400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Достық мерекесіне арналған фестиваль сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
достық мерекесіне арналған сценарий "Бір шаңырақтың астында" сыныптан тыс мерекелік шара орыс сыныптарындағы қазақ тілі мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Достық мерекесіне арналған
«Бір шаңырақ астында!» атты мектепішілік мерекелік фестивалі
1-Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған «Бір шаңырақ астында!» -атты әр ұлт өкілдерінің фестивалі

Фанфара ойналады.
2-жүргізуші сахнаға шығады.
1-жүргізуші:
Ауылым туған, гүл тергем сенен алғашқы,
Көгілдір аспан, көк жиек, орман-шарбақты.
Көзіме алғаш кезіккен қайда бозторғай,
Көкегім қайда жамылған жолақ шарқатты,
Сыңғырлы Жайық, сыбдырлы тоғай, гүлді қыр,
Өздерің болып санама бала тұнды жыр.
Көгімнен құлап, көңілімді жатты жылытып,
Көзімнен ойнап, күміске бояп күлкі нұр.

2-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

1-жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні,
Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.
Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

2-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

Алдарыңызда 2 а сынып оқушысы Жанболатова Айназ «Казахстанские ребята» әнімен.Қарсы алыңыздар!





1-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын! Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін сөз мектеп директоры Мырзахметова Гүлмира Молдахметовнаға беріледі.
5-9 сынып оқушылары «Батырлар» биі. Қарсы алыңыздар!


1-жүргізуші:
Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!

2-жүргізуші:
Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы еліміз үшін де, әрбір тұрғын үшін де асыға күтер оқиғаға айналды. Жолдаудың әр жолында көңіліңді көтеретін жылы шуақ, елдің ертеңгі көрінісін көз алдыңа келтіретін нұрлы қуат бар. Жаңа Қазақстанның көркейіп нұрлануына бірлесе үлес қосайық, ағайын. "Тіл туралы"» мәлімет. Нуранова Дильназ 9 б сынып оқушысы

Әуен жіберіліп тұрады. Сахнаға ұлттық киім киген армяндар шығады. Олар өз өнерлерін көрсетеді. 10 сынып оқушысы Мхитарян Эльмира армян тілі туралы өлең.

2 в сынып оқушысы Сысаев Валера ұрмалы аспапта өнерін көрсетеді.

2 а сынып оқушысы Халилов Микаель «Лезгинка» биі.

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

2-жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

(Орыс халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Орыс халқының ұлт өкілдері шығады. 9 б сынып оқушысы Качаева Кристина «О языке»

9 б сынып оқушысы Карабутова Арина орыс биі


1-жүргізуші: Қазір республикамыздың мектептері 9 тілде :қазақ,орыс,өзбек, ұйғыр, тәжік,украин,татар, неміс және ағылшын тілдерінде білім береді. 15 тіл ана тіл ретінде оқылады. 22 ұлттық-мәдени бірлестіктердің жексенбілік мектебі бар. 


2-жүгізуші :

(Сахнаға Өзбек халық әнінің әуені естіліп, сахнаға Өзбек ұлт өкілдерін таныстыруға 9 б сынып оқушысы Жаппарова Мақпал шығады.

Өзбек биі «Хорезм» 9 сынып оқушысы Карабутова Арина

(Сахнаға Ұйғыр халқының ұлт өкілдері шығады.10 сынып оқушысы Баратова Эльнара ұйғыр тілінде өлең оқу

(Енді сахнаға Ағылшын халқының ұлт өкілдері шығады. 10 «а» сыныбынан


(Сахнаға әзербайжан ұлты шығады.. 9 сынып оқушысы Гулиева Махира әзербайжан тілінде мәлімет береді.


1-жүргізуші: 
Қазақ жері достықтың гүлстаны 
Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы
Күрестерде еңбекте,мерекеде
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Ән «Туған жер»-орындайтын жеке дауыста: 11 сынып оқушысы Мажитова Анель

2-жүргізуші: Осымен Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында » атты мерекелік бағдарлама аяқталды.

1-жүргізуші: 
Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім,шарықтай бер кемелден!





































Бекітемін

№61 ЖББММ директоры

---------------Г.М.Мырзахметова











Достық мерекесіне арналған

«Бір шаңырақ астында»

атты фестиваль бағдарламасы







Жауапты: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Абдраманова Ж.А









Алматы 2019



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
1967
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі