400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Достық қолын ұсын!" сынып сағаты жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Күні

12.02.2024 жыл

Мұғалімнің есімі:


Сынып 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Достық қолын ұсын

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға «достық» ұғымының маңыздылығын түсіндіру, бір-бірімен адал, достық қарым- қатынаста болуға баулу

Құндылықтарды дарыту

«Ұлттық мүдде»:Ұлттық мұраға ұқыпты болу;

«Ар-ұят»: Достарына,сыныптастарына,отбасы мүшелеріне қамқор,мейірімділік таныту;

«Талап»: Білуге,жаңаны тануға құштар болу;

Жеке және командамен жұмыс істей білу;

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс


Сабақ басы


(5мин)

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Жүректен-жүрекке” әдісі арқылы оқушылар бір біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Оқушылар шеңберге тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.


Негізгі бөлім

(3мин)





ақпарат

(7мин)

Тобыңды тап”

Оқушылар бір-бірден қораптағы қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.

1-топ Бірлік

2-топ Татулық

3-топ Сыйластық

Кіріспе

Тақырыпты ашу сұрақтары.

Тақырыпты жағдаятпен ашып алу

1.Дос,достық дегенді қалай түсінеміз?

2.Достық шынайы сезім бе,әлде жай ұғым ба?

3.Дос қандай болу керек?

4.Достық жасқа байланысты ма?

5.Қыз бала мен ұл баланың арасында достық бола ма?


Достық әдеп, сыйласым

Дос өмірлік қимасым.

Дос арыңдай қымбатты,

Достық сезім тым- тәтті- дегендей, бүгінгі «Достық қолын ұсын» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.


Оқушылар қораптан қағазды алып ішінде жазылған санға сәйкес топқа бөлінеді.


Тақырып бойынша өз ойларын білдіреді.








Flippety.net





Көрнекіліктер


Тапсырмалар

(18 мин)



1-тапсырма.

Топтық жұмыс.

Достықты бірнәрсеге теңеп көрейікші.Теңеген затымыздың суретін салайық.Сосын сол бойынша түсіндірейік.

Мысалы:Достық-адамдар арасындағы байланыс.

-Дос деген кім?


2-тапсырма.

Достық-татулық белгісі

Мақалды жалғастыр”

1-топқа

1.Доc-ажарың,_____жолдас-базарың.

2.Дәмді болса - достық қымбат, ________Мәнді болса - жастық қымбат

3.Дос жылатып айтады,_______Дұшпан күлдіріп айтады.

4.Жаман жолдастан,_________Жақсы дұшпан артық

5. Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.______Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

2-топқа

1.Досыңа өтірік айтпа,_____Дұшпаныңа сырыңды айтпа

2.Досы көпті жау алмайды,______Ақылы көпті дау алмайды.

3.Дос табылса ас табылмайды,_____Ас табылса дос табылмайды.

4. Досы көппен сыйлас,______Досы азбен сырлас

5. Жолдасы көптің______ олжасы көп.

3-топқа

1. Біреу жаныңа жолдас,______Біреу малыңа жолдас.

2. Досыңды мақтағаның______өзіңді жақтағаның

3. Жаман туғаның болғанша,______Жақсы жолдасың болсын.

4. Ағаш тамырымен,______Адам досымен мықты

5. Айырылмас досыңа________қайырылмас сөз айтпа.



3-тапсырма.

«Досқа мінездеме»

Оқушылар сынып ішінде кез-келген оқушыға мінездеме жазып,ортаға келіп оқиды.Қалған оқушылар жасырып тұрған оқушыны табады.


4-тапсырма.

Кейс стадиәдісі

  1. Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?

  2. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...

- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

3. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді.Жанар кетті

алға тез,Алды-артына қарамай,«Рахмет» - деп, жалғыз

сөз Айтуға да жарамай! Сендер қалай ойлайсыңдар,

осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?

Оқушылар бірігіп постер қорғайды.







Топтар біріге отырып,өздеріне берілген мақалдың жалғасын табу керек.























Сынып оқушылары бір-біріне мінездеме беріп,жақсы қасиеттерін жазады.



Оқушылар жағдаяттық тапсырманы топ ішінде талдап,өзіндік ой-пікірлерін айтады.









Wordwall.net































Карточкалар
























Соңы (5 мин)



Рефлексия. Қорытындылау

Жеміс ағашы

Қорытындылау


Стикерлер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
346
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі