400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Д.Қонаевтің қызметі және қол жеткізен жетістіктері. Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні оқытушыларына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат.

Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» Н. Ә. Назарбаев

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:

Д.Қонаевтің қызметі және қол жеткізен жетістіктері.

№3 Байзақ колледжі

Күні:


Оқытушы:Ержан Әлішер Ержанұлы

Топ:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

- Студенттер қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы толықтай түсінік алады, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасайды.

- Студенттерхалқымыздың елін қорғаған ерлердің ерлігі арқылы тарихқа деген қызығушылығы артады, тың мәліметтер алу арқылы ой-өрістері дамиды.

- СтуденттерҰлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі етеді,студенттер бойларына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп өседі.

Сабақтың мақсаттары

Барлық студенттер: Жаңа тақырыппен танысады, тақырыптың маңыздылығынтүсінеді.

Студенттердің басым бөлігі: Өзара пікір алмасады,өз ойларын еркін түрде жеткізеді.

Кейбір студенттер: Тақырыпты бүгінгі күнмен байланыстырады және салыстырады,тұжырымдайды.

Тілдік мақсат

Студенттер: Тақырыпқа байланысты термин сөздермен жұмыс жасайды

Негізгі сөздер мен тіркестер:Д.Қонаев,«Ғасырдың дара перзенті»,Социалистік Еңбек Ері, дара тұлға.

Топтағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: Тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап береді

Сіз неліктен екенін айта аласыз ба? Тақырып бойынша пікір-алмасады

Жазылым бойынша ұсыныстар: стикер.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау.

Пәнаралық байланыс

Саясаттану, қоғамтану

Алдыңғы оқу


1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды.1985 жылы 23 сөуірде КОКП Орталық комитетінің пленумы болды. Пленумда М. С. Горбачев баяндама жасап, социалистік қоғамды дамытудың жаңа міндеттерін белгіледі.М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру.

Жоспар:

Студенттерге жаңа тақырып бойынша түсінік алады. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы


Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

1.М.С.Горбачевтың билікке келуі және қайта құру кезеңі

2.1985 жылғы 25 сәуірдегі КОКП-ның пленумы

3.1990 жылдың 25 қазанында болған жағдай?

4.1991 жыл тамыз ?

5.Қайта құру кезеңіндегі экономикалық және саяси өзгерістер?

Жоспар

1. «Қонаев – ұлы тұлға»

2. Д.Қонаевтің қызметі және қол жеткізен жетістіктері.

3. Қонаев туралы пікірлер.

1.Тақырыпқа байланысты студенттерге сұрақтар қойылады

2. Тақырыпқа байланысты видео көрсетіледі.

Слайд, бейнефильм.


Ортасы

«Тақырыпты біз былай түсінеміз


































Аяқталуы



Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қоямын, олардың пікірін тыңдау.


Д.А.Қонаев туралы пікірлер.

1)Д. А. Қонаев Қазақстан тарихында ірі тұлға болып қалары даусыз. Н.Назарбаев.

2)Д.А.Қонаев өз халқының көрнекті,адал перзенті бола білген адам..Ондай адамдар тарихта көп болғанымен,әрқайсысы қайталанбас жеке тұлға. А. Асқаров.

3) Өтен кеткен бұл фәниден сан алып,

Тарих үшін емес олда жаңалық.

Дінмұхамед – Қонаевтың жай аты,

Шын аты оның Мейірім мен Даналық. Н.Қашағанұлы.

4) "Жұрттың ішіне пышақ айналмайды, Қонаевтың ішінде ерттеулі ат айналып жүре береді".

Ыбырай Жақаев, "Өмір жолы" кітабынан

5) "Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым, Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО - ның сирек кездесетін тұлғасы".

Дуайт Эйзенхауэр, АҚШ - тың 34 - президенті, 1960 жыл

6) "Дінмұхамед — нағыз дос деген сөз!"

Шәкен Айманов, кинорежиссер

7) "Жаратушы о бастан - ақ біздің әулетіміздің бар бақытын, бар байлығын, бар білім - парасатын, бар билік - мансабын, тіпті сұлу да тіп - тік, бойды да жинап - теріп Димекеңе берген. Соған шүкір дейміз!" Асқар Қонаев, академик

8) "Мейірім - шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық — қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев. Бізде екі ұқсастық бар екен. Бірі — қарапайымдылықтарыңыз қалай аумаса; жасыл желекке оранған Алматы біздің Кашмирмен егіздің сыңарындай ма деп қалдым. Ғажап!"

Джавахарлал Неру


Студенттерге сұрақтар қойылады.

1. Д.А.Қонаевтың туған жылы ,айы? 1912 жыл 12 қаңтар.

2.Д.А.Қонаев қай қалада дүниеге келген? Алматы қаласы.

3. Д.А.Қонаевтың зайыбының есімі кім? Зухра Шәріпқызы.

4.Д.А.Қонаев қанша жасында қайтыс болды? 82 жасқа қараған шағында.

5.Қонаевтың алғашқы бітірген оқу орны? 1936 жылы Мәскеудегі Түсті металдар және алтын институтын бітірген.


Халқымыздың біртуар азаматы Д. А. Қонаевтың есімі жылдар өтсе де, әр қазақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Бұл күндері Қазақстанның әр қаласында Димекеңнің атымен аталатын көшелер, мектептер, жоғарғы оқу орындары көптеп кездеседі. Дінмұхамед атымен аталатын жас ұрпақ та желкілдеп өсіп келеді. Олар, сірә, Димаш атасын, оның ғибратты өмірін ұмыта алар ма екен? Иә, қазақ халқы бар жерде Димекеңнің есімі ұмытыла қоймас. Елдің мәңгі есіндесіз, қазақтың асыл перзенті, Димаш ата!

Кітап, слайд.бейнефильм.

Рефлекция


«Басбармақ» әдісі арқылы бағалаймын


Бағалау


Қосымша сұрақтар қою арқылы бағалаймын.


Үй тапсырмасы

Д.Қонаевтің қызметі және қол жеткізен жетістіктері - оқу, түсінік айту.Реферат жазу




Дінмұхамед атамызды ел көзі тірісінде – ақ құрмет тұтып, Димаш атап кеткен. Д.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін,1931 жылы Қазақстан өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеу түсті металлургия институтына оқуға жібереді.1936 жылы институтты ойдағыдай бітіріп,тау кен инженері мамандығын алған Д.А. Қонаев Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып,онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болады. Он бес одақтастас республиканы Мәскеу басқарып тұрған қиын да күрделі заманда, Қонаев атамыз Қазақстанды жиырма жеті жыл бойы басқарған. Әділетті, турашыл, қарапайым басшы болды. Ол кісінің алдына елдің бәрі кіріп, жұмысын айтып шыға алатын. Қонаев басқарып тұрған кезде Қазақстан он бес одақтас республиканың ішінде екінші орында тұрды. Бірінші – Ресей, екінші Украина мен Қазақстан қатар тұрды. Бұл Қонаевтың Қазақстан үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін көрсетеді.

Еңбек жолдары

1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау - кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937 - 1939

жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау

станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.

1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.

1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.

1942 - 1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды.

1955 - 1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.

1960 - 1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел басқарып тұрған кезде Қазақстанда қырықтан аса қала салынды. Ол қалалардың бәрінде атамыздың айрықша еңбегі болды. Міне, осы істердің бәрі Қонаев атамыздың «Ұлы тұлға» екеніне жеткілікті дәлел бола алады.

Өзі өмір сүрген күрделі уақыттың адал перзенті бола білген абзал азамат 1993 жылы тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

Д.Қонаевтың қалдырған нақыл сөздері

1.Адамның жақсы атынан гөрі,жаман атына қаңқу сөз үйір келеді.

2. Орынсыз жазғырудан жаның күйгенде,жан таппайды екенсің.

3.Әр заманың өз әні, өз сәні бар.

4.«Биікке шықтым,бірақ халқымнан аласа екенімді ұмытпадым».




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
1003
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі