұрақтары.

Балалар буынды толықтыру арқылы балабақша қызметкерлерін атап, суретін көрсетеді.

Слайд арқылы «Ә»дыбысы кездесетін сөздерді табады, жапырақ жапсырады.


Үлестіріліп берілген суреттерді сыңарларын тауып топтастырады. Кімге не керектігін айтады.



Музыкалық сергіту орындайды.

Қойылған сауалдарға жауап беріп, ойымен бөліседі.

Жаңа сөздермен танысты, қайталады.

Сөздерді дұрыс айтып жаттықты.


Сурет бойынша қойылған сұраққа жауап беріп, сөйлем құрайды.

Рефлексивті

Түзетушілік

Полинаның анасы келеді. Полина қуана анасына жүгіреді:

-Анашым, мен ертең балабақшаға келемін. Балабақша маған ұнады. Онда менің достарым көп.

Балалар барлығы «Достықты қадірлейік!» тақпағын айтады.

Досты таптым бақшадан,

Көңілдіміз бақшада.

Аялайық достықты,

Бастау алған бақшадан!

Полинаның анасы балаларға алғыс айтып, сыйлыққа шар ұсынады.

Полинаның анасының сыйлығына алғыс айтады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Диалог арқылы досы туралы шағын түсінік бере біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Дос, достық туралы құндылықтарды игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: мұғалімнің сөзін тыңдап, түсіне білуге, сұрағына жауап беруге дағдыланды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі