Достық тренинг

Тақырып бойынша 24 материал табылды

Достық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық тренинг 2 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақтерек ауылындағы орта мектебі Жаманты бастауыш мектебімен» КММ












«Достық»



Орындаған: Бусурманова Жанар






2024

Тақырыбы: «Достық»


Мақсаты: Ұжымды біріктіру, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендендіру. Бір-біріне сенімді және мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру.


Міндеттері: Өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар, топпен жұмыс барысында мейірімділік атмосферасын орнату.


Жұмыс жоспары:

1. «Достық» өрмегі.

2. «Пантомимика» ойыны.

3. Сергіту сәті. Айтамыз және көрсетеміз.

4. Кері байланыс. Достыққа тән қасиеттерді жазу

Барысы:

- Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер және оқушылар! Бүгінгі біздің «Достық» қарым-қатынастарды нығайту тренингіне қош келдіңіздер!

Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық.

Жылулық шаттық шеңберін орнату.

Достық - әдеп, сыйласым,

Дос - өмірлік қимасың.

Достық - игі жақсылық,

Достық ниет - жақсы үміт.

Достық жасап адамға,

Достаса біл қашанда.

Достар әрқашан да бірге ойнап, бөлінбейді. Мүмкіндік болса бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір тұрады. Досыңның көп болуы өз қолдарыңда. Егер сен барыңмен бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға даяр тұрсаң, сенімен бәрі де достасқысы келеді.

- Балалар, «достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Достар қандай болу керек?

- Нағыз достар қандай болады?

- «Жалған достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

1. «Достық» өрмегі.

Мақсаты: Достық қарым – қатынасымызды мейірімділігімізді білдіру.

Нұсқау: Жіпті бір – бірімізге ұсынып достық өрмегін құрып жылы лебіздерімізді білдіреміз.

2. «Пантомимика» ойыны.

Мақсаты: Бұл ойын баланың мінез – құлықты эмоциясы арқылы танып білуге үйретуді көздейді.

Нұсқау: Топтарға бөлінеміз, түрлі мимикалар түсіндірілетін тапсырма орындаймыз.

1. Ауырған немесе жұмыстан шаршаған анаға баланың білдірген мейірімі?

2. Оқушы қарт кісіні жолдан қалай өткізуі керек?

3. Ренжіскен екі дос бір – бірімен қалай татуласады?

Сендердің көңіл – күйлерің көтерілдіме? Ол үшін жаныңдағы достарыңнын жанын түсіне біліңдер, бір – бірлеріңе көмектесіп, қолдап жүріңдер.

3. Сергіту сәті. Айтамыз және көрсетеміз.

Мақсаты: Оқушылардың тыңдау қабілеттерін тексеру.

Нұсқау: Орнымыздан тұрып айтылған жаттығуларды қайталаймыз.

Оң қолымды – иыққа,

Сол қолымды – беліме,

Қолдарымды жан-жаққа

Түсіремін төменге,

Оңға бұрыламын.

Сол қолымды – иыққа,

Оң қолымды – беліме,

Қолдарымды көтеремін

Түсіремін төменге,

Солға бұрыламын.

4. Кері байланыс. Достық қасиеттерін жазу.

Мақсаты: Жақсы дос пен жаман достың қасиеттерін ажырата білуге үйрету.

Нұсқау: Оқушыларға парақтар таратылады, парақтар екіге бөлінген оқушылар жақсы доспен жаман достың қасиеттерін жазулары қажет. Жақсы дос туралы жазылған парақты өзімізге қалдырамыз, жаман дос туралы жазылған парақты мыжып қоқыс жәшіге тастаймыз.

Қорытынды: Жақсы дос туралы жазылған парақты күнге жабыстырамыз. Оқушылар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.







Педагог-психолог: Бусурманова Жанар





































Түзету жұмыстарының, өткізілген тренинг және іс-шаралардың

ХАТТАМАСЫ



Тақырыбы: «Достық»


Мақсаты: Ұжымды біріктіру, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендендіру. Бір-біріне сенімді және мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру.


Сынып:

Күні:

Қысқаша мазмұны

1 «А», 1 «Б» сынып оқушыларымен «Достық» тақырырыбында тренинг өткізілді. Оқушылармен ең алдымен сәлемдесу жүргіздік. Достық туралы қысқаша түсініктеме айттық. Достық тақырыбында сұрақ – жауап алмастық. Оқушылардың өз мінез – құлықтарын эмоцияларын мимика арқылы көрсете білуі үшін ойындар ойнадық. Топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды орындады. Қолдары дене мүшелері демалуы үшін сергіту жаттығуларын орындап өттік. Оқушыларға парақтар таратылды, парақтар екіге бөлінген оқушылар жақсы доспен жаман достың қасиеттерін жазды. Жаман дос туралы жазылған парақты мыжып қоқыс жәшіге тастадық, жақсы қасиеттермен кері байланыс орнатып күнге жабыстырдық.

Шешімі/қорытынды: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Достық тренингі өз мақсатына жетті. Оқушыларда бір – біріне сенімділік, мейірімділік қасиеттері арта түсті деген ойдамыз.


Мектеп психологы: Бусурманова Жанар













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2025
172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі