Материалдар / Достық туралы тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Достық туралы тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға «Достық» ұғымы туралы түсінік беру. Дос таба білу, достыққа қажетті қасиеттер туралы түсініктерін қалыптастыру; Міндеті: 1. Адам қарым-қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру; 2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; 3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Тамыз 2024
106
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «ДОС болам десеңіз..»

Мақсаты: Оқушыларға «Достық» ұғымы туралы түсінік беру. Дос таба білу, достыққа қажетті қасиеттер туралы түсініктерін қалыптастыру;


Міндеті:

  1. Адам  қарым-қатынасындағы  достық  ұғымы  туралы  түсінік   беру;

  2. Оқушылардың  арасында  достық   сезімдерін  дамытуға  ықпал  ету;

  3. Оқушыларды  сыйластыққа,   әдептілікке, шынайлыққа, адалдыққа, тәрбиелеу;


Жоспары:

  1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы

  2. «Түймедақ» жаттығуы

  3. Топтық жұмыс. Жағдаяттық тапсырма

  4. Сергіту жаттығуы «Жіптермен фигуралар құру»

  5. «Дос БОЛ Like» досыңды қолдау

  6. Қорытынды



Тренинг барысы:


  1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту.

Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.


1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;

2 рет шапалақтаған кезде бір – бірін құшақтайды;

3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.

Психолог сөзі:

«Дос – ажарың, жолдас – базарың» дейтін қазақта жақсы сөз бар. Дос – кез келген адам баласының қасынан табылатын, қиындықта да, қуанышта да бірге болатын жан жолдас, сенімді серік. Дегенмен бүгінде «дос деп жүргенім дұшпан болып шықты» деген секілді сөздерді жиі естиіміз. Бір сөзбен айтқан кезде сатқындық жасау. Дос сатып кетпеу үшін, досың саған адал болу үшін қандай әрекет жасау керек, нағыз дос деген қандай болу керек?

  1. «Түймедақ» жаттығуы

Мақсаты: оқушылар ойын ашық білдіру, дос туралы пікірін білу.

ШАРТЫ: слайдта берілген түймедақтарды таңдап сұраққа жауап беру

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?

2. Досың бар ма? Ол кім?

3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

8. Дос сөзіне қандай синоним сөздер қолданылады?

9. Дос туралы мақал білесің бе?

10. Нағыз дос қандай болады?



  1. Топтық жұмыс. Жағдаяттық тапсырма

1. Жақсы дос

Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады.

Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.

Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?



2. Аңсар пен Мирас бір сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойнап жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...

- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?


А) Ендеше сіздерге тағы топтық тапсырма. Жақсы дос пен жаман достың айырмашылықтарын постер жасаңыздар.

Б) Қорытынды видеоролик көрсету https://www.youtube.com/watch?v=6yOE4H-kj78


  1. «Жіптермен фигуралар құру» сергіту жаттығу

Мақсаты: оқушылардың қарым-қатынасын нығайту, жақсы көңіл күй сыйлау.

Шарты: әр топқа жіп беріледі. Топ бірігіп айтылған пішіндерді жіп арқылы бейнелеу керек.


  1. «Дос БОЛ Like» досыңды қолдау газеті

Мақсаты: оқушыларға достық қолдау білдіру, мейірімділікке баулу

Шарты: берілген ақ плакатка қолдарының суретін салып ішіне, өзі естігісі келетін достық қолдау сөздерді жазу.



  1. Қорытынды:



Нағыз дос қандай болу керек?



Дос – сырласың

Қандай жағдай болмасын нағыз достың ең бірінші міндеті сырласың болу керек. Себебі сыр адам баласының ішінде жатқан қуанышқа да қайғыға да толы сәттері. Ал оны кез келген адаммен бөлісе беруге болмайды. Санаулы адамдардың өзімен бөліспеген дұрыс. Өйткені оның сақталып қалатынына сенімді емессіз. Ал нағыз достың ерекшелігі сізбен сырласып қана қоймай, соны түсіну керек және ішінде сақтай білу абзал. Сырды сақтау өте қиын нәрсе. «Өзіңнің ішіңе сыймаған сыр біреудің ішіне сия ма» дейтін де сөз бар. Егер сіздің ішіңізге сыймаған дүниені өз ішіне сақтай алған адам – нағыз досыңыз.



Дос – серігің

Өмірлік серігің сүйіп қосылған жарың болғанымен, жарыңды кездестіргенге дейінгі нақы серігіңіз досыңыз екенін ұмытпаңыз. Тәулік бойы қасыңыздан табылмаса да, керек кезде жаныңыздан табылатын адам – досыңыз. Серік деген сөздің өзі «дос» сөзіне синоним. Бірақ дәлме-дәл өзі емес. Өйткені серік жолда немесе уақытша кездесуі мүмкін. Ал дос ғұмырлық және сенімді серік болу керек. Әңгімесі сізді сергітіп, ойыңызды жинақтауға көмектессе, серігіңіз болса ол нағыз дос.



Дос – қорғаушың

Достың дос үшін жанын беретін түрлі аңыздар мен әңгімелер қазақ және әлем әдебиетінде толып жатыр. Олардың мақсаты достың қандай болу керектігін насихаттау. Сол секілді дос сенің қорғаушың болу керек. Үш түрлі достың ішіндегі ең маңыздысы да осы: «бір дос бар кеудесінен жан шыққанша»...



Ажалдан құтқаруға басын бәйгеге тікпеген күннің өзінде сізге деген адалдығы ретінде кез келген жерде сіздің сөзді сөйлеуге ұмтылу керек. Сіздікі дұрыс болмаған күннің өзінде екі жақты мәмілеге кірісіп шешім жасау керек. Бұл нағыз достың белгісі.







Дос – өзің

«Дос» деген сөзді түсіну үшін өзіңізді тауып алыңыз. Себебі дос деген ең бірінші өзге емес, өзіңіз. Себебі сіз лайық болмай, достың лайық болатынына сенімділік жоқ. Адалдық сізден де, достан да аңқып тұру керек. Сол кезде барып сіз дос таба аласыз және дос сізді табады.



Нағыз дос сағындырады, іздеуге тура келетін жағдайға апарады. Себебі сіз сенген серіктің қасиеті мен жақсылығы, адалдығы сізді бей-жай қалдырмауы керек. Ал сатқындық пен жасандылық көрініп тұрған адамға көңіліңіз тартпасы анық. Досына қарап адамды тануға болатыны ақиқат дүние.

Нағыз досты серік ету деген сөз, өзіңнің өміріңді оған сеніп тапсыру.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/jigitterge/syin_sagatta/juz_jagday/43848



Ендеше оқушылар біздер бүгін тренингімізде достық ұғымын аша білдік деген ойдамын. Яғни достың қандай қасиеттері бар. Өзіміз жақсы дос болу үшін қандай жақсы қасиеттерді меңгере білуіміз керек екенін ұғындық деп ойлаймын.





































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!