жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Д.Қасенов "Жайлау күні"
Сабақтың тақырыбы: Д. Қасенов. «Жайлау күні»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тақырыптың мазмұнымен таныстыру. Мәтіндегі негізгі ойды, идеяны меңгерту.
1.Білімділігі: Мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, өз бойындағы мінез – құлықтарға баға бере білуге баулу.
2.Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге,еңбексүйгіштікке баулу.Жағымсыз әдеттерден сақтанып, уақытты үнемділікпен пайдалана білуге үйрету.
3.Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.Шығармашылық ізденістерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: жайлау суреттері,слайдтар,бағалау парақ, қалам,
Сабақтың түрі:дәстүрлі емес,жаңа сабақ.
Сабақтың типі:топтық жұмыс.
Сабақтың әдістері: тест ,топтастыру,түртіп алу,ребус,бес саусақ ойтолғаныс,эссе жазу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен,қонақтармен амандасу.
Оқушылардың сабаққа әзірліктері мен оқу құралдарын қадағалау.
слайд. Психологиялық дайындық.
Шаттық шеңбер (Өрмекші ) бір-біріне жақсы тілектер айту.
Топқа бөліну.
1-топ «Бәйшешек»
2-топ
«Қызғалдақ»
Әр топтың ортасына гүл түрлерінің суретін қоямын.
Үй тапсырмасын тексеру. «Нөсер» мәтінінің мазмұнын сұрау.
Үй тапсырмасын бекіту. «Үстел үстінде қалам» сұрақ тапсырмалар арқылы.
1.Найзағай жылдың қай мезгіліне суреттелген? жаз
2.Адамдар жүгеріні отап жүргенде не құйып кетті? жаңбыр
3.Найзағай жарқылдағанда,Болаттың есіне не түсті?А) металдың жай тартатыны
4.Найзағай мәтінінің авторы кім? Мұхтар Әуезов
-слайд.
1. Қызығушылықты ояту. Ребустың шешуін тап:
|
|
Жайлау + күн + і = Жайлау күні
-Ендеше,бүгінгі өтетін мәтіннің тақырыбы «Жайлау күні»
-«Жайлау» дегеніміз не?
-Көз алдарыңа нелер елестейді?
Көшпелі халық осы жыл мезгілдеріне қарай қонысын:
көктеу, жайлау, күзеу, қыстау деп атаған.
Жайлау — қыстаудың алыс жатқан даладағы қонысы. Жайлаудың шөбі
шүйгін, суы мол, әрі тұнық. Онда жылдың үш маусымында ел болмайды.
Қыста аппақ қар басып жатады.
Жазға қарай жайлаудың шөбі жақсы өседі. Ол кезде жер беті кілем
сияқты құлпырады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда тойып,
семіреді. Адамдарда сергиді. Қысқа арнап сүт тағамдарын дайындайды.
Мұндай атақты жайлаулар Қазақстанда өте көп. Олар — Қарқара,
Шалкөде, Сырт, Шұбартал, Асы т.б.
Қарқара жайлауының үстімен бұрын "Ұлы Жібек жолы" өткен. Осы жерде
жыл сайын жәрмеңке өткізілген. Қазір Қарқарада малшылардың тойы
өтеді. Ат шабысы, қыз қуу болады. Жайлауда балалар гүл тереді,
көбелек қуады, суға шомылады. Бірақ бұл қызықты мезгіл де тез өте
шығады. Жайлаудан кейін ел күзеуге келіп қонады. Қар түскен соң
қыстауға көшеді.
-слайдтар. Жайлау көріністері.
-Сонымен, балалар, жайлау сөзін топтастырыңыздар.
Дәптермен жұмыс. 1-тапсырма:«Топтастыру» әдісі бойынша құрастырып, жұпта , топта талқылау арқылы орындайды.Оқушылар орындарынан тұрып ,оқып береді.
слайд.Мәтіннің авторымен танысу.Автор туралы мағлұмат беру.
Дәулет Қасенов
( 1937-1967)
Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туды.1961 жылы шыққан жас ақын жазушылардың « Жас дәурен» жинағына кірді.Дәулет Қасенов арқалы ақын, адалдықпен арды ту етіп көтерген азамат.
слайд.Мағынаны тану.
-Балалар,мәтінді 2 бөлімге бөліп оқимыз.Әр топ сол бөлім мазмұнын өзара талдап,бір оқушыдан тұрып айтыңыздар.
Мәтінді «Түртіп алу» әдісі бойынша тізбектей оқып, балалар жай қарындашпен түсініксіз сөздерді түртіп алады.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Сұрақтар:
- Мәтінді қандай бөліктерге бөлуге болады?
- Құрмаштың бойында кездесетін жақсы қасиеттерді ата.
- Жұмаштың бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттері туралы не айтасың?
Дәптермен жұмыс:
2-тапсырма:Жұмаштың сұрағы:Жайлаудың күні әртүрлі болады екен.Кейбір күндері қысқа,кей күні ұзақ.Бүгінгі күн неліктен ұзақ болды?
слайд. Сергіту сәті: Ән «Қошақаным қайда екен?»
Жазда апамның аулына Ақ маңдайлы ай ма екен,
Барып едім қыдырып. Шекер ме екен, бал ма екен?
Бір қошақан алдымнан Кеттім оны сағынып,
Шықты ойнақтап, жүгіріп. Қошақаным қайда екен?
С. Асанов
слайд.Шығармашылық тапсырма.
1 - топ “Егер мен Жұмаш болсам” (эссе жазу).
2 – топ Еңбек, уақыт, еріншектік, жалқаулық туралы мақалдар айту.
слайд.Бекіту . «Үстық орындық». Сұрақ тапсырмалар арқылы.
1.
2.
3.
4.
5.
слайд.Ойтолғаныс. «Бес саусақ»
Бас бармақ- Не түсіндіңдер?
Балаң үйрек-Мақсатқа жету үшін қандай жұмыс түрлерін жасадыңдар?
Ортан терек-Достарына қандай көмек көрсеттіңдер?
Шылдыр шүмек-Кімнің жауабы ұнады?
Кішкене бөбек-Сабақ үстінде қандай сезімде болдыңдар?
слайд. Үйге тапсырма. Мәтінге 6- бөлімді жоспар құру.88-бет.
слайд .Бағалау. Бағалау парақпен
слайд. Назарларыңызға рахмет!
Бағалау парақшасы
|
Оқушының аты- жөні |
Үй тапсырмасын тексеру |
Үй тапсырмасын бекіту |
Топтастыру |
Мәтінмен жұмыс |
Сұрақтар |
Дәптермен жұмыс |
Шығармашылық жұмыс |
Бекіту. Үстық орындық |
Қорытынды |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген