«Арман»
шағын орталығы тобындағы
ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі
Өткізу
күні:
28.02.19ж.
Тәрбиеші:
Асылбекова
ж.с.
Білім
беру саласы:
«Коммуникация»
Пән:
Драма
Өтпелі
тақырып:
«Жер - Ана»
Тақырыбы:
«Ақылды
лақ» ертегі
Мақсаттары:
Тәрбиелік:Әр
кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай
білуге тәрбиелеу..
Дамытушылық:Сөздерді
анық айтуға дағдыландыру,есте сақтау
қабілетін дамыту. Оқыту:Кейіпкерлердің
айқын бейнесін көрсете білуге және кіші
қойылымдарды сахнаауды үйрету.
.
Педагогикалық
технологиялар:ойын
технологиясы, денсаулық сақтау.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: тақырыптық
суреттер, «Ақылды лақ» ертегісінін
кейіпкерлері.
Билингвалдық
компонент (ортаңғы тобы
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық
кезеңі:
-Балалар,
үй жануарларына нелер жатады?
Мына
жайлаудағы суретке қараңдаршы. Үй
жануарлары төлімен жайылып жүр, осы үй
жануарларының төлдерін атайық.
-Жарайсыңдар
балалар.
Мен
сендерге өлең жолдарын оқимын, ал сендер
қай төл туралы сөз болғанын айтыңдар.
Шөре,
шөре, лағым,
Тентек
бома, шырағым.
Секеңдемей
деміңді ал,
Селтеңдемей
құлағың, - деп неге айтамыз?
2.
Негізі бөлімі:
-Ендеше
мен үй жануарының бірі «Ақылды лақ»
туралы ертегі оқып берейін.
«Ақылды
лақ» ертегісін мәнерлеп оқу.
Ертеде
бір бұзау, бір лақ, бір тоқты ел көшкенде
ойнап жүріп байқаусызда жұртта қалыпты.
Үшеуі тірнектеп жүріп, қос тұрғызып
алыпты. Қосы бір бұлақтың басында екен,
оның қасында зәулім бәйтерек өсіп
тұрыпты. Бұлардың айдалада иен қалғанын
естіп, бір тойып алайын деген ниетпен
аю іздеп келіпті. Лақ қорбаңдап келе
жатқан аюды көреді де, алдынан жүгіріп
шығып қарсы алыпты. Лақ аюды өзінің
үйіне кірзізіп, төрге шығарады. Лақ:
-Аю
ағамыз келіп қалған екен, не тамақ
береміз, -деп сұрайды тоқтыдан.
Сонда
ақ лақ төрден дауысын көтеріңкіреп:
-Басқа
аюдың басын ас, соңғы аюдың төсін ас,
дым болмаса осы аюдың өзін сой, барлық
етін түгел ас, - депті.
Мұны
естіп отырған аю:
-Бұлар
аюдың етін жейді екен ғой, -деп орнынан
тұра қашыпты. Қашып бара жатқан аюдың
алдынан қасқыр кездесе кетеді екен.
Аюдың
қылығына таңданған қасқыр:
-О,
аюжан, неден қашып келесің, сонша аптығып?
– деп сұрайды қасқыр.
Аю:
-Мына
белдің арғы жағасында, бұлақтың жанында
бұзау, тоқты, лақ тұрады. Соларды байқап
көрейін деп барып едім, өзімді жеймін
деген соң зорға қашып, құтылдым.
Қасқыр:
-Қой
әрі. (Аюдың сөзіне күледі).
Аю:
-Бір
аюдың басын, бір аюдың төсін жейміз деп
дауласып жатқанда мен қаша
жөнелдім.
Қасқыр:
-Ендеше
жүр, екеуміз бірге барайық, үшеуінде
қоршап алып, тең бөліп жейік.
Аю:
-Жоқ,
мен бармаймын. Өзің-ақ бара бер.
Сол
арада қасқыр жіп тауып алады да, бір
ұшын аюдың мойнына, бір ұшын өзінің
мойнына байлайды. Сөйтіп аюды зорлықпен
алып жүреді.
Аюды
жетелеген қасқыр, тартыса-тартыса қосқа
жақындағанда, лағы жүгіріп сыртқа
шығады.
Лақ:
-О,
қасеке біз үшеуміз, ол аюға тоймаймыз
деп, - айғалайды.
Бұл
сөзді естіген аю, бұрынғыдан бетер
шошып, кері қарай қаша жөнеледі.
Қасқыр
жіпке буынып, қылқынып қалады. Бір жерге
келгенде аю жіпті үзіп, тастап кетеді.
Ес түсінен айырылып, әлсіреп жатқан
қасқырға, дала кезіп жүрген тағы бір
қасқыр былай дейді:
-О,
досым, неғып жатырсың, - дейді.
Есін
жиған қасқыр:
-Неғып
жатушы едім, аюдың ақмақтығынан өлгелі
жатырмын. Мені аю сүйретіп, жығып кетті,
-деп басынан кешкен оқиғасын айтып
береді.
-Онда
өзіміз-ақ барайық. Сонымен екі қасқыр
қосқа қайта барады. Бұларға қолданар
шарасы таусылған бұзау, тоқты, лақ үшеуі
бәйтерекке шығып алады. Лақ бас жағынан,
тоқты ортасынан, бұзау олардан төменірек
орналасады. Бәйтеректің түбіне келген
соң, әлгі жолдан қосылған қасқыр, кел
екеуміз, мына ағаштарды ырғайық. Аналар
алма құсап, жерге төгіледі, - деп ағаш
астына дайындалып тұрғанда, бұзау отырға
бұтақ сынып кетеді де, жерге топ ете
түседі. Содан сестеніп тұрған қасқырдың
бел омыртқасы үзіліп кетіпті. Бұдан
кейін аю қылқындырып кеткен қасқыр
қорқып, өз бетімен қаша жөнеліпті. Сөйтіп
бұзау, тоқты, лақ ажалдан аман қалыпты.
Күзде ескі жұртына көшіп келген иесі,
аман-есен жайылып жүрген малын тауып
алыпты.
Сұрақ-жауап
арқылы ертегі мазмұны не жайлы екенін
білу.
-Ертегі
қалай аталады?
-Ертегі
ұнады ма?
-Ел
көшкөнде қандай төлдер қалып қояды?
-Олар
не істеді?
Сергіту
сәті:.
Дидактикалық
ойын: «Төлдердің дыбысын келтір»
Мақсаты:
Қай жануар, қалай дыбысталатынын
анықтау.
-Балалар,
енді осы «Ақылды лақ» ертегісін
кезек-кезек айтамыз.
-3.Қорытынды:Балалар,
сендерге бүгінгі сабақ ұнады
ма?
-Жарайсыңдар,
балалар. Сендер бүгін сабаққа жақсы
қатыстыңдар. Ертегіні де жақсы құрап
айтып бердіңдер. Әрқашан білімді, ақылды
болыңдар.