Материалдар / Достық-көмекпен мықты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Достық-көмекпен мықты

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық-көмекпен мықты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2024
849
37 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Педагогтің Т.А.Ә.


Күні:


Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Достық – көмекпен мықты»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

-Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. --Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. -Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар


«Миға шабуыл» әдісі

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 2. Досың бар ма? Ол кім?

3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

8. Дос қандай болу керек?


Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: -Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.

Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: - Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: - «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды. -Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? - Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».

Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы 1. Жақсы дос Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/ Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: • «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. • «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. • « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз

Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... - Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? 4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді. Жанар кетті алға тез, Алды-артына қарамай, «Рахмет» - деп, жалғыз сөз Айтуға да жарамай! Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?¯ -Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. 5. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?

. Пікір алмасу. - Сендерге ойын ұнады ма? - Татуласу ше? - Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/ - Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма? - Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/ Өмірімізді қуанышты да бақытты

шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.



Қорытынды:

Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. • Досыңды алдамай, оған адал бол. • Досыңды қорлама. • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. • Досыңды барда да сына, жоқта да сына. • Досыңның кемшілігін кешіре біл.






















«Сөйлемді аяқта» тренингі А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... Ә) Сыйластық бар жерде ... Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...





































Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/ Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: • «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. • «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. • « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз

Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... - Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? 4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді. Жанар кетті алға тез, Алды-артына қарамай, «Рахмет» - деп, жалғыз сөз Айтуға да жарамай! Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?¯ -Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. 5. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар? құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар


Таратпа қағаздар









































































Стикерлер






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!