400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Достық және махаббат" тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Достық және махаббат" тренингі Мақсаты: жасөспірім кездегі достық туралы пікірталастыру. Жауапкершілікпен шешім қабылдауды қалыптастыру. Керекті-құралдар: қағаз, фломастер, карточка.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ













"Достық және махаббат" тренингі

















8 «а», «б» сынып


Педагог-психолог: Култанова Т.Б.











2018-2019 оқу жылы

"Достық және махаббат" тренингі

Мақсаты: жасөспірім кездегі достық туралы пікірталастыру. Жауапкершілікпен шешім қабылдауды қалыптастыру.

Керекті-құралдар: қағаз, фломастер, карточка.

Сабақ барысы

1.Жаттығу. 

2. «Достық дегеніміз не?»-ми шабуылы. Жауап алынған соң, қорытынды жасалады.

3.Топпен жұмыс

Тренингке қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Топқа қағаз бен фломастер таратылады. Тапсырма бойынша оқушылар 3-5 минут уақыт ішінде  достықты нығайтатын және достық қарым-қатынасты бұзатын факторларды жазу керек. Тапсырма орындалып болған соң барлық топтың жауабы жазылған плакатты тақтаға іліп, салыстырады. Достық  туралы түсінік қорытындыланады.

4. «Сенімді дос» жатығуы. 10-15 минут мінез –құлық, қасиеттер жазылған карточка оқушыларға таратылады. Карточкада берілген  сипаттамаларды әркім өзіне қарап орнын анықтау қажет (қай қасиет -1 орнында, 2 орнында екенін анықтау). Сонан соң осы қасиеттер оның достарының бойында олардың  ойынша қалай болу керек. (сенімді досының қай қасиеті 1 орнында, 2 орнында болу керек). Тапсырма орындалған соң мұғалім пікірталас жүргізеді, сұрақ қояды:

-Өздеріңді бағалау сіздерге қиын болды ма?

-Сенімді дос бола алар ма едіңіз?

- 4 тапсырманы орындаған соң өзіңізді қалай сезініңіз?

«Сіз тағы  не білгіңіз келеді?» деген сұраққа жауап алумен сабақ аяқталады.

  Тақырыбы "Махаббат" тексеру парағы


Анықтама

Өте дұрыс

Келісемін

Сенімсізбін

Келіспеймін

Ешқашан келіспеймін

1

Нағыз махабатты ақшаға сатып ала алмайсың







2

Нағыз махаббат, сезім ешқашан жоғалмайды







3

Алғашқы сезім әдеттегідей жауапсыз қалады







4

Екі немесе үш адамды бір уақытта сүю мүмкін емес







5

Сәтсіз махаббат үшін өз-өзіне қол жұмсау ақмақтық







6

Махаббатта әйелге қарағанда, ер адамдар  сенімсіз.







7

Ер адамға қарағанда әйел адамдар жауапсыз сезімге терең

қайғырады







 8

Нағыз сезім өмірде бір-ақ рет кездеседі







9

Сезім үшін кез-келген құрбандыққа баруға болады







10

Адамды өзге адамға күштеп сезімін ояту мүмкін емес








5. «Жағдайды талдау» жаттығуы. Сынып 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа жағдай жазылған карточка таратылады (барлық топқа бір жағдай берілген). Әр топ жағдайды талдап, сұраққа жауап беруі керек.

1 оқиға

- Сізге досыңыз өз басындағы жағдайды баяндайды. Ол біреуді ұнатыпты, ал ол басқаны сүйеді.

- Сіз досыңызға қандай кеңес бересіз?

- Сіз қандай көмек көрсетер едіңіз?

2 оқиға

- Сіз ұзақ уақыт жігітпен (қызбен) достасып жүрдіңіз. «Оны жақсы көремін, өмір бойы бірге боламын» -деп ойлағансыз. Әйтседе, бір уақытта оны ұнатпайтыныңызды сездіңіз.

-Бұл жағдайда сіз не істейсіз?

-Өзіңізді қалай сезінесіз?

-Досыңызбен бұл туралы бірқалыпты көңіл-күйде сөйлесе аласыз ба?

3 оқиға

- Сіздер, екі дос көптен  бері бірге жүрсіздер. Екеуіңіз де бір қызды ұнатып кездесіп жүрсіздер. Сөйтсек, екеуіңіз бір қызды ұнатыпсыздар, ал ол қыз сіздердің бір-бірлеріңізді танитындарыңызды білмейтін екен де, екеуіңізбен де кездесіп жүр екен.

- Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз?

- Бұл жағдайдан сіз қалай шығар едіңіз?

Мұғалім әр сұраққа, жағдайға байланысты жалпы оқушылармен дискуссия жүреді. Жаттығудан кейін төмендегідей сұрақ қойылады.

- Өздеріңе қажетті не білдіңіздер? Не үйрендіңіздер? Қандай жаңа ақпарат алдыңыздар? Өздеріңізді қалай сезіндіңіздер? Сабақ сіздерге ыңғайлы болды ма?-деген сұрақтармен сабақ қорытындыланады.

 





















Қарым – қатынас жаттығулары.

Мақсаты:оқушылардың өзара қарым – қатынасын дамыту.

1 – жаттығу «Таныстық»

Бұл жаттығу қатысушылардың бір – бірімен сәлемдесіп, танысуына арналған.

Әрбір қатысушы өзінің есімін айтып, оның қандай мағына беретіні жайлы және ол жайлы басқа да мәліметтер береді. Мақсаты: барлық қатысушылар бір – бірінің есімдерін есте сақтап қалулары керек.

2 – жаттығу «Комплименттер»

Қатысушылар өзі қалаған адамды таңдап, оған допты лақтырып бір комплимент айтады. Қатысушылардың барлығы комплиментке ие болулары қажет.

3 – жаттығу «Мыналар ауысады»

Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші шеңбердің ортасында тұрады. Ол орын ауыстыру кезін айтып тұрады. Мысалы: ол «бүгін сабақта 5 алғандар орындарын ауыстырады» дегенде олар орындарын ауыстырады. Сол уақытта жүргізуші уақытша босаған орынға отырып үлгеруі керек. Орынсыз қалған қатысушы жүргізуші болады.

4 – жаттығу «Қозғалыспен көрсету»

Қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Оларға қағазға жасырылған сөздерді жеребе бойынша таңдау ұсынылады. Әрбір топ қағазда жасырылған сөзді немесе сөйлемді тілдік символдарды қолданбай, тек қозғалыспен келтірулері керек.

Мысалы: эмоциялар (қорқыныш, ашу-ыза, қызығушылық, қуаныш). Әр топ, көршілес топтың қағазында қандай сөз жасырылғанын табуы керек.

5 – жаттығу «Шатыспақ»

Қатысушылар екі топқа бөлініп, олардың әрқайсысынан екі адам сыртқа шығып тұрады. Сол уақыт ішінде екі топтың қатысушылары қолдарын бір – бірімен алмастырып, өрмек тәрізді шатыстырады. Сыртқа шығарылған екі қатысушының міндеттері, белгілі уақыт аралығында шатысқан өрмекті қолдарын үзбей шешіп алу.

6 – жаттығу «Жануарды тап»

Қалауы бойынша ортаға бір қатысушы шығады. Оның арқасына бір жануардың аты жазылған қағаз жабыстырылады. Оның міндеті басқа қатысушылардың көмегі арқылы, яғни сөйлемей түсіндірулерінің көмегімен жасырылған жануарды табу.

7 – жаттығу «Екі сөз»

Бірінші қатысушы бір сөз айтады, ал екіншісі оған қатысы жоқ бір сөзді айтады, ал үшіншісі сол екі сөзді қатыстырып, мағынасы бар бір сөйлем құрауы керек.

8 – жаттығу «Актерлер үшін ғана»

Сіз өзге қалаға келдіңіз. Сізге қонақ үйге орналасу керек. Бірақ ол жерде орын жоқ. Себебі: ол жерде «Орын тек қана актерлер үшін» деген хабарландыру ілініп тұр. Сіздің міндетіңіз: администраторға артист екеніңізді дәлелдеу.

Талқылау: Осы жаттығулар барысында сіз үшін ең маңызды болған және қызығушылық тудырған жағдайлар қандай?

Сіздің осы жаттығулардан кейінгі көңіл – күйіңіз қандай?

«Күн шуағы»

Әрбір топ мүшесі таза параққа өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттер мен мінездерді тізбектеп жазып шығады. Енді күнді бейнелеуге тырысады. Күн нұрының қысқа шуағы жағымсыз, ал үзын шуағы жағымды қасиеттер болуы тиіс. Осылайша әркім өзіне сипаттама береді. Күн нұрының ұзын шуақтары мол болса, оның бейнесі де әдемі, ал олай болмаған жағдайда жағымсыз мінездерді жоюға күш жұмсалуы тиіс. Оқушының көмегімен оқытушы тақтаға топқа арналған күнді салуға тырысады. Жағымды қасиеттердің, жағымсыз мінездердің санына байланысты топтың бейнесі айқындалады.

«Мейірімді жүрек»

Әр бала қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілсің! Сен әдемісің! Сен қайырымдысың! Сен ізеттісің!

«Сиқырлы орындық»

Бір бала ортаға қойылған «сиқырлы орындыққа» отырады. Өзгелері ол туралы жылы сөздер немесе жеке басының жақсы жақтарын айтады. Отырған баланың басынан, иығынан сипап, құшақтап, бетінен сүюге болады.

«Бір – бірімізді қалай танимыз?»

Сиқырлы қорапшадан бір сыныпта оқитын балалардың есімдерін кезекпен алып шығып, олардың жақсы, жағымды жақтарын айтуы тиіс. Мысалы: Бұл – Ғайша, ол – кішіпейіл, әрі жақсы дос. Бұл – Досан, ол – сабырлы, әрқашан көңілді.

Сыйласа білесің бе?

Мұғалім сыйластықты білдіретін және сыйластықты білдірмейтін сөздерді араластырып алдын ала сөз тіркестерінің тізімін құрастырады.

Оқылған сөз тіркестерін балалар ойын барысында «дұрыс» деп тапса, қолдарын шапалақтайды. Егер «бұрыс» деп тапса, алақандарын екі жаққа жаяды.

Сөз тіркестерінің үлгісі төмендегідей беріледі, мұғалім оны өзі тарапынан құрастырған сөз тіркестерімен жалғастырып айтуына болады.

Сөз тіркестерінің үлгісі:

  • үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру;

  • кішілерді жәбірлеу;

  • үлкен кісінің айтқанын тыңдау.



Қорытындылау.








Хаттама

«А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» КММ

Күні: 17.10.2018 ж

Тақырыбы: "Достық және махаббат" тренингі

Мақсаты: жасөспірім кездегі достық туралы пікірталастыру. Жауапкершілікпен шешім қабылдауды қалыптастыру.

Контингент: 22 оқушы

Қолданылған құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, жадынамалар

Жүру барысы:

1.Жаттығу. 

2. «Достық дегеніміз не?»-ми шабуылы. Жауап алынған соң, қорытынды жасалады.

3.Топпен жұмыс

Тренингке қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Топқа қағаз бен фломастер таратылады. Тапсырма бойынша оқушылар 3-5 минут уақыт ішінде  достықты нығайтатын және достық қарым-қатынасты бұзатын факторларды жазу керек. Тапсырма орындалып болған соң барлық топтың жауабы жазылған плакатты тақтаға іліп, салыстырады. Достық  туралы түсінік қорытындыланады.

4. «Сенімді дос» жатығуы. 10-15 минут мінез –құлық, қасиеттер жазылған карточка оқушыларға таратылады. Карточкада берілген  сипаттамаларды әркім өзіне қарап орнын анықтау қажет (қай қасиет -1 орнында, 2 орнында екенін анықтау). Сонан соң осы қасиеттер оның достарының бойында олардың  ойынша қалай болу керек. (сенімді досының қай қасиеті 1 орнында, 2 орнында болу керек). Тапсырма орындалған соң мұғалім пікірталас жүргізеді, сұрақ қояды:

-Өздеріңді бағалау сіздерге қиын болды ма?

-Сенімді дос бола алар ма едіңіз?

- 4 тапсырманы орындаған соң өзіңізді қалай сезініңіз?

«Сіз тағы  не білгіңіз келеді?» деген сұраққа жауап алумен сабақ аяқталады.

  Тақырыбы "Махаббат" тексеру парағы оқушылар талқылады.

5. «Жағдайды талдау» жаттығуы. Сынып 3-4 топқа бөлінеді. Әр топқа жағдай жазылған карточка таратылады (барлық топқа бір жағдай берілген). Әр топ жағдайды талдап, сұраққа жауап беруі керек.

1 оқиға

- Сізге досыңыз өз басындағы жағдайды баяндайды. Ол біреуді ұнатыпты, ал ол басқаны сүйеді.

- Сіз досыңызға қандай кеңес бересіз?

- Сіз қандай көмек көрсетер едіңіз?

2 оқиға

- Сіз ұзақ уақыт жігітпен (қызбен) достасып жүрдіңіз. «Оны жақсы көремін, өмір бойы бірге боламын» -деп ойлағансыз. Әйтседе, бір уақытта оны ұнатпайтыныңызды сездіңіз.

-Бұл жағдайда сіз не істейсіз?

-Өзіңізді қалай сезінесіз?

-Досыңызбен бұл туралы бірқалыпты көңіл-күйде сөйлесе аласыз ба?



Педагог-психолог: Култанова Т.Б.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
21.05.2019
2041
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі