жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Достық үйі
|
САБАҚ: 6 |
Мектеп:Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, «Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебі» КММ |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 9.02.2018 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Ж.О.Утешкалиева |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқан оқушылар саны: 18 |
Қатыспағандар:0 |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы Дос пейілді Достық үйлері |
7-бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
7О4.Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсаты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Достық тақырыбын саралай келіп, эссе жазады. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтар |
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу Оқушылар бір-бірін тыңдауда шыдамдылық таныта біледі, сыныптастарына құрметпен қарайды. Жеке, топта жұмыс істей алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану |
Интербелсенді тақта визуалды материалды демонстрациялауға қолданылады |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер , география, шет тілі |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пән лексикасы және терминология: Достық үйі, кең пейілді, Этнос, Ассамблея , Орал,Өскемен... |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Оқушылар «Қазақстандағы ұлттар достастығы» тарауы бойынша білімдерін тереңдетіп, тілдік дағдыларын арттырды. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 мин 4 минут |
I. Ұйымдастыру бөлімі: Үш тілде амандасу.Сәлеметсіздер ме, Здравствуйте, Good morninq! Good day! Шаттық шеңберіне тұрып, қол алысып, өлең жолын хормен айту Ақ, қара деп бөлмейміз, Бір жыл туған төлдейміз, Туысқанбыз, татумыз, Биіктерге өрлейміз Тілегі бір, жүрегі бір, Достармен біз біргеміз, Туыс бар да құрыштан да, Берік біздің іргеміз Cыныпты үш топқа бөлу Орал,Өскемен,Астана 1.Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері түсіндіріледі. Бұрын халықаралық ынтымақ күні болып тойланып келген 1 мамыр мерекесі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жыл сайын аталып өтіледі және бүгінде ол Қазақстан халқының бірлігі күні деп аталады. 1 мамыр қазақстандықтар үшін татулық пен достық мерекесі ретінде қалыптасты, себебі Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Отанымыздағы көптеген халықтардың бір шаңырақ астында ауызбіршілікте өмір сүруінің өзі Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасы. Ұлт көшбасшысы өз сөзінде: «Әлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы, бір ғана жаратушы бар, ол – Алла Тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше барша адамзаттың тілегі бір», – деп үндеу тастаған болатын және өз сөзінің дәлелін іс жүзінде көрсетіп те келеді. Еліміздегі қол жеткізген табыстар осы халықтар достығымен тығыз байланысты. Бүгінде өзімізді әлемге ауызбіршілігі және ынтымағы жарасқан ел деп танытсақ, мұның бәрі қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлығының арқасы Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дос пейілді Достық үйлері»1 - тапсырма: Әр топ өз дикторларын сайлайды. Сол дикторлар 1- тапсырмадағы мәтінді үшке бөліп оқиды Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға әр топ жауап береді 1-топқа сұрақ: Қазақстанның қай қалаларында Достықүйі бар?Алматы,Астана,Өскемен,Павлодар,Ақтөбе,Шымкент,Атырау,Талдықорған,Тараз,Орал 2-топқа сұрақ: Астан қаласындағы Достық үйінің қызметін қай сарай атқаруда? Бейбітшілік пен келісім сарайы 3-топқа: Алдағы уақытта қай облыстарда Достық үйі ашылмақ? Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда,Маңғыстау облыстарында Достық үйлері салынбақ. Сонымен, балалар, соңғы Достық үйі қай қалада, қай жылы салынған екен? 2016 жыл Орал қаласында ашылған -Сонымен, біздің жергілікті Жаңабұлақ арнасының дикторлары Өте жағымды жаңалықтар айтып өтсе, енді республикалық теле- арна дикторлары не дейді екен? (3- минут бейне- баян тыңдалады) 2. Ой қозғау. -Сонымен, бейнебаянда қандай жаңалықтар айтылған? 2016 жылы Орал қаласында ашылған Достық үйі туралы айтылады. Қандай жағымды, қуанышты жаңалық естідік, балалар? Осы мәселе туралы сіз не ойлайсыз? Ең маңыздысы не ? Достық үйі керек пе, не үшін? Қай стиль қолданылды?- Публицистикалық стиль , себебі теледидар қарап отырған көпшілік бұл жаңалықты түсінеді. -Өте керемет, Жарайсыңдар, балалар! |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 2 мин 5 мин 25 мин |
2- тапсырма: Кәріс ақыны Ен Сен Неннің өлеңі аузша оқылып, мазмұны қысқаша айтылып,етістіктердің қай шақта тұрғаны айтылады. Жалпы сыныпқа сұрақ: Ақын қай елді достықтың отымен жүрегімді жылытқан деп бас иіп, алғыс айтады? Қазақстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!- деп қазақ еліне алғысын арнайды. Алғысты кімнің атынан айтады?Кәріс халқының атынан Бұл шығарма қай стильде жазылған? Көркем әдебиет стилінде Қарамен жазылған етістіктер қай райда тұр?-Ашық рай Қай шақта тұр? Мысалы: Пойыз жүйткіп келеді- осы шақ Торыққаным- өткен шақ ЖЖ 3- тапсырма Етістіктерді рай түрлеріне ажыратып жазыңдар
Бөгемеңдер, жол беріңдер Осылар айта берсе екен, араласа берсе екен Мұныңыз ілімге сәйкес келсе игі еді. Ерлік белгі көрсеткісі келгенмен,Қожантайдың өзі де ойға қала бастады. І Эссе жазу үшін тақырып бойынша ой қозғау ІІ Эссе жазу. Тақырыбы:Халықтар достығы туралы «Дос- көңілдің күмбезі» деген тақырыпта эссе жазады. Сөз көлемі —30-40 сөз Дескрипторлар: 1.Тақырыптан ауытқымайды. 2. Эссенің құрылымдық бөлімдерін дұрыс сақтап жазады. 3.Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндерді ажырата біледі. Карточкадағы терминдер: үш топ оқушылары Ассамблея, этнос, Достық үйі терминдері жазылған карточкаларды топ басшыларының алуы бойынша дайындалады да, бір оқушы шығып түсіндіреді «Автор орындығы» әдісі Оқушылар автор орындығында отырған оқушыға сұрақ қояды Қазақ жерінде қанша ұлттар мен ұлыстар өмір сүруде? Қай қалалада Достық үйі бар?
Достық үйі мен Шаңырақ айырмашылығы?
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 мин |
Кері байланыс: «3-2-1» стратегиясы 1. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; 2. Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; 3. Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. |
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген