Материалдар / "Досы көпті жау алмайды" сынып сағаты дайын қмж
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Досы көпті жау алмайды" сынып сағаты дайын қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
"Досы көпті жау алмайды" сынып сағаты дайын қмж
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Наурыз 2024
124
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп

«Жаркент орта мектебі» КММ

Сабақтың тақырыбы:

«Досы көпті жау алмайды»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

29.01.2024 ж

Сыныбы: 2 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. --Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

-Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Достар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Құрдастар» тобына бөлемін.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.


Психологиялық ахуал


Слайд


Жаңа сабаққа кіріспе




«Миға шабуыл» әдісі

1. Дос, достық дегенді қалай түсінеміз?

2. Досың бар ма? Ол кім?

3. Достық шынайы сезім бе, әлде жай ұғым ба?

4. Достық жасқа байланысты ма?

5. Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

6. Жақсы дос, жаман дос қандай болады?

7. Досыңыздың басына қиындық түсті не істейсіз?

8. Дос қандай болу керек?

Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


Слайд


Сабақтың ортасы

26 мин.

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: -Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке: -Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт: - Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті. Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп: - «Жігіті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті. Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды. -Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер? - Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».

«Сөйлемді аяқта» тренингі А) Әрбір адамға дос керек. Өйткені ... Ә) Сыйластық бар жерде ... Б) Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім...

Слайд


Жағдаяттан шығу. Слайд арқылы 1. Жақсы дос Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған.

Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды? 2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты... - Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар? 3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты... - Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер? 4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді. Жанар кетті алға тез, Алды-артына қарамай, «Рахмет» - деп, жалғыз сөз Айтуға да жарамай! Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?¯ -Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. 5. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма? Неліктен? Олардың достықтары қалай жалғасады, деп ойлайсыңдар?


Ойын: «Ренжістік, достастық» /әуенмен/ Балалар, бүгін біз « Ренжістік, достастық » ойынымен танысып, ойнаймыз. Мүмкін, нағыз достықтың құпиясын ашатын шығармыз. Менің өтінішім бойынша сендер: • «РЕНЖІСТІК» дегенде бір-бірлеріңе қарама-қарсы бұрылып, саусақтарыңды безейсіңдер. • «ТОҚТА» дегенде бір-бірлеріңе арқаларыңмен бұрыласыңдар. • « ДОСТАСТЫҚ » деген бұйрық берілгенде қол алысып, күлімдеп өз құрбыларыңа сүйіспеншілік туралы ізгі сөздер айтасыңдар.



Пікір алмасу. - Сендерге ойын ұнады ма? - Татуласу ше? - Татуласқанда қандай көңіл-күйде болдыңдар? /қуанышты, бақытты, көңілді/ - Ал, сендерге ренжіскен ұнады ма? - Ренжігенде қандай көңіл күйді сезіндіңдер? /уайымды, қайғыны, көңілсіздікті/ Өмірімізді қуанышты да бақытты шақтар көп болу үшін бір-бірімізбен достықта, татулықта болғанға не жетсін.

Оқушылар өз-ойларымен бөліседі


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Қорытынды: • Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер. • Досыңды алдамай, оған адал бол. • Досыңды қорлама. • Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл. • Досыңды барда да сына, жоқта да сына. • Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Рисунок 23






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!