Материалдар / Достық түбі-адалдық!

Достық түбі-адалдық!

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2018
643
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Достық түбі-адалдық»Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. Дамытушылық: Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту. Міндеттері: - Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету; - Өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым – қатынастарын дамыту; - Татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Түрі: аралас Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, «Сөйлемді аяқта» тренингі, хатқа жауап беру, пікіралмасу, жүректен-жүрекке, «Сиқырлы орындық» жаттығуы, «Ренжістік-татуластық ойыны. Көрнекі құралдар: Ұлы ғұламалардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер, слайд, мәуелі ағаш, жүрекшелер, 5 саусақты қағаз қолғап. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу. /Әнұран орындау/. ІІ. Тақырыпты ашу сұрақтары. Тақырыпты жағдаятпен ашып алу (слайд) 1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз? 2. Досың бар ма? Ол кім? 3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба? 4. Достық жасқа байланысты ма? 5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма? 6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады? 7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз? 8. Дос қандай болу керек? ІІ. «Нағыз дос» атты алма ағашына, досқа тән қасиеттерді жапырақтар түрінде теріп ілу (Адал, жомарт, адамгершілігі мол, қарапайым, мейірімді, кешірімді, төзімді, ақылды, сабырлы, салмақты, кек сақтамау, ашықтық, бүкпесіздік, өтірікші, тәртіпсіз, мақтаншақ, жалқау) ІІІ. Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: -Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: - Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: - «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды. -Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? - Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі». ІV. «Сөйлемді аяқта» тренингі А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... Ә) Сыйластық бар жерде ... Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім... V. Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы 1. Жақсы дос Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... - Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? Балалар бір-бірімізге ренжіген сәттерде, кейде біз өте асығып жүріп бір-бірімізді түсінбей қаламыз, ізгі сөздерді айтуға үлгермей қаламыз. уақыт өткен соң түсініп, өкініп жататын кездеріміз де болады. Одан досымызды ренжітіп аламыз. Нағыз достар бір-бірінің көңіліне қарап, ренжітпейді, кешірімшіл болады. Достар қиын сәттерде көмекке келеді, татулықты қадір тұтады. Біз бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсіну үшін қандай қарым-қатынаста болуға тиіспіз, қане ойын ойнап көрейік. VІ. Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/ Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: • «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. • «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. • « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар. Пікір алмасу. - Сендерге ойын ұнады ма? - Татуласу ше? - Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/ - Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма? - Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/ Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін. VІІ. «Хат қоржын» (хаттарға жауап) Мен досыммен балыққа кетіп барамын. Ата-анамды әрі-бері күтіп, келмеген соң рұқсатсыз кете беруіме тура келеді. Бармауға да болады, бірақ дос көңілін қимадым... Сіздер маған қандай ақыл айтасыздар? VIІІ. «Мінездеме беру» тренингі Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір-біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар. Тірек сөздер: Адал Арам Жомарт Өз қамын ойлайтын Адамгершілігі мол Кекшіл Қарапайым Сөзге түсінбейтін Мейірімді Жалқау Кешірімді Тәккапар Төзімді Қатал Ақылды Мейірімсіз Сабырлы Сараң Салмақты Қызғаншақ Кек сақтамайтын Тұйық Ашық Бүкпесіздік «Бес саусақ бірікпей ине қолға ілікпейді» дегендей бәріміз жұмылып бірауыздан алдымыздағы жүкті көтере білейік. Татулық достар арасындағы ең тамаша қасиет. Тату балалар бір – бірін ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды, ойыншықтарымен, тәттілерімен бөліседі. Сондақтан да достық - татулықтан басталады делінеді. ІХ. «Сиқырлы орындық» жаттығуы. Ортадағы бір орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады. Х. Жүректен жүрекке: Оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне кезекпен достық тілектерін білдіреді. -Досыңа адал бол! -Татулық тілеймін! -Досыңа кек сақтама! -Кешірімді бол! -Достық тілеймін! ХІ. Үйге тапсырма: «Досым саған арнаймын» (ақындар өлеңдерінен көркемсөз оқу) ХІІ. Қорытынды: • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. • Досыңды алдамай, оған адал бол. • Досыңды қорлама. • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. • Досыңды барда да сына, жоқта да сына. • Досыңның кемшілігін кешіре біл. Қосымша: Мақалды жалғастыр. 1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады». 2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады». 3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...». 4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы». 5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын». 6. «Досы көппен ..., Досы жоқпен ...». 7. «Досы ..., өзі де жақсы». 8. «.. басқа қарайды, ... аяққа қарайды». 9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...». 10. «Досың мың болса да - ..., ... біреу болса да - көп». Жауаптары: 1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады». 3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». 4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы». 5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын». 6. «Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас». 7. «Досы жақсының - өзі де жақсы». 8. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды». 9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық». 10. «Досың мың болса да - аз, Дұшпаның біреу болса да - көп». - Балалар, бүгінгі тәрбие сағатында біз «Достық» аялдамасына тоқсатп, бұл аялдамада «Достық – татулықтан басталады» деген тақырыпта әңгімелесіп, қалай тату дос болу керектігін үйреніп, «татулық» ұғымы туралы түсінік аламыз. Релаксация -Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық, әрқашан бірлікте, сыйластықпен өмір сүрейік, деп іштей қайталаймыз.Соның дәлеліндей әркім өзінің көршісінің қолын алып, ешқашан ренжіспеуге келісім берейік. Осындай ризашылықпен бұрынғы қалпымызға келеміз. «Досымның жүрегі» ойыны Үлестірілген жүрекшеге жақын отырған көршісіне жақсы қасиеттерін жазып кеудесіне жапсыру. Жағдаяттар: 1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың сағатын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтар едің? 2. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің? 3. Алғашқы жауын жауғанша Данамен Бота тату дос болатын. Олар мектепке де бірге баратын. Бірде олар мектепке келе жатқанда жаңбыр жауып кетті. Дананың үстінде плащы бар еді, ал Бота көйлекпен ғана болатын. - Плащынды шеш, екеуіміз бірге жамылайық! - деді Бота. Шеше алмаймын, үстім су болады ! –деді Дана. Мектепке келгенде мұғалім «Дананың үсті құрғақ, сен неге малмаңдай сусын. Неге бұлай? Екеуің бірге келмедіңдер ме?» деп сұрады. - Дананың плащы болды, ал менде көйлек қана болды»-деді Бота. - Екеуің бір плащты жамыла алатын едіңдер ғой. Сендердің достықтарыңның алғашқы жаңбыр жауғанша ғана екені көрініп тұр – деді мұғалім. Екі қыз да ұялғанынан қып-қызыл болып кетті. 4. Анаң сабақтан қайтқанда нан ала кел деп ақша берді. Сені үйдегілер күтіп отыр. Түскі тамаққа нан ала келеді деп. Досың да анасы нан ала кел деген ақшасын жоғалтып алып не істерін білмей тұр. Не істейсің? 5. Бесінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Талғатты ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Талғат саббаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады. - Талғаттың бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?

Қорытынды: Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі». 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ