400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Достық пен татулықтың мекені»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға арналған эссе.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Достық пен татулықтың мекені»

Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әр адам үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным- мен үшін аса қымбат жер Орал қаласынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтіп келеді. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер алысқа ұзатып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, анаңның сөздерін еске түсіресің. Қазір өстім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Осы бір өлкеде бір отбасындай достығы жарасып, жүзден астам ұлт өкілі тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр түрлі дәстүрі бар осынша халық бір мемлекетте тұрып жатқанына кейде таңқаламын. Олар бір-біріне деген жылы қарым-қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен өмір сүріп жатыр.

Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндар мен кәрістер еңбектенуде. Мен Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда, менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халқының мінезінен жаралған. Ынтымақ пен бірлікке деген талпыныс әр ұлттан табылады, әсіресе, оны қазақтардан байқай аламыз. Қазақ жері қаншалықты кең, жомарт болса, қазақ халқы да -соншалықты қонақжай. Осында тұратын барша адамға қазақ тілін, тарихын, салт-дәстүрін білу парыз.

Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектесті. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

Қазақстан - тәуелсіздігін алғалы үлкен мүмкіндіктерге жетті. Ол күн сайын тез дамып келеді. Қазір мен бала болсам да, болашаққа жоспар құрып, мемелекетіміздің дамуына күшімді саламын. Сабақты жақсы оқып, кішілерге мейірімді болып, үлкендерді құрметтеп, көп нәрсені үйреніп, адамдарға көмектесе білемін.

Жер бетіндегі тыныштық пен бейбітшілік - әр адамның ең басты тілегі. Міне, менің Қазақстаным осындай! Әр ұлттан құралған біздің бәріміздің басымызды біріктіретін - ортақ Отанымыз.  Біз мемлекетіміздің өткен тарихын ұмытпай, оның бүгіні мен болашағы үшін еңбек етуіміз керек деп ойлаймын. Бәріміз үшін бұл жер туған жерімізге айналған.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 желтоқсан
1705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі