Мамыр негізгі мектебі
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Шынайы дос – асыл
қазына»
Сыныбы: 5-9
Өткізген: Наурызбай
Е.
2016-2017оқу жылы
«Шынайы дос – асыл қазына»
дөңгелек үстел
Мақсаты: достық туралы терең түсінік
бере отырып, адал достыққа, шынайылыққа
баулу. Достық, сыйластық туралы пікірлесе отырып,
оқушылар арасында достық сезім
қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже: «достық» жөнінде түсінік бере
отырып, олардың досқа деген адалдық, қайырымды болу, шыншыл, сыйлы
болуға баулу және балалар арасында достық сезімін
қалыптастыру.
Көрнекілігі:
интер белсенді тақта, маркер,
плакат.
Жүргізуші:«Шынайы дос-асыл
қазына»дөңгелек үстелге өз достарын ертіп келіп отырған оқушылармен
танысып,ортаға шақырайық.
5-сынып оқушысы:Бағланқызы Нұрбану,жан
құрбысы,досы 5-сынып оқушысы: Ұзақбаева Арунаны ертіп келіп
отыр.
6-сынып оқушысы:Мырзажанқызы
Дильназ,жан досы,сырласы 6-сынып оқушысы: Ерболатқызы Ақберікті
ертіп келіп отыр.
7-сынып оқушысы:Қазбек
Нұрдәулет досы Нүркелдіні ертіп келіп
отыр.
8-сынып оқушысы:Мырзажанқызы
Ақниет құрбым,досым деп 8-сынып оқушысы:Бертілеуова Ақжүністі ертіп
келіп отыр.
9-сынып оқушысы:Серікқызы
Айтолқын жан құрбым,сырласым,досым деп 7-сынып оқушысы:Жөкетайқызы
Күнайымды ертіп келіп отыр.
Жоспары:
1. Кіріспе сөз. Дос деген кім?
2.Жүректен жүрекке
3.Дос қандай болу
керек?
4.«Мен айтайын...»
жаттығуы.
5.«Өз пікірім...»
жаттығуы.
6. Қорытынды.
Барысы:
1. Кіріспе сөз.
Дос деген
кім?
Бір дос бар,тұмсықтан қан
шыққанша,
Бір дос бар,қалтаңнан мал
шыққанша,
Бір дос бар,кеудеңнен жан
шыққанша.
Достық - адамдардың бір -
бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес,
мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын - жазушыларға
қоса, ұстаздар мен педагог - психолог ғалымдардың ой толғамбағаны,
оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде - кем. Мұның өзі
достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, маңызына байланысты
екені даусыз.
Біз бүгін 5-9 сынып оқушылары арасында «Шынайы дос – асыл қазына»
дөңгелек үстел ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық туралы терең
түсінік бере отырып, адал достыққа, шынайылыққа баулу. Достық,
сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезім
қалыптастыру, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын дос үшін қалайда
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда
Досың менен қасыңды». Сіздер достарыңыз жайлы қысқаша айтып
өтсеңіздер.
2. Жүректен
жүрекке
Стикерлерге оқушылар тілектерін жазып,жүрек
тілегіне барып іледі.
Стикердің бірінші бетіне атын екінші бетіне
тілегін жазады.
3.Дос қандай болу керек?
Сәйкестендіру және оқушылар пікірін
білу.
4. «Мен айтайын...»
жаттығуы. Бұл жаттығуда төменде берілген сұрақтарды
басшылыққа ала отырып, балалардың «достық» жөніндегі ойларын
білу.
Достық дегенді қалай түсінеміз?
Досың бар ма? Ол кім?
Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?
Достық жасқа байланысты ма?
Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?
Жақсы дос, жаман дос қандай болады.
Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?
Жақсы достың мінезі қандай болады (Дос мінезі: Адал. Қайырымды.
Салмақты. Сабырлы. Ақылды. Қарапайым. Кешірімді. Төзімді.
Мейірімді. Адамгершілігі мол. Жомарт.
Кішіпейіл.)?
5«Өз пікірім...»
жаттығуы. Бұл жаттығуда «Достық» тақырыбында әңгіме
оқылады. Балалар оны мұқият тыңдап, әңгімені талдап, өз ойларымен
бөліседі. Достық
Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде оның
замандастары:
Достық нешеу деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет шешен айтқан екен:
Достықтың екі түрі болады: бірі – адал достық, екіншісі амал
достық.
«Енді оны қалай ажырата аламыз» дегендерге:
Адал достық өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өмірі қысқа
болады, - деп жауап берген екен.
Талдау: Оқушыларды пікірі
тыңдалады.
6.Қорытынды:
• Қиын кездерде бір – біріңе көмек көрсетіңдер;
• Досыңды алдама, оған адал бол;
• Досыңды қорлама;
• Досыңмен қызықты шақтарды бірге бөлісе біл;
• Досыңның кемшілігін кешіре біл, кемшіліксіз адам
болмайды.
Оқушылардың өздері дайындап келген
өлендерін,шығармаларын тыңдау.
«Шынайы дос – асыл қазына» дөңгелек үстеліне
келгендеріңіз үшін көп-көп рахмет айтамыз,келесі кездескенше,сау
болыңыздар.