«Қостомар ауылының орта
мектебі»ММ
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларына
арналған
«Достық»
тренингі
Өткізген: педагог-психолог
Ә.Ш.Сұлтанова
2019-2020 оқу
жылы
Бастауыш сынып оқушыларына
арналған
«Достық» тренингі
Мақсаты: сыныптың ауызбіршілігін, ынтымақтастығын дамыту.
Тренингтің міндеті:
1)
Бір-біріне деген сенімді және мейірімді қарым-қатынасты
қалыптастыру.
2)Мәселелік жағдаяттарды шешуді үйрену және
өзінің іс-әрекетін басқалардың қабілетімен үйлестіре білуге
қалыптастыру.
3)Қойылған мақсатты бірігіп шешуге және
іскерлікке үйрету.
4)Оқушылардың шығармашылық потенциалын
дамыту.
1.Танысу.Оқушылар бір-біріне доп беру арқылы
«Мен Ақылды
Айнұрмын»
фразасын айтады.
2.Ой-толғау.
Дос
дегеніміз не?Қалай ойлайсыңдар, шынайы дос болу қиын
ба?
Дос
қандай болу керек?Достықтың түрлері
қандай?Дос, достық
дегенді қалай түсінеміз?
Досың бар ма? Ол кім?Достық шынайы сезім бе, әлде
жай ұғым ба?
Достық жасқа байланысты ма?Жақсы дос, жаман дос
қандай болады?
Досыңыздың
басына қиындық түсті не істейсіз?
3.Ойын «Құстар
үйірі»
Жүргізуші: «Қазір барлықтарың кішкентай
құсқа айналасыңдар. Сендер құстар әуенмен ұшасыңдар. Бір-біріңмен
соқтығысып қалуларың мүмкін, абай болыңдар. Менің нұсқаулығым
бойынша кішігірім үйірлерге жиналасыңдар, үйірдегі құстардың санын
мен атаймын».
Біраз уақыттан кейін жүргізуші
мысалы «бес» санын айтады. Қатысушалар бес-бестен топ құрайды. Кім топқа
кіре алмай қалды сол ойыннан шығады.
4.Жағдаяттан
шығу
1.Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі
тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың
теуіп жүргенін көрді.
Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын
тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп
ойлады.
Ашулы күйінде
жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп
алған.
Ал Марал оны
көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат»
деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен
ұялды?
2. Аңсар пен Мирас
бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген
соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын
оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас
та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас:
мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені
ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға
айтты...
- Аңсар егер
адал дос болса, қандай жауап берер еді деп
ойлайсыңдар?
3. Қаңтардың қара
суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп,
қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға
кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді.
Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп
ауруханада көп жатты...
- Сендер
Айбектің досы болсаңдар не істер
едіңдер?
4. Құрбылары
Жанарға балмұздақ берген-ді.
Жанар кетті
алға тез,
Алды-артына
қарамай,
«Рахмет» - деп,
жалғыз сөз
Айтуға да
жарамай!
Сендер қалай
ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола
ма?
5.Сырым мен Дина
дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып
тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала
жөнелді.
6. Жанар мен Сырым
шын достар деп, айтуға бола ма?
Неліктен?
Олардың достықтары қалай жалғасады, деп
ойлайсыңдар?
Балалар бір-бірімізге
ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді
түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт
өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан
досымызды ренжітіп аламыз. Жанар «рахмет» деген сөзді, Сырым
«кешір» деген сөзді айта алмады. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне
қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке
келеді, татулықты қадір тұтады.
Біз
бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай
қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап
көрейік.
5.Ойын
«Ренжістік,
Достастық»жаттығуы
Балалар, бүгін
біз: «Ренжістік,
Достастық» ойынымен танысып, ойнаймыз.
Мүмкін шын достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім
бойынша сендер:
«Ренжістік» дегенде бір-бірлеріңе
қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды
безейсіңдер.
«Тоқта» дегенде бір-бірлеріңе
арқаларыңды беріп тұрасыңдар
«Достастық» деген бұйрық берілгенде қол
алысып, күлімдеп, өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер
айтасыңдар.
Пікір
алмасу:
-Сендерге ойын ұнады
ма?
-Татуласқанда қандай сезімде
болдыңдар? (қуанышты, бақытты, көңілді)
-Ал ренжіскен сендерге ұнады
ма?
-Ренжіскенде қандай
көңіл-күйде болдыңдар? (қайғылы, көңілсіз)
-Ендеше балалар, өмірімізде
қуанышты, бақытты сәттер көп болсын десеңдер, ешқашанда достарыңмен
ренжіспеңдер.Олармен бірге тату-тәтті достықта болуларыңа
тілектеспін.
6.Жаттығу «Бес мейірімді
сөз» Бір-бірін жақсы тани
білу,бір-біріне деген қызығушылықтарын арттыру. (тақтаға
ілу)
Балалар, орындарыңызға
емін-еркін жайғаса отырыңыздар.Қазір мен сендерге 5саусақты сурет
беремін. Әр саусаққа досымыздың жақсы қасиеттерін жазып
шығайық.
«Бес саусақ бірікпей, қолға
ине ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып, бірауыздан алдымыздағы
жүкті көтере білейік.Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет.
Тату балалар бір-бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды. Сондықтан
достық татулықтан басталады делінген.
7.
«Сиқырлы
орындық» жаттығуы.
Ортадағы бір
орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды
жақтарын(мінездеме беру)
айтады.
Жүректен-жүрекке жылы лебіз
білдіру.
Оқушыларға алдын-ала
жүрекшелер таратылып беріледі.
- Балалар шаттық
шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегі
жақсы жылы лебізді білдірейік. Жүрекке жылы сөздер жазып, қасындағы
оқушыға сыйлайды.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірлеріне
жылы лебіздер айтылады.