жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Достық қымбат өмірден
Қаратөбе мектеп-гимназиясы КММ жанындағы «Дарын» интернаты
Тақырыбы:
«Достық қымбат өмірде»
Өткізген: А.Қ. Есетова
2020 оқу жылы
«Достық қымбат өмірде».
Мақсаты:
Оқушыларға достың адам өміріндегі
маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі
туралы айтып түсіндіру.
Адамгершілікке,
адалдыққа, тату, мейірімді болуға
тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы
жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін
өз бойына сіңіре білуге үйрету.
Балаларды
жақсы қарым-қатынас жасауға үйрету.
Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа
тәрбиелеу.
Түрі: Аралас
Әдіс –тәсілдері . Түсіндіру ,ассоцация парағы ,Шаттық щеңбері , «Сөйлемді аяқта» тренигі ,пікіралмасу, жүректен –жүрекке , «Сиқырлы орындық» жаттығуы.
Көрненілік . Дос туралы мақал- мәтелдер,слайд ,жүрекшелер,5 саусақты жаттығуы.
Барысы:1.Ұйымдастыру
бөлімі .
2.Шаттық шеңбері.(оқушылар
қолдарынан ұстап әнді әуенімен айтады
)
Әрқашан дос , біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ту ғып ұстап бірлікті,2
Тату –тәтті жүреміз .
Ән
тыңдау: «Достарым»
Тақырыпты ашу сұрақтары.
Ән не жайлы болды?
Дос деген кім?
Ендеше,бүгінгі тәрбие сағатымызда не туралы әңгіме қозғаймыз?
Кіріспе «Ассоцация» парағын толтыру .
Дос- ақылшы ,көмекші ,сырлас, жақын ,адал, шыншыл ,т.б
шыншыл деген ұғымды білдіреді . Достық әрбір адамның өміріндегі ең
қызықты да ,қимас та ,қиын кезеңде қасында жүретін адамның саған деген
адал мінезі. Адалдықсыз достық болмайды .Ал адалдық деген –рухани
тазалық .Достық бір-бірін жаны қалап ,жақын көріп,қалтқысыз сеніп,тілектес,мұраттас болуы.
Досың бар ма? Ол кім?
Достық шынайы сезім бе,әлде жай ұғым ба?
Жақсы дос,жаман дос қандай болады?
Дос қандай болу керек?
«Сөйлемді аяқта» тренингі
«Мен досыма сенемін,себебі м ен .........................» сөйлемді жалғастыру.
(2минут)
Әрбір адамға дос керек ,өйкені .....................
Сыйластық бар жерде.........................
«Достық».
Ертеде,
Есім ханның ел билеген заманында, бір
кішкентай қалашыққа Досымбек деген
талантты, әділетті жігіт қазы болып
сайланыпты. Ақкөңіл адал ниетті жас
жігіт ел билігін жүргізді.
Ақжарқын
мінезді Досымбек бір күні әкесіне
аңқылдап сырын айтады:
- Әке, бұл күнде
дос –жарандар көбейді. Бәрі де адал
дос боламыз, қиындықта жаныңнан табыламыз
деседі.
-онысын келешекте Алла біледі,-
депті әкесі.
Әкесі
Сабыржан қарапайым шаруаның адамы екен.
Бірақ «ханға бергісіз қараша бар»
дегендей әкесі ойшыл, кемеңгер екен.
-
Балам, ертең қолың бос бола ма? Осы айтқан
сөзіңе байланысты мен ғибрат мысал
көрсетейін,- депті.
Ертеңіне түйе
жеккен арбасының үстіне киіз сырмаққа
ұзынынан бір серкені көрсетпей орап
салады да, өлген кісіше жатқызып алып
жүреді.
-Сен алдына жүріп отыр, әрбір
досыңның есігінің алдына тоқтап тұр.
Сөзді мен өзім айтамын, сен үндемей
тұрасың, -деп ұғындырады.
-Шырағым,
жан қысылып өзіңе келдік. Мынау Досымбек-
жан досың, істі болып қалды. Оқыстан
қата тиіп, сойылға жығылып, мына бір
адам өліп қалды. Шын дос болсаң, мына
арбаны өлігімен бүгінше бір жеріңе
паналатып
бер,- дейді досымбектің
әкесі. Үй иесі ат-тонын ала қашып, азарда
–безер болады.
- Пәлеңнен аулақ,
мынадай пәлесі тиетін нәрсені әрі
әкетіңіз!- дейді.
Сөйтіп, бала бір
досынан кейін бір досына бара береді.
Бәрінің сөздері сол сол болады: «Пәлеңнен
аулақ, кетіңіз! Досымбекпен достық
кезінде болған нәрсе», деп біреуі де
бұларды үйлеріне жуытпайды.
Соңғы
үйлердің біреуі қиналыпты: «Мынау қиын
болды ғой, өлікті қалдырып кетіңіз,
көлік пен арбаны алып жүре беріңіз,
өлікті жасыра тұрайын»,- депті.
Енді
бір ғана досы қалыпты. « бұған да бара
кетейік»,- деп шаруасын айтса:
-Қайтейін,
Досымбекпен бірге көрейін, досым үшін
жаным садаға! Арбаны да, көлікті де,
өлікті де –бәрін осында қалдырып,
өздерің кете беріңдер,-депті.
-Міне,
балам, басыңа қиындық іс түскенде,
жаныңда бірге юолатын шын дос-жолдасың
жүз кісіден бір жарым ғана болғанын өз
көзіңмен көрдің,- депті әкесі
баласына.
Оқушылардың
пікірі тыңдалады .
«Досымның жүрегі» ойыны.
Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру.
«Сиқырлы
орындық» жаттығуы.
Ортадағы
бір орындыққа бір оқушы отырады.
Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын
айтады.
«Мінездеме
беру»
тренингі.
Қазір
мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін.
Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы
жазылған есімді балаға бір-біріне
көрсетпей мінездеме жазыңыздар.
Тірек
сөздер:
Адал,
арам, жомарт, өз қамын ойлайтын,
адамгершілігі мол, кекшіл,қарапайым,
сөзге түсінбейтін,мейірімді, жалқау,
кешірімді,тәккәпар,төзімді, қатал,
ақылды, сабырлы, сараң,салмақта,қызғаншақ,
тұйық,ашық.
Бес
саусақ біріпей ине қолға ілікпейді
(дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан
алдымыздағы жүкті көтере білейік)
Татулық
достар арасындағы ең тамаша қасиет.
Тату балалар бір-бірін рнежітпейді,
тату-тәтті ойнайды. Сондықтан да достық
татулықтан басталады делінеді.
Қорытынды:
Қиын
кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
Досыңды
алдамай, оған адал бол.
Досыңды
қорлама.
Досыңмен қызықты шақтарды
бөлісе біл.
Досыңның кемшілігін
кешіре біл.
Балалар,
бүгін біздер достықты берік сақтау
үшін, одан әрі нығайту үшін керекті
көптеген жақсы қасиеттерді бойымызға
сіңіріп, жаман өқасиеттерден арылуға
күш салдық. Алдағы уақытта өмірімізге
нәр беретін, сын сағатта қасымыздан
табылатын достарымыз көбейе берсін.
Сәкен
Дәрібаевтың әнімен аяқтағым келіп
тұр.
«Өміріңе немқұрайлы қарама»
«Сөйлемді аяқта» тренингі
«Мен досыма сенемін,себебі м ен .........................» сөйлемді жалғастыру.
(2минут)
Әрбір адамға дос керек ,өйкені .....................
Сыйластық бар жерде.........................
«Сөйлемді аяқта» тренингі
«Мен досыма сенемін,себебі м ен .........................» сөйлемді жалғастыру.
(2минут)
Әрбір адамға дос керек ,өйкені .....................
Сыйластық бар жерде.........................
«Сөйлемді аяқта» тренингі
«Мен досыма сенемін,себебі м ен .........................» сөйлемді жалғастыру.
(2минут)
Әрбір адамға дос керек ,өйкені .....................
Сыйластық бар жерде.........................
«Сөйлемді аяқта» тренингі
«Мен досыма сенемін,себебі м ен .........................» сөйлемді жалғастыру.
(2минут)
Әрбір адамға дос керек ,өйкені .....................
Сыйластық бар жерде.........................
«Сөйлемді аяқта» тренингі
«Мен досыма сенемін,себебі м ен .........................» сөйлемді жалғастыру.
(2минут)
Әрбір адамға дос керек ,өйкені .....................
Сыйластық бар жерде.........................

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген