Достық мерекесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Достық мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
1 мамыр мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақтөбе облысы

Алға ауданы

Бестамақ "Болашақ "балалар бақшасының музыка жетекшісі

Наурзалиева Айгуль Алихановна



Достық мерекесі

Мақсаты: көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, «1-Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.

 

Жүргізуші: Құрметті балалар, әріптестер!

Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

         «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.

          Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.

Қазақстан түрлі ұлттардың басын қосқан ұлы мекен. Олардың салт-дәстүрлері, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасалған. Сіздерді бүгінгі Халықаралық ынтымақ күні 1 - Мамыр мерекесімен құттықтау үшін сөз балабақша меңгерушісі Лаззат Бауыржанқызына беріледі. (Құттықтау сөз )

Инабат : Мамырдың бірі, достық күні

            Ән салып, билеген халықтың үні.

            Тұтасып, тойлаған ұлттар,

            Керемет мереке, мамырдың бірі.

Нұрлыбек:  Достық – шырағымыз,

                 Достық – ұранымыз.

                 Достық туымыз,

                 Достық әніміз.

 Әсем:     Бейбітшілік ұраны,

                 Жарқыраған алтын күн.

                 Ән қанатты қыраны

                 Еркіндігі халқымның.

Айша: Ынтымақ,достық, тыныштық,

Туыстық бізге тым ыстық,

Бейбіт өмір белгісі

Күлімдеп шыққан күн ыстық.

І кіші "Балбөбек" тобының балаларының орындауында «Айгөлек» биі

Жүрг:Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Ендеше бірінші қонақтарымызды қарсы алайық.

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Ортаға "Балапан " тобын шақырамыз.

Ән: "Қызыл,сары, көк шар" әнімен

Жүрг: Өзбекістан мақталы

Еліміздің мақтаны

Еңбек сүйгіш халқымыз

Ел бірлігін сақтайды. Дей келе «Өзбек» биін тамашалаңыздар!!

"Балапан" тобы балаларының орындауында "Өзбек"биі

Жүрг: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын,бар халқымның ынтымағы!

Бармысын,қазағымның ынтымағы! 

(Сахнаға Грузин халқын шақырамыз.

"Балдырған" тобы балаларының орындауында "Грузин биі"

Жүрг:Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын бірінші мамырымыз!

"Балапан" тобы балаларының орындауында "Бұл мамыр" әні

Жүрг:Әйнегі күн,шатыры аспан,

Кең дала,төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!

Жүрг: Енді сахнаға Үнді ұлтының өкілдерін шақырамыз.

"Үнді биі"-орындайтын Самира, Диляра Тулегеновалар

Жүрг:Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

"Балдырған" тобы балаларының орындауында:

"Әрқашан күн сөнбесін!" әні

Жүрг: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

Ән:"Ақ көгершін"-орындайтын Мақсотова Аружан және қыздар би тобы

Жүрг: Сырдың бойын ежелден жайлаған

Орыс халқы қатар қонған бай далам

Халықтардың достығының айғағы

Бүгінгі күн мерекеде жайнаған

"Солнышко" тобы балаларының орындауында "Дастархан"биі

Жүрг: Жасампаз жыр - әнім,

              Өзіңсің ғажапстан .

              Өсиет, ұраным,

              Отаным –Қазақстан

"Қуыршақ"тобы балаларының орындауында ән "Бақытты балалық"



"Қуыршақ"тобы балаларының орындауында "Мажореткалар" биі

Жүрг: Біз балдырған тең басқан!

                  Дос құшағын кеңге ашқан.

                  Тілегіміз әділдік!

                  Ашық болсын кең аспан!

  Әрқашан дос біргеміз,

                 Ажырамас іргеміз.

                 Ілгері жүріңдер,

                 Достық жырын біліңдер!    

 "Жұлдыз-ай" тобы балаларының орындауында "Достық" әні

Жүрг: Ынтымағы жарасқан береке күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

"Балапан" тобы балаларының орындауында "Испан" биі

Бәрі: "Атамекен"әні

Жүрг: Балалар қазір мен ұрандар айтқан кезде қолдарымызды көтеріп, шапалақтаймыз.

Бейбітшілік жасасын!

Қазақстан өрлей берсін!

Аспанда көк туымыз желбіресін!

Ынтымақ, бірлік, халықтар достығы жасасын!

Жүргізуші:  Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне

арналған мерекемізді аяқтаймыз.

Құттықтау сөз ата-аналар атынан  сөз беріледі.

Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!





























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2018
1070
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі