Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Досыма сыйлық" арт-терапия 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға ,адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту мақсатында оқушылармен өткізуге өте тиімді. Мұндай іс-шараны ұйымдастыру негізінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы достық ұғым туралы түсінік қалыптасады, оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал етеді, оқушылардың бойында сыйластық, әдептілік, шынайылық, адалдық сезімдері пайда болатыны сөзсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Досыма сыйлық» арт-терапия.

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға ,адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту.

Міндеті:1.адам қарым-қатынасындағы достық ұғым туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;

3. Оқушыларды сыйластыққа ,әдептілікке,шынайылыққа, адалдыққа

тәрбиелеу.

Барысы:

І. Сәлемдесу.

Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз».

Бар адамға құрметтпен,

Бас иеміз біз.

ІІ. Шаттық шеңбері.

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.(Оқушылар «Досыммен бірге»ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арналған тілектерін айтады.)

Тренинг ережелерін таныстыру.

  1. Кешікпеу.

  2. Өз уақытында бастау.

  3. Бір-бірін сыйлау.

  4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

  5. Көңілді болу.



1-жаттығу «Көңіл-күйді сұрау». Мына бейнелердің қайсысы сіздің осы кездегі көңіл-күйіңізге сәйкес келеді. ( өздеріңізге ойша белгілеп алыңыздар)

ІІІ: Кел, ойланайық, пікірлесейік.

-Енді , балалар , мына өлеңді тыңдап көрелік.



Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,

Жандарынан тұратын шуақ тамып.

Домбырамның үні де естіледі,

Достарымның сырлары сияқтанып.

Дос жүрегі қашанда аңсағыным,

Соларменен қосылып ән саламын.

Ақ пейілді аңсаған достарымды,

Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.

Көңіл –дария, толқыған асылдарым,

Сендер менің жылдарым, ғасырларым.

Тіршіліктің тұздығы-достық екен,

Достарымнан ештеңе жасырмадым.

Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды.

Дос көңілдер есепке бағынбайды,

Дос жүректер өсекке бағынбайды.

Күн шығады дүниені нұрландырып,

Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.

Дос көңілі сияқты шашырайды.

Күннің өзі көктегі тұрған күліп.



  1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Шын досты қалай білуге болады?

  3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?

  4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?



2-жаттыгу: «Жылы сөз жанға шипа».

Шарты: Өзінің оң жағындағы құрбысының мінезіндегі ерекшеліктерін атап айту.

Нұсқау : « Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыздар.Бірге бір сыныпта оқығандарыңызға 3 жыл болды.Осы уақытта сіздер бір-біріңіздің мінез ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді жақсы білесіздер деп ойлаймын.

Соны анықтау үшін сіздер әрқайсыңыз оң жағыңыздағы құрбыларыңыздың мінезіндегі ерекшеліктерін айтыңыз.



3-жаттығу «Еркін тақырыпта сурет салу.»

Қажетті құралдар. Ақ парақ, түрлі –түсті қалам , фломастер.

Нұсқау : 3 минут уақыт беріледі. Осы уақытта алдарыңыздағы ақ параққа қандай сурет салатындығыңызды ойластырыңыз. Белгі берілген кезде суретіңізді бастайсыз. Келесі соғылған кезде суретіңізді оң жағыңыздағы оқушыға беріп, сол жағыңыздағы оқушыдан суретін алып жалғастырасыздар.

Келесі сәтте ойын шарты сәл өзгереді. Бірінші белгі соғылғанда суреттің арғы жағынан сурет авторына өз жүрек жарды ақ тілектеріңізді жазасыздар. Екінші белгі соғылғанда суретті ауыстырып , клесі суретті жалғастырып саласыздар.Осы бағытта өз суреті өзіне қайтып оралғанша жалғастырылады.

Ескерту. Біреудің салған суретін өшіріп, жөндеуге болмайды.

Қорытынды: Өз суреттеріңіз өздеріңізге қайтып келгенде сіз қандай сезімде болдыңыз?

Суретіңіз бастапқы сіздің өйластырғаңыздан өзгерді ме ?

2. Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі-өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау. Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге талаптанып, өміршендік ережелерін айтайық.

  1. Жігер деген-Мен

  2. Күш деген-МЕН

  3. Махаббат деген-Мен

  4. Кешірім деген –МЕН

  5. Құдірет деген-Мен

  6. Жасөспірімдеген-Мен

  7. Жастық шақ деген-Мен

  8. Денсаулық деген-Мен

  9. Адалдық деген-Мен

  10. Жарқындылық деген-Мен

  11. Бар ғажайып деген-Мен

Хормен : Бәрі маған байланысты,

Бәрі менің қолымда.

Релаксия : Қалай ойлайсыз тренинг не себептен «Досыма сыйлық » деп аталады?

4-жаттығу «Көңіл күйді тану» жаттығуы.

Қорытынды.Тренинг аяқталған кезде сіздер қандай көңіл-күйде болдыңыздар?



Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін таратылған түрлі парақшаларға жазып күнге жабыстыру.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1379
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12