жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Достық мерекесі
Білім беру саласы:Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Достық мерекесі
Мақсаты:Балаларға 1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейту. Ойын арқылы әр ұлттың киімдерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ән айту.
Көрнекіліктер: Слайд, әр ұлт өкілдерінің суреттері, үнтаспа.
Биллингвалдық сөздік: достық-дружба, мереке-праздник, көпұлтты-многонациональное, халық-народ.
Салалық байланыс: Шығармашылық, таным.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мативациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Қайырлы таң , ормандар мен далалар! Қайырлы таң, достасқан бар балалар! Қайырлы таң, біздің бала бақшамыз, Қайырла таң, тәрбиеші апайлар! - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілі. - Дұрыс айтасыңдар, қазір көктем мезгілі, көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық, қане есімізге түсірейікші. - 8 наурыз аналар мерекесі, 22 наурыз, наурыз мерекесі. Жарайсыңдар, сендер жақсы біледі екенсіңдер, естеріңе жақсы сақтап қалыпсыңдар. Осы көктем мезгілінің соңғы мамыр айында тойланатын тағы бір мерекеміз бар екен. Ол мереке «1 мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні» мерекесі.
|
Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге өлең мазмнына сай қимылдар арқылы өлеңді қайталайды.
Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
|
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
|
- Балалар біздің ұлтымыз қандай? - Қазақ - Біз қай тілде сөйлесеміз? - Қазақ тілінде. Қазақстан халқының өзінің қазақ тілі, ұлттық киіміміз, салт – дәстүріміз бар. Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлттар тұрады. Өзбек, орыс, қырғыз, татар және тағы басқа да ұлт өкілдері тұрады.
Қане балалар бәріміз маған қарайық. 1-сурет. Сурет арқылы әр ұлттардың киімдерімен таныстыру. Балалар, осы ұлттардың барлығы да Қазақстанда тұрады. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Олар өз елдерінде болмасада, Қазақтардың елін – елім деп, жерін – жерім деп, құрметтеп, үлкен үлгілі, бақытты, өнегелі отбасы болып өмір сүруде. Әлем халықтарының тату – тәтті бейбітшілікте, ынтымақтастықта өмір сүріп отырғаны біздің қазақ елінің арқасы және олар мұны түсініп, жақсы біледі. Сол себепті біздің елімізді қадір тұтып, құрметтейді.
2 – слайд: Экраннан Елбасы құттықтауы мен Астана қаласы орталық алаңда өткізіліп жатқан шеруді тамашалау. (түсіндірме беру) Балалар, бұл 1 мамыр мерекесі. Біздің де Қызылорда халқы орталық алаңға осындай салтанатты шеруге шықты. Әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, өнерлерін көрсетеді. Балалар, біз осы «Достық күні» мерекесіне шыққанда қолымызға не ұстап шықтық? Қанекей, айтыңдаршы? - Шар, жалауша. - Дұрыс айтасыңдар, біз мерекеге шар, жалаушалар ұстап шығуымыз керек. Олай болса мерекеге арналған шарымыз бен жалаушаларымыздың суретін салайықшы. - Жалауша қандай пішінге ұқсайды? - Түсі қандай болады? - Ал шар қандай пішінге ұқсайды? - Түстері қандайболады?
Жарайсыңдар балалар, жалаушамыздың түсі көк, пішіні тіктөртбұрышты, ал шарларымыздың түстері әр түрлі, пішіндері домалақ, сопақша болады екен. Қане алдарыңдағы қағазға өздеріңе ұнайтын шар мен жалаушаның суретін салайық.
Сергіту сәті: Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.
Биллингвалдық сөздік: достық-дружба, мереке-праздник, көпұлтты-многонациональное, халық-народ.
Рефлексивті коррекциялаушы:
Дидактикалық ойын: «Біздің мемлекетіміз»
Ойын шарты: Балалар тақтада ілініп тұрған Қазақстанның картасына үстелде тұрған түрлі ұлт өкілдерінің суретін апарып жапсырады. Балалардан бүгінгі өтілген тақырып бойынша сұрақ – жауап арқылы қорытынды жасау. Жарайсыңдар балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіне жақсы қатыстыңдар. Бір – біріңе деген достықтарың мәңгі болсын, ата – аналарың аман болсын. Ал мен сендерге мерекеге шыққанда қолдарыңа ұстап баратын жалауша берейін. Бейбітшіліктің белгісі ретінде көкте қанат қағатын құс – Ақкөгершін. Біз ақкөгершін туралы ән білеміз, солай ма? Олай болса «Ақкөгершін» әнін шырқайық. |
Тәрбиешіні тыңдайды.
Суретке назар аударады.
Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.
- Тіктөртбұрышқа
- Көк болады.
- Домалақ, сопақша.
- Қызыл, көк, жасыл, т. б
Балалар өз қалаулары бойынша ұнайтын суреттерін салады
өлеңге сәйкес қимылдар жасайды
тәрбиешінің айтқанын қайталайды.
Әр қайсысы бір суреттен алып, Казақстанның картасына жапсырады.
Сұрақтарға жауап береді.
«Ақкөгершін» әнін орындайды.
|
Нағмет Самал
Қызылорда қаласы,
«Сырғалым» балабақша
мекемесінің әдіскері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген