400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Достық қарым-қатынас

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың арасындағы жағымды қарым-қатынасын анықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Дауленов мектеп-интернаты”КММ















«Мен зейінді баламын»

(Тренинг)





















Орындаған мектеп психологы:

Толегенова Аяулым Толегенкызы







«Мен зейінді баламын»

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған тренинг сабағы.

Мақсаты: Зейіннің тұрақтылығын, көру зейінін дамыту, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті: оқушылардың зейін тұрақтылығын ойын-жаттығу арқылы дамыту, практика жүзінде қолдана білуін қалыптастыру. Баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттыру.

Тренинг сабақ.

Пайдаланатын әдістер: талдау, болжау, сұрақ.

Жоспар:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Шаттық шеңбері

III Зейінді дамытуға арналған ойындар жаттығулар

IV Релаксация «Сыйқырлы көл»

V Жүректен жүрекке Ойын, тілек

Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Бетперделер» әрбір сабақты көңіл-күйді сұраудан бастаймыз. Ол үшін үш бетперде дайындаймын. Онда 3 келбет бейнелеген: көңілді, мұңды, ашулы. Оларға мұқият қарап сабаққа келген көңіл-күйіңізді таңдап және не үшін екенін түсіндіруіңіз керек.

2.Шаттық шеңбері.

Психологиялық тренинг «Танысу»

Мақсаты: Топ арасында жағымды қарым-қатынас орнату өздерін бағалауға дағдыландыру...

Нұсқау: Әрқайсысы шеңбер бойымен өз есімдерін және есімінің бас әрпімен келетін өз бойындағы бір оң қасиетімен атауы қажет.

Мысалы: Ерке-Ерасыл, Дарынды-Дильназ,Шапшаң-Шырай.

3.Зейінді дамытуға арналған ойындар жаттығулар.

Ойын «Сенемін-сенбеймін»

Мақсаты: зейіннің тұрақтылығын дамыту.

Балалар шеңбер құрып тұрады. Психолог допты кез-келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады.

  • Піл ұшы біледі

  • Құстар апанда ұйықтайды

  • Балықтар құрлықта өмір сүреді.

Балалар психолог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту кәртешкесі беріледі. Бір ескерту алмаған бала ең зейінді бала болып есептелінеді.

Жаттығу «Зейінді дамыту» тақтаға бірнеше әріптер ілінеді. Қатардағы «артық» әріпті бояймыз, содан соң сол әріптерден сөз құрау керек.

Ойын «Айтқыштар»

Мақсаты: іс-әрекетін бақылай алуды дамыту.

  • Балаларға сұрақ беріледі.Сұраққа тек айт деген команда берілген кезде ғана жауап беруі керек.

  • Сендердің сыныптарыңдағы қабырғаның түсі қандай?

  • Бүгін аптаның қай күні?

  • 100+13 қосқанда неше болады?

«Адасқан әріптер» ойыны оқушылар дыбыстарды тіркестіріп сөз жасау керек. Р,О,Б-Бор. П,А,Т,І,К-кітап. Р,Е,Т,П,Ә,Д-дәптер. Ш,Ы,Ғ,Ы,С,З-сызғыш. Ш,І,Г,Р,Ш,Ө-өшіргіш.

4.Релаксация «Сиқырлы көл»

Психолог: Қазір әрқайсысыларыңыз ыңғайлы отырыңыздар. Көздеріңізді жұмыңыздар баяу музыка ойнатылады. Біздің жер шарымызда бір жер бар. Ол жердің ауасы таза, шипалы, сол ауамен демалу ләззат сезіміне бөлейді. Айналасы көз тоймайтын табиғи сұлулық. Жерге қараса, айнала толған хош иісті гүлдер бір көлді қоршап тұр. Ол көлдің суы мөлдір, астында бұлақ болғандықтан дәмі өте тәтті, қайта-қайта ішкең келеді, айдында екі аққу жүзіп жүр. Сол жерде бір адам тұрады. Ол өзін ең бақытты адаммын деп сезінеді. Енді көзімізді ашып алған әсерлерімізбен бөлісеміз.Осыжаттығуданалған әсерлерімен талдау тренингті аяқтау.

5.Жүректен жүрекке.

Ойын «Тілек»

Мақсаты: оқушылар арасында өзара қайырымды, мейірімділікті қатынас тудыру. Ойын басында балалар шеңбер болып отырады. Психолог балаларға «Біз бүгін бір-бірімізге қандай тілек тілейміз»-деп сұрайды. Ойынға қатысушы балалар бір-біріне өздерінің тілектерін айтады.

Күтілетін нәтиже: Бұл тренингте ойын, жаттығу жасату арқылы оқушылар бір-бірін жақсы білуге, өз ойларын бөлісуге ашық болуға, жақсы көңіл-күйде болуға үйренеді. Өтілген тренингтің қорытындысы бойынша, оқушылар өздерін еркін ұстап, ойлайрын ашық айта білді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.11.2018
882
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі