жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Достық туралы тренинг
Достық қымбат өмірде.
Мақсаты:Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті:1.Адам қарым-қатынастағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3.Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Барысы:
II.Шаттық шеңбері.
-Балалар ,бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап айтайық.«Досболайық бәріміз » әнін айтайық.
Тренинг ережелерімен таныстыру.
1.Кешікпеу.
2.Өз уақытында бастау.
3.Бір-бірін сыйлау.
4.Ұзақ уақыт сөйлемеу.
5.Көңілді болу.
Танысу тренингісі. Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.
II.Жаңа сабақ./электрондық оқулықпен/
Достық қымбат өмірде
Достар әрқашан да бірге ойнап, бөлінбейді.Мүмкіндік болса бірге сабаққа дайындалады.Бірін-бірі түсінуге, кешіруге, қорғауға әзір тұрады.Досыңның көп блуы өз қолдарыңда.Егер сен барыңмен бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға даяр тұрсаң, сенімен бәрі де достасқысы келеді.
III. Әңгімелесу
- Балалар, « достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Достар қандай болу керек?
- Нағыз достар қандай болады?
- « Жалған достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Достары көп болу үшін адам қандай болу қажет?
/ балалар өз ойларын схема арқылы жеткізеді/
Адамдар бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады.Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы.Достық қарым-қатынас адамдарға өз-ара сенім жүктейді.Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да қамқор болады.Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі.
IV. Мәтінмен жұмыс.
– Енді, балалар, біз достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіну мақсатында « Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін мұқият тыңдап ертегі бойынша сұрақтарға жауап береміз.
Қарлығаш пен дәуіт./электрондық оқулық арқылы/.
Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты.Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады.Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкке барады.
Қарлығаш : «Көкек ,маған көмек бере гөр,балапандар-
ымызды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.
- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, -дейді көкек.Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.
- Қарғажан , маған көмек бере гөр.Балапандарымды жыл-
ан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып .
Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:
- Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма!- дейді маңғазданып.
Қарлығаштың амалы таусылып , шырылдап ұшып келеді.
Қарлығашқа дәуіт кездеседі.
- Достым ,неге жылайсың ? –деп сұрайды ол қарлығаштан.
- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып , ұяма өрмелеп барады.
- Олай болса , мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт.Қарлығаш қанатын тосады.
Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді.Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді.Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.Дәуіттің ерлігіне сүйінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.
Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.
- Балалар, қарлығаш неге ренжіді?
- Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға болмайды?
- Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?
/Берілген сұрақтар бойынша балалардың жауаптары тыңдалып, осының негізінде олар адамгершілік құндылықтарының мәнін ұғына түседі./
IV.Дәйек сөз.
-Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық. «Жүз теңгең болғанша, Жүз досың болсын »
VI. Тыныштық сәті.
-Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар.Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалпы қасиеттері туралы ойлаймыз. /2-3 секунд/
-Балалар , достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық.Параққа аты-жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.
V.« Достық .Бірлік » үйін салу.
-Балалар,біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек.Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал – мәтелдер.
1. Досы көпті жау алмайды,
2. Досың көзіңде болғанша,
көңіліңде болсын
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз досың болсын.
4.Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
5.Досы көппен сырлас.
Досы жоқпен сыйлас.
6.Досың мың болса да-аз,
Дұшпаның біреу болса да-көп.
7.Досыңмен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
8.Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
9.Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
10.Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап, тең құрбыңның ішінен.
11. Күлме досқа, келер басқа
VIII. Социметрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау,алынған мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде психологиялық қолайлы жағдайын орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтар қойылады.Сол сұраққа осы өз кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
1.Кіммен дос болғың келеді?
2.Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3.Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?
Х. Өміршеңдік ережесі.
Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау.Сол сияқты иығыңды тіктеп , жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршеңдік ережлерін айтайық.
1. ЖІГЕР ДЕГЕН- МЕН
2.КҮШ ДЕГЕН- МЕН
3. МАХАББАТ ДЕГЕН –МЕН
4.КЕШІРІМ ДЕГЕН – МЕН
5.ҚҰДІРЕТ ДЕГЕН –МЕН
6.ЖАСӨСПІРІМ ДЕГЕН – МЕН
7.ЖАСТЫҚ ШАҚ ДЕГЕН-МЕН
8.ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕН-МЕН
9.АДАЛДЫҚ ДЕГЕН-МЕН
10.ЖАРҚЫНДЫЛЫҚ ДЕГЕН-МЕН
11. БАР ҒАЖАЙЫП ДЕГЕН –МЕН.
ХОРМЕН: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.
Х. Қорытынды.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр.Біз де сол сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.
IХ. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
Қанатты сөз.
Құс қанатымен мықты,
адам достарымен мықты.
Мұғалімдерге жүрекке жылы сөздер жазып тарату.
«Доссыз өмір бос»
Сабақтың мақсаты: Достық туралы
жақсы пікір қалыптастыру; Оқушылардың
достық туралы ой-пікірлерін дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу;
адал дос таба білуге баулу
Сабақтың
әдісі: тренинг Сабақтың
көрнекілігі: Достық туралы нақыл
сөздер.
Сабақтың мазмұны:
Жүргізуші: Достық – адамдардың бір-бірін
жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз
сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық
туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға
қоса, ұстаздар мен педогог-психолог
ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін,
сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем.
Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын
келелі орнына, зло маңызына байланысты
екені даусыз.
Біз бүгін жас ұрпақ
арасында «Дос. Жолдас. Құрбы-құрдас»
деген тақырыпта пікірлесу кешін
ұйымдастырып отырмыз. Мақсатымыз достық
туралы ой пікірлерін білу, достықты
қадірлей білуге шақыру, адал дос таба
білуге баулу, яғни Мұса Жәлел айтқандай:
«Шын
дос үшін қалайда
Тік қатерге
басыңды.
Айыра біл алайда
Досың
менен қасыңды».
Сіздерді біз «достық»
туралы тақырыпта сырласуға шақырамыз.
Ойларымызды жинақтап алғанша «Достар»
әнін тыңдайық.
Жүргізуші: Ең әуелі
«Достық туралы» ұлы ғұлама, ойшылдардың
айтқан сөздерінен үзінділер
келтірейік.
Назгүл: Ерте заманның
ойшылы және асқан шешен, ежелгі рим
мемлекет қайраткері Марк Туллий Цицерон
«Достық өз бойына қаншама сан алуан
пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші!
Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді,
ол барлық жерде бар, ол ешқашан да мезі
қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін
жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет
береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де
көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады,»-дейді.
Достық адамның өмірдің өзіндей сан
бояулы, көп қырлы қаситетті, сондықтан
бірер сөзбен оның толық анықтамасын
беру мүмкін емес. Әйтсе де, ұлы шешеннің
жоғарыда келтірілген сөздерінде ұғымның
басты мәндері көрегендікпен ашып
көрсетілген.
Феруза:Ал, ежелгі грек
философы, ғалым, ойшыл Аристотель былай
деген екен: «Достық – өмір үшін ең
қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан
да игілікке түгел ие бола тұрса да, дос
– жарансыз өмірді қаламақ емес».
Жүргізуші:
Жақсы, енді достық туралы ойларыңызды
білейік.
О қ у ш ы л а р д а н «д о с т ы
қ» т у р а л ы о й л а р ы н с ұ р а у.
Жүргізуші:
Қандай адамдар досқа лайық?
Абылай:
Адамдар арасындағы достық сезімі өмірде
олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет
тұтынуынан, шынайы тілектестік пен
өзіндей көріп сенуінен, бір-біріне
тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз
кезде ғана емес, әсіресе, қиын-қыстау
күндерінде іркілместен қасынан табылудан,
риясыз, есепсіз жомарттықтан көрінеді.
Абай армандағандай, сын сағатта «Мұнан
менің қай жаным аяулы»,-деп, қасыңда
бірге тұрып қана алатын адам ғана досқа
лайық.
Жүргізуші: Дұрыс айтасың. Енді,
мына бір көрініске назар аударалықшы.
1
– көрініс
Марал етігі жыртылып
қалғандықтан сабақтан бірнеше күн
қатырынан қалды. Оны сыныптасы Қарлығаш
іздеп үйіне келді.
- Марал, көптен
сабақта жоқсың ғой. Ауырып қалған жоқсың
ба?
- Жоқ, ауырған жоқпын. Етігім
жыртылып қалды. Жаңасын алатын үйде
ақша болмай тұр.
- Мен етігімді жөндетіп
алып келе жатыр едім. Менің әзірше киетін
етігім бар ғой. Сен кие тұр
- Мамаң
ұрыспай ма?
- Мамама түсіндіріп айтамын
ғой.
- Рахмет! (Марал етікті киіп алады
да бірге шығып кетеді)
Жүргізуші: Парсы жазушысы Кабустың
әйгілі !Қабуснама» кітабында былай
делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны
білгейсің: адамға тірісінде доссыз
болмайды. Адамның доссыз болғанынан
ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан:
«Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» –
деп сұрапты. Жанышпан «Дос жақсы»,-
депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында
ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр
және қамқор бол. Себебі әркім өз досын
жадында тұтпаса, достары да оны есінде
сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын
болады». Және халықта «Алтын берген дос
емес, ақыл берген дос» деген мақал бар.
Сондағы жаңағы Қарлығаштың қылығы
достық па?
Т а л д а у
Жүргізуші:
Бұрынғылар айтқандай, адамның адамсыз
күні жоқ. Сондықтан ол жүрген жерінде,
жұмыста, елде, сапарта, бөтен жерде
болсын, ұғынысып, түсінісетін, жарасып,
жақын жүретін, өзара бүкпесіз, сырлас
жан іздейді. Бұл – өте қажет те табиғи
тілек. Әйтпесе халық саналығы «Көп ақшаң
болғанша, көп досың болсын», – демес
еді. Енді келесі көрініске назар
аударалық.
2-көрініс
Бір топ оқушы
өзара әңгімелесуде. Оқшау бір оқушы
тұр. Топ оқушының арасынан біреуі жеке
тұрған оқушыны көрстіп еді, топ оқушылар
қолдарын сілтеп, жақтырмаған ыңғай
білдірді
Жүргізуші: «Дүниеде адамның
жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі
соның басында»,- депті Абай атамыз. Бір
топ оқушының қылықтары дұрыс па? Өзара
достыққа лайықты жандар ма? Осындай
достарың болғанын қалайсың ба?
Т а л
д а у
Жүргізуші: Итальян жазушысы, драматург,
ақын Александр Мандзони: «Достық өмірдің
ең зор қуаныштырының бірі, онан да зор
қуаныш – сырыңды айтатын адамның болуы»
– деген екен. Енді тағы бір көрініске
назар аударалық.
3-көрініс
2-ші
көріністегі қайталанады. Жеке тұрған
оқушының қасына біреуі барады. Екеуі
мәз болып шығып кетеді.
ДАУЫС: Үш
күннен соң…
Жеке оқушы топтың қасына
келіп: «Білесіңдер ме, Ақзира маған
өзінің кіммен жүретінін айтты…»
Бәрі
шығып кетеді.
Жүргізуші: Қай кезде
де, қай жаста болса да, адам өміріндегі
достықтың орны бөлек. Сондықтан оған
өте жауапкершілікпен, байсалды қарау
керек. Американ саяси қайраткері физик
Бендами Франклин айтқандай, досты
асықпай таңдаған жөн. Ол да күтіп,
аялауды, бағып – қағуды қажет етеді.
Ал, ұлы Абай: «Досы көппен сыйлас, досы
жоқпен сырлас», – деген екен. Жаңағы
көріністегі кімдікі достық?
Т а л д
а у
Айдос: Достық – әншейін дос тапқысы,
дос болғысы келгендіктің нәтижесі емес.
Бір-біріне пейілі – ықыласы түскен, жан
жүрегі қалаған, көзқарасы мен ой-ниеті
үйлескен, мінездері сиымды адамдар ғана
дос бола алады. «Сенің досың кім екенін
айт, мен сенің кім екеніңді айтып беремін»
– деген екен ғой бір дана кісі жаңа
танысқан адамына. Бұл ақылды сөздің
мағынасы: достар жан дүниесі, ой өрісі,
талғамы мен әлеуметтік көзқарасы жағынан
жақын болады дегенге меңзейді.
Абылай:
Махамбет Өтемісұлы айтпақшы: Жақсыменен
дос болсаң,
Алдыңнан шығар
елпектеп.
Жаманменен дос болсаң,
Сыртыңнан
жүрер өсектеп.
Мөлдір: Ал меніңше
Әл-Фараби айтқандай: « Өрге жүзген
өнегелі ісімен адал дос тап тең құрбыңның
ішінен»,- деген нақылды білмеген үлкен
қателік.
Анаргүл: Достықтың өміршеңдігі
екі жақтың ешқашан әділдіктен аттамауында.
«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ
жоқ»,- дейді халық даналығында. Көңіліңнен
шыққан, сынақтан өткен адам дос болатыны
белгілі. Тегі кез-келген екі аяқты, жұмыр
басты пенденің бәрі бірдей болмаса
керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі
сау адамдар ғана дос болуға жарайтыны
– шындық.
Фариза: Халықта: «Досыңнан
тап!» – деген қарғысқа жақын сөз бар.
Бұл – достың бәрінің бірдей еместігін,
адамға ең ауыры – досыңның арамдығы,
екі жүзді опасыздығы екенін еске салатын
сөз. Шынында да, ішек – қарнына дейін
түгел білетін адамыңның қасыңа айналуынан,
қарсыласың жаққа шығып кетуінен қауіпті,
қатерлі, өкінішті не бар?! Бұдан
дос-дұшпаныңды айыра білудің қаншалықты
маңызды екені көрінеді. Әйтпесе опық
жеп, бармағыңды тістеп қалуың оңай.
Сондықтан достықтың белгісі – достың
сырын өз сырыңдай сақтау. Даналар айтқан
ғой: «Сыр сақтау тіліңнің астына шоқ
салып алғаннан да қиын», – деп. Тіліне
ие бола алмайтын жеңілтек пәтуасыз
жандарға досым ғой деп, сыр ашу жамандыққа
апарып соқтыруы мүмкін.
Жүргізуші:
Француз философы, жазушы Жан-Жак Руссо,
грузин ақыны Шота Русташвели, ағылшын
жазушысы Генри Фильдинг, т.б. сияқты
даналар бейне бір келісіп алғандай:
«Тұрақсыз достан да дос болмағаны жақсы,
тіпті дұшпаныңның өзі артық», – дейді.
Жан-Жак руссо айтқандай «Екі жүзді
адамның жау болғанынан да дос болғаны
қауіпті», – дейді. Мұны қалай түсінесіздер?
Т
а л д а у
Жүргізуші: ағылшын философы,
Фрэнсис Бэкон: «Достық қуанышты екі
еселеп, қайғының жартысын азайтады», –
деген екен. Тағы да көрініске назар
аударалық.
4-көрініс:
Ұл мен қыз
дос еді. Бір күні екеуі келіспей қалды.
Ұл өзінің досына көңілін айтып
келді.
Ілияс:Таңат, досым болған соң
келдім. Мен жүріп жүрген қызыммен
келіспей қалдым. Ақыл айтшы, енді мен
не істеймін?
Әділхан:Қиналма, кеткен
қыз өзі келеді. Нағыз болмаса қыз көп
емес пе?
Ілияс:Мен оны жақсы көремін
ғой. Одан басқа қыздың қажеті
жоқ.
Әділхан:Ақыл айтайын ба? Анаше
шек. Мен де шегіп жүрмін. Кайф. Бәрін де
ұмытасың. Мә!
Екеуі шегеді. Ыржалақтап
шығып кетеді. Бір аптадан соң Ілияс
«Ақша! Ақша керек!» деп ұрлық жасап
жүр.
Жүргізуші: Ілиястың досының ісі
достық па? Оның орнында сен болсаң не
істер едің? Қандай ақыл айтар едің?
Т
а л д а у
Жүргізуші: «Ақылсыз достан, ақылды
дұшпан артық» халық мақалы немесе «Дос
досқа айна», «Досы жақсының өзі жақсы».
Ал енді бір көрініске назар
аударалық.
5-көрініс:
Екі достың
мектеп бітіргендеріне де бір жыл болыпты.
Көптен кездескен жоқ еді. Екеуі кездескенін
арақпен жуып, арты екеуінің төбелесіне
айналды.
Жүргізуші: Түркі ғалымы
Махмуд Қашқари «Дос көзден кетсе де,
көңілден кетпейді» Достарымызды
ұмытпайық достар.
Қорытындылау.
Бас ауырып, балтырың
сәл сыздаса,
Қиыны сол, ауыры сол
бізге аса.
Қайран достар, күн шуақ
қой қыздырар,
Әлде кімге көңілің бір
мұздаса.
Жамандыққа бастырмайды қаққылап,
Жолдас
үшін басыңды бер,жат құлап.
Жақын
өлсен тағы солар жүргені,
Жұмыспенен
әрлі – берлі шапқылап.
Дос үйінде сайрандайды еркін ұл,
Жолдасы
ғой жігіттің бір төркіні.
Тағы солар
жалғыз тастап кетпейді,
Тұғырыңнан
түсіп қалсаң бір күні.
Жолдаспенен жеңіл өмір азабы,
Жеңілірек
көтересің қазаны.
Содан шығар,
Адам
бірге өмірге
Жолдасыменен туады екен
ғажабы.
Психологиялық ойын
Өткізілген уақыты: 08.04.2009
№37 орта мектеп
11 сынып оқушылары
Өткізген: Мектеп психологы
Тақырып атауы: «Періште ойыны»
Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін сыйлауға, қамқор болуларына, қиналғанда қол ұшын беруге, бірлікпен пен татулыққа баулу мақсатпен жүргізілетін ойын түрі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Ойын ережесі
бір-бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзіне тән мінез ерекшелігін айтып шығады
Барысы:
Ойынға барлық оқушы қатысады. Кішкентай қағаздарға оқушылардың атын жазып, бүктеп жасырамыз, бүктеген қағаздарды әр оқушы бір-бірден алады және оны ешкімге айтпай, құпия ұстауы керек. Өйткені ол сол адамның періштесі болады, ойын оқу жылының аяғына дейін жүреді, сол аралықта құпия періште таңдаған қағазындағы адамды әр қашан қорғап, оған жақсы көңіл-күй сыйлап, қиналғанда қол ұшын беріп, сыйлықта сыйлап тұруға болады.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп, сабақты аяқтаймыз.
Психологиялық тренинг
Өткізілген уақыты: 22.04.2009
№37 орта мектеп
11 «А» сынып оқушылары
Өткізген: Мектеп психологы
Тақырып атауы: «Өзімізді тану, бір-бірімізге қуаныш сыйлау»
Мақсаты: Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, бір-бірін жақыннан танып-білуге, сыйлауға, көмектесуге шақыру, достық сезімдерін ояту мақсатымен жүргізіледі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Ойын ережесі
бір-бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы:
Барлық оқушылар дөңгеленіп отырады.
Оқушылар өз аттарын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айады.
Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»
«Ешқашанда білмеймін демеу»
«Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»
«Биік шыңға ұмтылу»
Аутоагентті жаттығу.
Тренингке барлық оқушы қатысады.
Оқушыларға мінез туралы ақпарат беру
Оқушылар жұпта жұмыс жасайды (бір-бірлерінің жағымды әрі жағымсыз мінез ерекшелігін айтады)
Ойынның шарты оқушыларға бір парақ ақ қағаздар таратылады. Таратылған ақ қағазды оқушылар скочтың көмегімен арқаларына жапсырады. Арқаларындағы жапсырылған ақ қағазға бір-бірлерінің бойындағы жағымды және жағымсыз мінез ерекшелігін және ыстық тілектерін жазады. Барлығы жазып болғаннан кейін, қайтадан дөнгеленіп отырып, арқаларындағы қағазды алып оқиды. Қағазды жыртпай, өздеріне естелікке қалдырады.
Қорытынды: Оқушылар өз бойларындағы жақсы қасиеттерін мақтан тұтып, жаман қасиеттерін жоямыз деп бір-бірлеріне уәде береді және тілеген тілектеріміз орындалсын деп хошемет көрсетіп (қол соғып) тренингті аяқтаймыз.
Психологиялық тренинг
Өткізілген уақыты: 25.04.2009
№37 орта мектеп
11 «Г» сынып оқушылары
Өткізгендер: Мектеп психологы, сынып жетекші
Тақырып атауы: «Әр қашан күн сөнбесін»
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Төрт топқа стол дайындау
Барысы:
Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз,бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы : «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіндер? оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады
Тренинг ережесімен таныстырамыз.
Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз
Тренинг ережесі:
бір-бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
I-жаттығу. Әр оқушы өз атын және өзінің өмірлік ұстанымдарын айтады.
Мысалы: - «Өмірдің ағымынан қалмау»
«Ешқашанда білмеймін демеу»
«Қасымдағыларға көмектесу, қуаныш сыйлау»
«Биік шыңға ұмтылу»
II-жаттығу. Сұрақ. 1. Күн деген сөзді айтқанда көз алдынызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларын айтып шығады)
Оқушыларды төрт топқа бөлеміз. 1. жаз, 2. күз, 3. қыс, 4. көктем
Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салады.
Салған суретін артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі.
III-жаттығу. «Саяхат» ( экскурция ) ойыны. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жүргізуші, 4-топтан фотогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фотогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді.
Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді.
Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдерінізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне қошемет көрсетіп, қол соғамыз)
Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш»
Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.
Қорытынды: Оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.
Психологиялық тренинг
Өткізілген уақыты: 13.05.2009
№37 орта мектеп
11 «А» сынып оқушылары
Өткізгендер: Мектеп психологы
Тақырып атауы: «Әр қашан күн сөнбесін»
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі ұстай білуге, кез келген кедергіден шыға білуге, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайтып көмек көрсуге шақыру мақсатпен жүргізіледі.
Құрал –жабдық: қағаз, қалам, түрлі-түсті қарындаштар.
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Төрт топқа стол дайындау
Барысы:
Барлық оқушыларды дөңгелетіп тұрғызамыз,
бүгінгі біздің тренингіміздің тақырыбы : «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады. Оқушыларға қағаз таратылады, бүгінгі тренингтен не күтесіндер? оқушылар қағазға жазып, тақтаға жапсырады
Тренинг ережесімен таныстырамыз.
Таныстырған ережелерді тақтаға ілеміз
Тренинг ережесі:
бір-бірін тыңдау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
I-жаттығу. Сұрақ. 1. Күн деген сөзді айтқанда көз алдынызға не елестейді? (Әрбір оқушы өз ойларын айтып шығады)
Оқушыларды төрт топқа бөлеміз. 1. жаз, 2. күз, 3. қыс, 4. көктем
Оқушыларға қағаз таратылады, қағазда «Күн шуағын төгіп...» деген аяқталмаған сөйлемді аяқтайды, сол қағазға күннің суретін салады.
Салған суреттің артына аты жөндерін жазып, тақтаға іледі.
II-жаттығу. «Саяхат» ( экскурция ) ойыны. Әр топтан бір оқушыдан аламыз, 1-топтан журналист, 2-топтан экскурсовет, 3-топтан жүргізуші, 4-топтан фатогроф аламыз, қалғандары қыдыруға келген қонақтар болады. Журналист, экскурсовет, жүргізуші, фатогроф әр қайсысы өз жұмыстарын істеп, қонақтарды көрмеге (суреттер ілінген тақтаның алдына) алып келеді.
Салынған суреттерді өз ойларымен бағалап, орын береді.
Салынған суреттерге қарап мұғалім анықтама береді.
Оқушылар қайтадан дөңгеленіп орындарына тұрады. (өз рольдеріңізді жақсы ойнап шықтыңыздар деп бір-біріне қошемет көрсетіп, қол соғамыз)
Аутоагентті жаттығу (ауто тренинг) «Кірпіш»
Көздерін жұмып, денелерін бос ұстауы қажет, екі қолымен бар күшімізді салып итереміз. Жаттығуды үш рет қайталайды.
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі өткен сабақ жайлы өз ойларын «кілм тоқу» әдісімен өтеді (бір-бірлеріне жіп шетін ұстату арқылы) тоқыған кілемді жерге қойып оқушылар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін, тілектерін білдіріп сабақты аяқтаймыз.
Психологиялық сабақ
Өтілген уақыты:16.05.2009 ж
№ 37 орта мектеп
Зерттелінушілер: 6 «А» сынып оқушылары
Зерттелген: Мектеп психологы
Тақырыбы: «Дос іздеу»
Мақсаты: Қатысып отырған оқушылардың өз ойларын ашу. Қарым-қатынас жасауға көмектесу. Қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.
Құрал жабдықтар: қағаз қалам
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу
Көңіл-күйлерін сұрау
Барысы:
Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:
бір-бірін тындау
уақыт үнемдеу
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
Ережелерді оқушылар хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.
Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өз аттарын айтады және қасындағыға адамға жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)
Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.
I-жаттығу: «Ойға шабуыл» әдісі.Оқушыларға сұрақ: «Дос» сөзін қалай түсінесің?
(Оқушылар пікірі)
Психолог:
-Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?
ІI. Тақырып бойынша жұмыс:
Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:
Ашық айтқанда, маған әлі қиын...
Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат...
Ашық айтқанда, маған ұнамайды...
Ашық айтқанда, мен қуанамын...
Психолог:
-Біз бәрінебіз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?
-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?
ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».
Психолог:
-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,
хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».
-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.
Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.
ІV. Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? - Өзің туралы жазу оңай ма?
V.Үй тапсырмасы. Оқушыларға «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта өз портретін салу ұсынылады.
Қорытынды: Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек йтып сабақты аяқтаймыз.
«Достық
пен
бірлестік
әлеміне
саяхат»
(бастауыш
сынып оқушыларымен
жүргізілген тренинг)
Мақсаты: Оқушылардың «достық», «бірлік» туралы ұғымдарын кеңейту; достықты, бірлікті бағалай білуге тәрбиелеу.
Сәлемдесу. «Бәріміз дос болайық!»
Армысыз, қайырымды Аспан ата!
Армысыз, мейірімді Жер Ана!
Армысыз, шұғылалы Алтын күз!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін,
Бәріміз күндей жарқырайық!
Бәріміз дос болайық!
Ассалаумағалейкум. Армысыз!
- Құрметті оқушылар бүгін біз сіздермен «Достық пен бірлестік
әлеміне саяхат» жасағалы отырмыз. Саяхатқа шығу себебіміз, кеше мектебімізге Данышпан ата немерелерімен келіп, көмек сұраған болатын. Қолдарында Достық пен бірлестік әлеміне саяхатқа шығу картасы берілген екен. Сол картадағы тапсырмаларды орындап беруімізді сұрады. Егер барлығымыз бірлесе отырып, картадағы тапсырмаларды орындасақ Данашпан атамызға көмектескеніміздің белгісі ретінде өзіміздің достығымыз бен бірлігімізді көрсете аламыз. Ал балалар Данышпан атамыз бен немерелеріне көмектесуге қол ұшын берейік пе?
Олай болса тапсырмаларымызды орындай бастайық.
Ақпарат.
Ол үшін ең біріншіден достық дегеніміз, бірлік дегеніміз не екендігіне тоқталуымыз керек.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Жаттығу «Досымды тауып беріңдерші?»
Нұсқау: Шеңбер бойында отырған оқушылардың біреуі ортаға шығып, осы жерде отырған бір досының қасиеттерін айтып, сипаттап береді. Басқалар ортадағы адамның досын табады
Ассоциая «Достық жүрекшесі»
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||||
|
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
|
|
|
|
|
|
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
Ән айту. «Ризамын» әнін орындау
Жаттығу «Достық пен бірлестік қоржыны»
Нұсқау: тақтадағы бағанады сөздерден достық пен бірлестікке тән қасиеттерді тауып қоржынға салыңдар.
Еңбек, өзара сыйластық, шыншылдық, сүйіспеншілік, мейірімділік, кешірімділік, жауапкершілік, түсіністік, қамқорлық, адалдық, әдептілік, күлкі, өтірік айту, жалғандық, қастық, сенімділік.
Релаксация
Балалар классикалық музыканың сүйемелдеуімен балалар «Қиялдағы достық әлеміне» саяхатқа шығады. Көздерін жұмуға да болады.
Шығармашылық тапсырма
Тақтада берілген мақал-мәтелдерді мағынасын ашу.
«Ашу – дұшпан, ақыл – дос»
«Бірлік бар жерде, тірлік бар»
«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын»
«Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам»
Ал балалар енді бүгінгі саяхатымызға көз жүгіртіп көрейік. Қалай ойлайсыздар сіздер Данышпан атамызға көмектесе алдық деп ойлайсыздар ма? Әрине, сіздердің көрсеткен көмектеріңізге аталарың ризашылығын білдіріп, сендердің нағыз дос екендеріңе үлкен алғысын білдірмекші. Өздерің де саяхатқа барып келген сезімде шығарсыңдар. Олай болса саяхатымыздың соңын тілек айтумен аяқтайық.
Рефлексия. «Жылы сөздер сыйлығы»
Барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген