жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Достық сезімі
Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж
Интербелсенді сабақтың әзірлемесі
Пән: Рухани –адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері
Сабақ тақырыбы: Достық сезім
Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру»
Топ: 2 негізгі БББ
Оқытушы : Адамзатова А.Ж.
Қаралды
Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер
циклдық комиссия отырысында
Хаттама №___ « » қараша 2019 ж.
Циклдық комиссия төрайымы
__________Аблаева Д.М.
Семей қаласы
2019-2020 оқу жылы
Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж
Сабақ жоспары № 21
Пән: Рухани –адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері
Предмет
Курс тақырыбы: Махаббат. Өмір
Тема курса
Сабақ тақырыбы: Достық сезім
Тема урока
Оқыту стандарттары:
Стандарты обучения
Оқушылар білу керек әрбір жеке тұлға бойындағы адамгершілік қасиетін
Обучающиеся должны знать
Оқушылар жасай білу керек: өзіне , адамдарға және қоршаған әлемге ізгіліті қарым-қатынас жасау
Обучающиеся должны уметь
Сабақ мақсаттары
Білімділік: студенттерге
дос, достық туралы түсіндіре отырып,
олардың
достық қарым – қатынасын нығайту.
Обучающая
Дамытушылы - өз ойын жетік білдіруге, ашық айту, тез ойлану қабілеттерін дамыту
Развивающая
Тәрбиелік адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту, топпен жұмыс жасауға, бірлікке тәрбиелеу
Воспитательная
Сабақтың типі: жаңа білімді, білікті, дағдыны меңгеру
Тип урока
Сабақтың түрі: сайыс-сабағы
Вид урока
Сабақта пайдаланатын әдістер: түсіндіру, эссе жазу, мақалдарды талдау, ән айту, әңгімелесу, learning.apps құралдары, ребустарды шешу, пантомима көрсету
Методы, используемые на уроке
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекілік құралдар Тірек сызба
Наглядные пособия
Үлестірмелі материалдар
Раздаточный материал
Пәнаралық байланыстар ( межпредметные связи)
қамтамасыз ететін: этнопедагогика, қоғамтану, философия
обеспечивающие
қамтамасыз етілетін: психология, жаңа педагогикалық технологиялар
обеспечиваемые
Пайдаланатын әдебиет: А.Джанузакова.Өзін-өзі тану.Астана, 2017 ж.
Литература
Сабақтың мазмұны (содержание урока) :
Элемент №1 |
Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары |
I.Ұйымдастырушылық
II. Үй жұмысын тексеру III білімді жүйелеу және пысықтау
IV Қорытынды
VI. Үйге тапсырма |
ауызша түрде махаббат деген тақырыпқа өлең жаттау «Достық дегеніміз не?» - деген сұраққа адамдар әр түрлі жауап береді. Достық туралы көптеген мақал, әңгіме, нақыл сөздер, ертегілер бар. Достық дегеніміз – бұл өте терең, күрделі, көп мағыналы ұғымдардың бірі. Симпатиямен және өзара бауырмашылдықпен сипатталатын тұрақты жеке таңдаулы тұлғааралық қарым-қатынас түрі. Балабақшаға барғаннан бері достарымыз да пайда болды. Бір балалар болса мектепке келіп дос тапты. Кішкентай кезімізде досымызбен бірге қуанып, ренжісіп қалған кездерді есімізге түсірейікші. Біз бұл ойларды жылылықпен еске аламыз. Сіз де кішкентай кезіңіздегі сырларыңызды, құпияларыңызды еске түсіріңізші. Әрине бұны сіз ең бірінші болып досыңызға айттыңыз. Біреулеріміз өмірімізде бір ғана адаммен достастық, біреуіміздің 2-3 досы бар. Қандай жағдайда болмасын дос ең бірінші болып көмекке келеді, өзінде бар нәрсені аямайды,қол ұшын созады. Достар арасында құпиялар, бір–біріне сенбеу сияқты нәрселер болмайды. Өмірімізде біз шынайы достыққа күә боламыз. Кейбір достар өмірінің аяғына дейін достасып кетеді. Екіншілері болса тағдырдың әсерінен айырылысып кетеді. Бірақ бір-бірімен үнемі хабарласып тұрады. Достар туралы астарлы әңгіме Дәйексөзді жазу. « Адал дос алтыннан да қымбат» Шағын топпен жұмыс
Ән айту «.«Дос туралы жыр» (сөзі Т.Молдағалиев., әні С.Бэйтереков). Жүректен- жүрекке Бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді жүрек түбіне апарып, өз өмірлеріңде пайдалана біліңдер Бүгінгі сабақтан қортынды жасаймыз. 1.Бүгінгі сабағымызда не жайлы айтылды? Дос деген сөзге синквейн жазу Бәріңізге үлкен рахмет!!! Білім алушыларды мадақтау, бағалау Менің досым эссе жазу |
Мерзiмi |
|
Топ |
II негізгі НО |
Оқытушы қолы: ________________Адамзатова А.Ж.
1.Қанат
конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын
ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып
ол конькиін Мараттың теуіп жүргенін
көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп
шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын,
біреудің затын сұрамай алушы болмасын»
деп ойлады.
Ашулы күйінде жетіп
барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.
Ал
Марат оны көрді де, «Танысып қой, Айдар,
бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді.
Қанат ұялып қалды. -Қанат неліктен
ұялды?
2. Аңсар пен Мирас бесінші
сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос.
Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын
ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі
сабағын оқып болған соң далаға ойнауға
шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та
ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап,
үйге кеш қайтты. Мирас айтты: Мен ертең
сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын
орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды
дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға
айтты...
- Аңсар егер адал дос болса,
қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?
3.
Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті
қолына алып, өзеннен су алып келіп,
қорадағы қойларды суаруға бет алды.
Шелегін суға толтырып, қораға кіре
берісте Айбектің аяғы тайып, құлап
түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең
қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы
шығып кетіп ауруханада көп жатты...
-
Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер
едіңдер?
Притча
о дружбе
которая
рассказывает про двух друзей, идущих в
пустыне: Однажды они поспорили и один
из них дал пощёчину другому. Последний,
чувствуя боль, но ничего не говоря,
написал на песке: «Сегодня мой самый
лучший друг дал мне пощёчину». Они
продолжали идти и нашли оазис, в котором
решили искупаться. Тот, который получил
пощёчину, едва не утонул, и его друг его
спас. Когда он пришел в себя, он
написал на камне: «Сегодня мой самый
лучший друг спас мне жизнь». Тот, кто
дал пощёчину и который спас жизнь своему
другу спросил его: -Когда я тебя обидел,
ты написал на песке, а теперь ты пишешь
на камне. Почему? Друг ответил: — Когда
кто-либо нас обижает, мы должны написать
это на песке, чтобы ветры могли стереть
это. Но когда кто-либо делает что-либо
хорошее,мы должны выгравировать это на
камне, чтобы никакой ветер не смог бы
стереть это. Научись писать обиды на
песке и гравировать радости на камне.
Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
Человек без друзей, что дерево без корней.
Друга ищи, а нашёл береги.
Дерево живёт корнями, а человек друзьями.
Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады.
Доспен дос болғанша шаттан, Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.
Досы
жоқ адам - Тұзы жоқ тағам.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген