400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Достық қымбат өмірде

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету; -өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; -татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Достық қымбат өмірде

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер:_сыйластық, достық


Сабақтыңмақсаты:«Достық», «сыйластық» ұғымдарының мәнін ашу.

Міндеттері:

- балаларды достарымен жағымды қарым – қатынас жасауға үйрету;

-өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту;

-татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.


Ресурстар:

Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің достарым» тақырыбында әңгіме құрастырып келу.

1. Ең жақын досың бар ма?

2. Адал дос қандай болу керек?


Сабақ барысын талқылау:

Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқулықтағы суреттер арқылы жағдаяттарды талдау.

  1. Достық көмек көрсету дегенді қалай түсінесің?

  2. Суреттегі кейіпкерлер бір – бірімен қайткенде достаса алады?



Дәйек сөз:

«Жүз теңгең болғанша – жүз досың болсын»

Мақал

Достық қашанда бәрінен де қымбат. Мақалдың мағынасынан қалтаңда жүз теңгең болса, оны керегіңе жұмсайсың, ол тез- ақ таусылып қалады. Ол ақшаға алтын затың, ішкен – жегенің ұмытылып та қалады. Ал соншама досың болса, ол сені әрдайым қуанышқа бөлейді, әр уақытта қасыңнан табылады, сенімен әрдайым бірге болады.



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Қағаз бетіне өз досына арнап сурет салу.



Топпен ән айту.

Біз– өмірдің гүліміз

Сөзін жазған: Ә. Дүйсенбиев

Әнін жазған: Б. Ғизатов


Зеңгір көктен,

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз – өмірдің гүліміз.


Бал достыққа

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құштық та,

Бақыттымыз бәріміз!



Үйтапсырмасы.

Достарына көрсеткен көмектерің туралы шағын әңгіме жазып келу.



Бағалау

Оқушыларға рахмет айта отырып,сабақ барысында алған жүрекшелерін есептей келе бағалау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
578
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі