400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Достық баспалдағы тренинг-жаттығу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір- бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 2

Тақырыбы:« Достық баспалдағы»

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір- бірін сыйлауға, адал дос болуға үйрету.

Міндеті: 1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа ,адалдыққа тәрбиелеу.

Өткізілу формасы: тренинг-жаттығу

Көрнекліктер: жіп, көз байлауғыш, күннің суреті салынған ватман , кедергілер, шар, «Тик ток» көрнекілігі

Тренинг ережесімен таныстыру:

  1. Бірін- бірі сыйлау

  2. Көңілді болу

  3. Бір- біріне қамқоршы болу

  4. Белсенділікпен қатысу

  5. Бір-бірімізді тыңдай білу

Жоспары:

  1. Танысу.

  2. Тақырыпты ашу, «Дос» туралы түсінік

  3. Кедергілерден өту

  4. Жеңіл доп

  5. Достық өрнегі

  6. «Тик ток» кері байланыс



Өткізілу барысы:

  1. Танысу жаттығуы. Оқушылар шеңбер құрып, әрқайсысы аты-жөндерін айтып, өз есміне сын есім қосып , өзін таныстырады.

  2. Тақырыпты ашу. «Дос» туралы түсінік.

1. Дос деген кім?

2.Достар қандай болу керек?

3.Досың бар ма ? Ол қандай дос деп ойлайсың?

3. Кедергілерден өту. Біздің достық қарым-қатынасымыз бір- бірімізге берік болатын болса, қандайда кедергілерді жеңіп шығу мүмкіндігіміз көп екен. Қазір мен сіздердің араларыңыздан бір көшбасшы сайлаймын. Тек қана көшбасшымыз көзі ашық болады, қалған оқушылардың көзі байланады.

4. «Жеңіл доп» сергіту жаттығуы.

Оқушылардың көңіл- күйлерін көтеру, бой жазу, бірлесіп жұмыс жасауға баулу.

Оқушылар бір сызықтың бойына ретпен орналастырып, шарды алғашқы тұрған қатысушыдан, соңғы қатысушыға дейін бір сызықтың бойымен жіберу ұсынылады. Оқушылар өзара ақылдасып, кім бірінші, кім соңғы тұрады, қолдарын, денелерін қалай ұстайды, т. с. с іс- әрекеттерді бірлесіп талқылап, шешім қабылдайды.

5.Достық өрнегі жаттығуы. Балалар бір- бірімізге деген достық қатынасымызды мейірімді сөздермен білдіру үшін, «Достық өрнегін» құраймыз. Қазір мен мына жіпті сіздерге ұсынамын. Сіздер осы жіпті бір- бірлеріңізге ұсыну арқылы өздеріңіздің жақсы тілектеріңізді ұсынасыздар.

6. «Тик ток» арқылы кері байланыс.

«Тик ток» арқылы өткізілген іс- шараның қорытындылайды.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
04.01.2024
507
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі