400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Достық-таусылмас қазына» эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушы шығармашылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Білім басқармасының «АСҮ №15 мектеп –интернаты» КММ-сі



«Достық-таусылмас қазына» эссе

Достық-таусылмас қазына. Достық – адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың жақындықтың белгісі. Нағыз достық бір-біріне деген қарым-қатынасты нығайтады. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі қиыншылықтарға мойымауға және қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Әрқашан тілектес,сондықтан досыңа әрқашан көмектесу керек.

Сыныбымызда әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Достық туралы көптеген мақал-мәтелдер айтамыз: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Татулық-достық кепілі”,“Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын ” т.б.

Қазір бізге достық өте қажет. Мақсаты, арман-тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайды. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Біздер достықты сақтау үшін көп еңбектенуіміз керек деп ойлаймын. Қайтарымын қажет етпей, қамқорлық жасап, әр уақытта көмек беріп отыруымыз керек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Менің Еркеназ, Ару, Мөлдір, Медина есімді достарым бар.  Оларды өте жақсы көремін. Жұбымыз жазылған емес. Сабақты бірге оқимыз, бос кезде бірге ойнаймыз. Бір бөлмеде ұйықтаймыз. Біз интернатта оқимыз. Достарымның бойында жақсы қасиеттер жетерлік. Мен достарымды мақтан тұтамын. Қасымда жүргендеріне қуанамын. Достарыма адал боламын, қажет кезде көмегімді аямаймын, жауапкершілікпен қараймын, деп уәде беремін.





Болат Диляра

3 «Б» сынып оқушысы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
2717
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі